Тәрбие сағаты «Алтын жүректі анамыз» Сабақтың мақсаты


Ата-аналарға сұрақ қою арқылы ойларын білу



бет7/7
Дата26.01.2022
өлшемі115,5 Kb.
#114908
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тәрбие сағаты 2020-2021

Ата-аналарға сұрақ қою арқылы ойларын білу.

  1. Сіз балаңыздың мінез-құлқының өзгергенін бірнеше рет байқадыңыз, не істейсіз?

  2. Балаңыз сізбен жиі сырласа ма ? (қыз,ұл)

  3. Балаңызда қандай жақсы қасиеттердің болғанын қалар едіңіз? Ол үшін сіз не істедіңіз?

  4. Балаңыз жаман әдеттерге бой алдырғанын байқасаңыз қандай ақыл-кеңес бересіз?

  5. Балаңыздың сізді тыңдамаған кезі болды ма, неліктен?

  6. Сіз балаңызға күнделікті көңіл бөлесіз бе? Қанша уақыт бөлесіз?

  7. Балаңыздың араласатын достарын білесіз бе?

Тәрбие – педагогикалық өмір құбылысы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыру барысындағы күрделі, мақсатты, жоспарлы, бір мезгілде қайшылықты процесс, ждәне ол отбасы, мектепке дейінгі мекеме, мектеп арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбие беру тек қана педагогтардың ғана міндеті емес, бұл әрбір отбасының және барлық ересектердің айналысатын ісі. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.

«Өзін-өзі тану» - баланы өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуға, өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. «Өзіңді таны» деп қысқа ғана айтып кеткен гректің ұлы философы Платонның нақыл сөзі кім-кімді болса да ойландыруы тиіс. Өйткені адам, адам болып дүние есігін ашқаннан, бұл дүниеден озғанша өзін-өзі тануы керек. Өзін таныған өзгені де тани алады, түсіне де алады, қабылдай да алады. Өзін-өзі тану баршамызға қатысты: балаға да, ата-анаға да, мұғалімге де, жалпы барлық адамдарға да. Өзін-өзі тану дегеніміз – адамның өзін-өзі тәрбиелеуі. Бұл үздіксіз жүретін процесс. Өзіңді-өзің тәрбиелеу арқылы мінезіңдегі жағымсыз қасиеттерден арылуға болады. Ұлы Абай «Егер менің қолымда закон болса мен адам мінезін өзгертуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деп бекер айтпаған. Жағымсыз, келеңсіз мінезді өзгертуге болады, бірақ оны ешкім өзгертпейді, тек сол адамның өзі ғана өзгерте алады.

Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық - адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, оларды адами ізгі қатынастарға үйретуде «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы ерекше. Бұл пән ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен салыстыруға жетелейді.

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы – адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет», - деп Сара Алпысқызы айтып өткендей ұрпақ тәрбиесіне әсте немқұрайлы қарауға болмайды. Баланы жас кезінен бастап, өзі қызығатын пәндерге даярлап, білім-білігін тереңдетуге барынша жағдай жасау ата-ананың міндеті.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы өмірінен бастап ата-ана өзінің негізгі борыштары – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп, өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, қатарға қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады:



  1. Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау;

  2. Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл-күйін көтеру;

  3. Ата-ананың өзін-өзі ұстай білуі, бақылай білуі;

  4. Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысуы;

  5. Баланың тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ойы мен паймдауларына көңіл бөлу;

  6. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу;

  7. Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік, эстетикалық қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу;

  8. Оның шығармашылық қабілетін, ақыл-ойын, сезімталдығын бағалай білу;

  9. Оның талап-тілегіне тежеу жасамай еркіндік беріп, дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай білу.

Білімсіз адам өмір сүре береді, ал тәрбиесіз адам өмір сүре алмайды. Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өмір сүруге машықтануүшін аса үлкен тәрбие керек. Сәби нені біледі деп немқұрайлы ойлағандықтан қателесіп жүрген жағдайымыз да аз емес. Нәресте сөйлей алмаса да түсінеді. Сондықтан оның қасында албаты келеңсіз жағдай жасауға, былапыт сөйлеуге, айқай-шу көтеруге болмайды.

Әр ата-ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Баланы жақсы адам болдыру үшін оның негізін ата-ана өзі қалауға тиіс. Ол үшін өздері арасынан сыпай қатынасып мәдениеттілік танытуымен қатар, оғаш мінез шығармауы қажет. «балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі»- деген аталы сөз осыдан қалған.

Баланы ұрып-соғып, қорқытып тәрбиелеу дұрыс емес. Бұл жақсы тәрбие болмайды, керісінше бұл бала қатігез немесе қорқақ болып өсуі мүмкін. Сондай-ақ баланы шектен тыс еркелететін ата-аналарда жиі кездеседі. Еркеліктің де жөні бар. Көп еркелеткен бала өз білермендігімен кетеді де, әрі әке-шешесінің тілін ала бермейтіндігі кездеседі. Қандай да бір жағдайға төзімсіз оспадар болып кететіндері де бар.

Соңғы тыныштық сәті:



Енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды, естеріңізге түсіріп көріңіздер. Ол өздеріңізбен бірге қалуы үшін жүректеріңізге сақтап, балаларымызға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік сезімдерімізді алақанға салып, барша әлемге сыйлайық.

Әке ақылы – бұлақ, Ана ақылы – шырақ, Аға ақылы – көмек, Іні ақылы – демеу, Бала ақылы – ұшқын, Өз ақылың басыңда, Іздегіш болсаң қасыңда, -дей отырып бүгінгі сабағымды аяқтаймын. Әр күндеріңіз нұрлы да шуақты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет