Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту – парызым!» Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық»



бет3/3
Дата12.09.2022
өлшемі33,23 Kb.
#149254
1   2   3
Байланысты:
Алғыс айту

«Не істеу керек (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.....(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін....(алу керек.)
- Үлкендерге.....(сәлем беру керек.)
- Кішілерге.....(қамқор болу керек.)
Енді ортаға ІІ кезең қатысушыларын шақырамыз.
- Сендерге берілетін тапсырма мынадай:
Кітап, дәптер, қаламы,
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Жасырылған сөз (Ұқыпты)
Ұқыпты екен бұл дейміз!
Ортада ІІІ кезең ойыншылары.
Тапсырмаларың мынадай:
Таудай биік талабы,
Сабағы жақсы баланы
Кім дейміз?
Жасырылған сөз (үлгілі)
Үлгілі екен бұл дейміз.

  • Жақсы,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік

Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді!
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әкелді!
Не деп барып жеу керек? (рахмет)

Естіледі айғай-шу.
Сенде шықтың, көршіңді
Қойып кеттің байқамай.
Не деу керек? (кешіріңіз)

Допты қудық, жарыстық.
Көшенің сол шетіңде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз бе?)
5. Миға шабуыл: Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – байлығы мен кеңдігі үшін, Отқа – жылулығы үшін. т.б.
* Оқушылар А4 қағазына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу. Қортындылау: – Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар Үйге тапсырма: Эссе жазу: «Рахмет, Анашым!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет