Тәрбие сағаты Өткізген:«Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі:Өткелбаева Айгүл



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі20,39 Kb.
#88978
1   2
Байланысты:
табигатты аяла да багала озгертлгени

II.Негізгі бөлім.
Тәрбие сағатының құрылымымен таныстыру.
1.Балалардың әдеби монтажы
2.Сергіту сәті
3.Миға шабуыл
4.Әзілханова Дильназ «Табиғат»биі
5.Мұхамбетқали Раида «Жас балапан»әні
6.«Табиғатымызды қоқыстан қорғайық!»бейнеролик

III.Қорытынды бөлім.


1.Қазылар алқасының қорытындысы.
2.Қатысқан оқушыларды аудандық оқушылар үйінің алғыс хаттарымен марапаттау.

«Жас эколог»үйірмесінің жетекшісі: А.Өткелбаева

«Табиғатты аяла да,бағала» атты тәрбие сағатының
Сценарийі
Тәрбие сағатының ашылуы
Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! «Табиғатты аяла да,бағала!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Аудандық оқушылар үйінің директорының уақытша міндетін атқарушы:И.Әбдібекова
2.Аудандық оқушылар үйінің әдіскері :А.Әбдіреева
3.«Болашақ»бірлестігінің жетекшісі:Ж.Омарова
4.Аудандық оқушылар үйінің психологы:М.Аяшова
Олай болса тәрбие сағатымыздың ашылуына оқушыларымыз әдеби монтаж дайындаған болатын.Соны қабыл алыңыздар!
Келесі кезекте Сергіту сәтін орындайық.
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты аяла да,бағала» деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.


« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық.Табиғат –бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…
Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?
Оқушылар су жайында пікірталас туғызады
Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.
Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?
Олай болса ойын ойнайық.Ол ойынымыздың ережесі:мен қатысамын деген 4оқушы шығып ауласындағы өсімдіктің суретін саламыз (мұғалім оқушылардың көзін жұмып қояды.)
Ортада Әзілханова Дилназ «Табиғат» биі
-Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді екен.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
1оқушы:Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.
2оқушы:Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. 
3оқушы: Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Қарлығаш әдеміліктің де символы.
Ортада Мұхамбетқали Раида «Жас балапан»әні
Мұғалім: Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біздің «Табиғатты қорғайық»деген тақырыбымыздағы бейнероликті тамашалайық!Көріп болған соң,оқушылар «Табиғатты калай қорғаймыз?»деген сұраққа жауап табады.
Қортындылау кезеңі:Оқушылар тәрбие сағатының соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет