Тәрбие сағаты: «Тұлғасы тұнған тәлім, Есімі елге мәлім- бауыржан Момышұлы»


-Келесі кезекті оқушылардың шығармашылығына берейік



бет2/3
Дата06.03.2023
өлшемі23,17 Kb.
#171309
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты 7д

-Келесі кезекті оқушылардың шығармашылығына берейік:
Ақниет:
Ел аузында аңыз болған есімі Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді Ерге лайық мінезі оның найзағай, Ақ боз атпен қол басы боп көсілді.
Қарақат:
Қызуқанды командир ол намысты, Жауға қарсы жан аямай алысты. Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың Батыр ата Бауыржандай арысты.
Көрініс:(Музыка ойнап тұрады, ортаға Бауыржан Момышұлы шығады) Бек:
Бауыржан: Оттан да оқтан да қорықпаған Бауыржан едім. Кейінгі кезде қорқынышым көбейіп барады. Балаларға бесік жырын айтатын келіндерімнің азайып бара жатқанынан қорқам, екінші, немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқам. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқам. Ал көрдің қолына балта берсең шаба салады, бақыр берсең ала салады, найза берсең, сұға салады, намыстанбай бұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықты айтып отырғам жоқ, тауып алған соқырлықты айтам. Егер ондай соқырлықтан жазылмасақ, халық болудан қаламыз ба деп қорқамын!
Б.Момышұлына арнау, қабыл алыңыздар!
Ерасыл:
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ «Бауыржан» Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,
Теңселтіп темір топан дүние жүзін.
Бетіне туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.
Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,
Атағы атын алып келді бұрын.
Үстінде туған елдің тұрды толқып,
«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.
Айгүл:
«Батырым - Бауыржаным» дейді халқым,
Алып ұш,ақын жүрек ердің даңқын.
Келешек келе жатыр көремін деп,
Тік басып туған жерде жүрген қалпын.
Ағамыз атағына асқар тау тең,
Жау келсе – жаубүйректей етер жәукем,
Емендей ерегісер сұрапылмен,
Басымен бұлтты жайпап біздің Баукен!
Үміт:
Айтайын ең алдымен қуанышты:
Қазақта ұл туғанмен талай күшті,
Жер жүзін тамсандырып Бауыржандай
Есімі қайсысының хатқа түсті?
Ауылдың қалды көбі аумағында...
Бауыржан «Катюшадай» лаулады да,
Өртеді фашистерді, сондықтан да
Таниды досы түгіл жау жағы да.
Фашисті бұл батырлар қырып-жойды,
Азамат болды істері абыройлы.
Құрметпен, сондықтан да, Бауыржанға
Жатырмыз алпыс жаста жасап тойды.
Шашуым осы-ақ болды тойға дайын.
Ел сүйген ерді мен де аймалайын!
Бауыржан, ата-анаңа алғыс айтып,
Советтен сені өсірген айналайын!

Мұғалім: Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп. Солардың бірегейін атасақ, "Қанмен жазылған кітап", "Ұшқан ұя", "Москва үшін шайқас", "Менің отбасым", "Майдандас достарым", "Генерал Панфилов", "Төлеген Тоқтаров", "Адам қайраты", "Артымызда Москва" Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады. Оның "Біздің отбасы", "Артымызда Москва", "Майдандағы кездесулер" сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.
Бауыржан Момышұлы жайында өлең, дастандар да, естелік мақалаларда, кітаптар да көп. Олар Александр Бектің, "Арпалыс", Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз", келіні Зейнеп Ахметованың "Шуақты күндер", ұлы Бақытжан Момышұлының "Жанымның жарық жұлдызы" және тағы басқа шығармалары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет