Қыз жасауының басты бөлігі- құрақ көрпе
Қазақта өмірге қыз бала келгеннен бастап қыз жасауын жинауды бастайды. Атам қазақ «алты жасынан жинасаң асады, жеті жасынан жинасаң жетеді» демекші бүгін біз сіздергеқазақ қызының жасауының ең басты бөлігі көрпе-жастығына тоқталмақпыз.
Қазіргі кезде қыздың жасауына оюлы, сырылған көрпелерді арнайы тапсырыспен тіккізеді.Қолдың көрпесінің дүкеннің көрпесінен бірнеше айырмашылығы бар, атап айтар болсақ қазақ қол шеберлері кез-келген құрақ көрпенің ең бірінші қандай мақсатқа арналғанына назар аударады. Мысалы, қыз жасауы болса ондағы ою-өрнек қыздың өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі туған ұясы туралы мәлімет беруі керек. Әрбір ана осы көрпелердегі ою-өрнек арқылы өзінің сүйікті қызына жүрегінің бір бөлшегін бөліп бергендей еңбектенеді. Сонымен қатар, қолдың көрпесі дүкен көрпесінен жылығымен, ішіне салған салмасының жылжымай қапсырылып тігілуімен, ұзақ уақытта жарамдылығымен бағаланады.
Бүгін біз сіздерді жоғарыда айтып кеткен талаптарға сай көрпе тігудің бір шебері, Жеңісгүл Даулетованың жұмыстарымен таныстырғымыз келеді. Жеңісгүлдің жасаған көрпе-жастықтары ерекше маңызға ие. Таңдалған маталары, салатын ою-өрнегі, ішкі салма материалдары табиғилығымен, ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Жеңісгүлдің көрпелері әр жас жанұяға тату отбасылық пен жинақы тірліктің үлгісіндей, ұлттық брэндіндей әсер қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |