Тақырыбы: «Қызыл кітап-дабыл белгісі!»
Мақсаты: негізгі мемлекеттік құжат болып табылатын Қазақстан Республикасының қызыл кітабы жайлы, Республика аумағында жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің жағдайы, оларды зерттеу, қорғау туралы мәліметтерімен оқушыларды таныстыру.
Көрнекілігі: слайд, видеоролик
Мұғалім: Қайырлы күн оқушылар!
Табиғат – топырақ, су, ауа, барлық тірі организмдер мен қоршаған орта. Біз бүгін сол қоршаған ортаны қорғау мәселесіне байланысты, қызыл кітап ізімен саяхатқа шығып елімізде сирек кездесетін жан-жануарлар, өсімдіктер туралы кеңінен әңгімелекпіз.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында адамзат алдында өсімдіктер мен жануарларды қорғау туралы тікелей мәселе қозғалып және дүние жүзінде және мемлекетімізде сирек кездесетін, осыдан кейін комиссия құрылып, жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер туралы халықаралық және мемлекеттік «Қызыл кітаптар жазылды». Ал 1978 жылы қантар айында Қазақстан үкіметі «Қызыл кітапты» бекітті.
Енді осы құжат жайлы не білеміз?
1 оқушы: Қызыл кітап – өз алдына кітап! Оның қызыл мүқабасы жануарлар мен өсімдіктерге төніп келе жатқан апаттан сақтандыру дабылы сияқты. «Қызыл кітаптың» парақтарының түсі де алуан турлі – қызыл, ақ, жасыл және сары. Оның қызыл түсті парақтарына арнайы шаралар қолданбаса, жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнген аңдар мен құстардың түрлері, ақ түсті парақтарға тікелей жойылып кету қаупі төніп тұрмаса да саны азайған немесе белгілі бір шектеулі аймақта ғана сақталып қалған сирек кездесетін түрлері жазылады.
Сары түсті парақтарға әлі де тіршілік ету мөлшері жеткілікті болғанымен, саны күрт азайып бара жатқан жануарлар жазылды.
2 оқушы: «Қызыл кітап», Қ. Мырзалиев.
Қызыл кітап,
Мезгелсіз кеткендердің
Бастарына қойылған
Қызыл шырақ!
Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутандайды адамға түзде мын көз.
Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез!
Қашқан кезде адамнан ізін қандап.
Тау ешкісі өтеді құзынды аңдап!
Қызыл кітап –
Тірі жан тимесін деп,
Хайуанатқа берілген қызыл мандат.
Баяғыдай көбінің халы бірақ –
Мойындарын үзеді әлі бұрап.
Қызыл кітап –
Бұл өзі қызық кітап,
Тысы жұқа
Астары қалыңырақ.
Мұғалім: Табиғатты қорғау мәселесіне қазақ халқы ертеден-ақ ерекше мән берген. Күнделікті тұрмыс-тіршілігінде табиғаттың жанда, жансыз туындыларына қиянат көрсетуге үнемі қарсы тұрып «обал, сауап» деген ұғымдарды ұрпағына ұлағат етіп қалдырған. Жайқалған жасыл желек те, сылдырап аққан бұлақ та, айдын-шалқар көлдер де, жан- жануарлар мен өсімдіктер де өзін-өзі қорғай алмайды.
Табиғатты аялап, оған қорғанышы болу үшін не істеу керек?
3 оқушы: Табиғатты аялау керек. Пайдаланған әр түрлі заттарды лақтырмау керек. Табиғатта дем алғанда, қалған қоқыстарды көміп, жанған отты сөндіріп, айналаны жинап кетсек, бұл біздің табиғатқа көрсеткен бір көмегіміз.
Мұғалім: Адам ежелден-ақ өз мүддесі үшін табиғат байлығын мейлінше пайдаланып келді. Адам сәнді де, жылы киіну үшін терісі бағалы андарды есепсіз ауласа, дәмді еті мен майын азық ету үшін сансыз көп аң-құстарды жер бетінен жойып жіберді. Алайда, табиғатқа жаны ашитын көптеген жанкүйерлер табылып,планетамыздағы жануарлар мен өсімдіктерді қорғап қалудың барлық шараларын ойластыра бастады. Сөйтіп, дүниеде «Қызыл кітап» пайда болды, оның атын алғаш ұсынған Англиядағы белгілі капитан Роберт Скоттың баласы Питер Скотт еді. «Қызыл кітап» жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы заң емес, жануартанушы ғалымдардың, табиғатты зерттеушілердің, табиғат жанашырларының дәлелдеген іс-тәжірибесі негізінде қоршаған ортаны қорғау туралы жасаған іс-әрекеттері.
4 оқушы: 1978 жылы Қазақстанның қызыл кітабына сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар сүт қоректілердің 31-і, құстардың 43-і, бауырымен жорғалаушылардың 8-і, қосмекенділердің 1 және балықтардың 4 түрі тіркелген еді. Қазір бұл мәліметтер жылдан-жылға өсіп келеді. Алғышқы «Қызыл кітап» 1966 жылы жарық көрді. Оның І томы – сүт қоректілерге, ІІ томы – құстарға, ІІІ томы – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларға арналды.
Мұғалім: Барлығымыз табиғатты қорғайық, аялайық!