Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали»



Дата29.04.2022
өлшемі16,32 Kb.
#141394
Байланысты:
мұқағали


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақ поэзиясының Хан — Тәңірі – Мұқағали»


Тәрбие сағатының мақсаты:
Ақын өмірі мен өлеңдері туралы оқушылардың жан – жақты білуі.
Балаларды ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп, көркем оқуға дағдыландыру. Оқушыларды ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, тілін дамыту. Отанды елді сүюге, имандылыққа, өнерге деген құштарлық сезімін ояту.
Тәрбие сағатының көрнекіліктері:
М. Мақатаевтың суреті, ақындардың лебіздері, отбасының суреттер, естеліктер, талант туралы тағылымды ойлар, шарлар.

Тәрбие сағатының барысы:


1-жүргізуші 1. Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар мен қонақтар қасиетті Қарасаз жерінде туып, қанатын
қатайтып, қысқа ғұмырында өшпестей із мәңгілік мол мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақын Мұқағали атамызға арналған «Қазақ поэзиясының
Хан — Тәңірі — Мұқағали» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2. Мұқағали өмірі жайлы қысқаша мағлұмат.
1-жүргізуші:Биыл М. Мақатаевтың туғанына 84 жыл толады.
Ақын 1931жылы 9 — ақпанда Қарасаз ауылында дүниеге келді.
Ауылда мұғалім, диктор болып жұмыс істеді. Өмірінің соңына
дейін өлеңдер мен поэмалар жазып өшпес мұра қалдырды.

1- жүргізуші:Мұқағалидың азан шақырып қойған аты — Мұқамедқали.


Ақынның өзіде есейген шағында бұл есімнің қадір қасиетін
Түсініп, құжатқа Мұқағали есімін жаздырып алған.
М. Мақатаевты поэзияның төл басы деп атауға болады.

2-жүргізуші: Мұқағали үйінің тұңғышы болған. Ақынның 2 інісі Тоқтарбай мен Көрпеш бар. Мұқағали әжесі Тиынның қолында өскен.


Нұрғиса «Санаулы күн»

1-Жүргізуші:М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.


2-Жүргізуші:М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.

Арай: Үш бақытым


Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,


Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,


Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Сая: Сәби болғым келеді


Құс та болғым келмейді!
Қанатым бар. .
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуым бар, керекпе жылыныңдар.
Әлди болғым келеді, әлди болғым -
Күн сәулесі ойнақтап тұлымында,
Отыратын анасы құлынымдеп.
Қанаттанып өмірге ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ Ананың құшағында.
Tap бесігі - кең жаһан тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.-
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.

Дилнура: ғашықпын


Ғашықпын!


Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын.
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бүл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып

Нағима: поэзия


Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
Махаббаттан іздедім, сағыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан!
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан.
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!
1-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.
2-Жүргізуші :
Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі-Мұқағали» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет