Көрініс: «Қарттар үйі»
Оқушы:Сүйсінер ісің көп болса,
Батаға жарып өсесің
- Көп жаса, балам!- дегізсең
Қарттыққа сен көшесің
Жер бастырмай баласын,
Желкесіне мінгізген.
Өсіріп ар-намысын
Ата-аналығын білгізген
Оқушы:«Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке.
Үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!»
Өздеріңізге арналған ән - жырымызды қабыл алыңыздар
Ән:
«Қошақан»
Оқушы:Не деген керім еді, керім еді
Не біледі, осы ел не тіледі?
Бабалардың данасы қариялар,
Сиреп бара жатқандай көрінеді
«Қарттар үйінен көрініс»
Жүргізуші:Жүз дейміз – ау!
Сөз болып па со – дағы!
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма?
Қария ол
Қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы – деп жерлес ақынымыз Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі бақи біздің жүрегімізде жүреді. Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес, көпті көрген басы үшін құрмет тұтуымыз қажет.
- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.
Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет, келесі жүздескенше сау - саламат болың.
Достарыңызбен бөлісу: |