Тәрбие сағаты Тақырыбы: Кітап өмірді дұрыс тануға үйретеді


«Ең көп кітап оқитын отбасы»



бет2/3
Дата01.12.2022
өлшемі21,27 Kb.
#160812
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
кітап

«Ең көп кітап оқитын отбасы» Ақтөбеде ең көп кітап оқитын отбасы анықталған екен. Ерлан Сақтағановтың отбасы өткен сегіз айда 30-ға жуық кітапты оқып шыққан. Бұл отбасыда бес бала өсіп келеді. Қарт кісілер де бар. Ең көп кітап оқитын оқырмандарын Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері отбасы күнімен құттықтап барды. Көп балалы отбасы кітапхана қорымен 2013 жылдан бері таныс. Балаларын анасы Кенже Сақтағанова кітапханаға өзі алғаш рет жетектеп алып барған. Содан бері кітап оқу дәстүрге айналған. Балалар сабақ оқып болған соң міндетті түрде бастаған кітаптың бір-екі бетіне көз жүгіртіп өтеді.
Видеоны көрсету, талқылау.
Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты. 
Немістің ұлы ақыны Гете: «Көкірегі ашық адам оқи білуді үйренудің қаншалықты қиын екенің біледі, мен бұған сексен жыл өмірімді арнадым, бірақ әлі кітап оқуды толық үйрендім деп айта алмаймын» деген екен. Балаға отбасында кітап оқуды үйретудің мынадай алғы шарттары бар екен.
1. Кітаптың құдіретін ұғындыру. Оны жыртпауға, тік отырып оқуға үйрету. Авторының кім, не жайында, қай жылы, қайдан шыққаны туралы білуі шарт.
2. Кітапты түсінбей құр оқудан сақтандыру керек, талғап оқуға, оған көз - қарасын білдіре алуға, қысқаша фабула жазуға үйрету. Фабула - баяндалатын оқиғалар желісінің қысқаша мазмұны.
3. Оқыған кітабының ішінде түсінбеген сөзді не мақал - мәтелдерді, не дәйек сөздерді теріп жазып алуға арнайы дәптер аштыру керек. Осыдан келіп ол баланың еңбек етуге құлшынысы туады, зейіні артады, талғамы өседі, көп оқуға тырысады, сөздік қоры молаяды. Кітап оқуға қызығушылық ерте балалық жастан қаланады және осы жерде көбі ата - анаға байланысты болады. Отбасы баланың тұлғасын дамытуға ортасы болып табылады, оқуға деген қажеттілік, қызығушылық пен сүйіспеншілік қалыптасады. Сондықтан баланы уақытында оқуға үйретіп қана қоймай, оны оқуды жақсы көруге ұмтылдыра білуіміз керек. «Өзіңді - өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшін де кітап керек» депті атақты авар ақыны Р. Гамзатов. Адам айнаға қарап, бет - жүзіндегі өзгерістерді көретіні сияқты кітап арқылы да жаңа әлемді таниды. Басқа бір елдің, қоғамдық міндетін, тілін, дінін, тұрмысын, салт - дәстүрін біледі. Кітап - рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» - деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.
Өкінішке орай, қазіргі кезде көптеген отбасында көркем әдебиетке деген қызығушылық азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес.
«Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан оқушылар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес». Серке Қожамқұлов. 
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай Құнанбаев. 
«Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» Лев Толстой. 
«Кітап дегеніміз – біздің заманымыздың өмірі» В. Белинский 
**Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.
**Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап.
**Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол
кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз
ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс
бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.
**Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.
**Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.
**-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана.
**- Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет.
«Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан оқушылар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес». Серке Қожамқұлов. 
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай Құнанбаев. 
«Жақсы кітап оқу ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» Лев Толстой. 
«Кітап дегеніміз – біздің заманымыздың өмірі» В. Белинский 
Жақсы жазатын қаламгердің шығармасы оқылып қана қалмайды, одан қалса, сізді жақсы сөйлеуге үйретеді.
Кітап оқыған жандар теледидар көретіндердің төбесінен қарап отырмақ…
Кітапты көп оқыған сайын соғұрлым еліктеу де азая түседі.
Адамдардың қатары екіге бөлінеді: кітап оқитындар мен кітап оқитындарды тыңдайтындар.
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи.
Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық.
Кітап оқудың 7 пайдасы.
1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. 
2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. 
3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. 
5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. 
7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет