Тәрбие сағатының тақырыбы: «Үштілділік-заман талабы»



Дата06.02.2022
өлшемі16,1 Kb.
#48384

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Үштілділік-заман талабы»


Тәрбие сағатының түрі: сайыс
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Тіл туралы білімізді кеңейту, мақал – мәтелдер арқылы танымдылық қабілетімізді шыңдау, сөздік қорымызды молайту
Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: тақырып, мақалдар жазылған плакаттар, шарлар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Біз «Тіл – достық тірегі» атты іс-шарамыз негізінде сайыс түрінде өтеді.
.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады.
Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,
Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.
Тілде олқылық бой алса, тым алысқа бармассың,
-Сонымен ойынымызды бастаймыз!
-Бүгінгі сайысымыз екі топ арасында өтеді. Олар: 5 сынып оқушылары мен 7 сынып оқушылары.Балалар 7 сынып сендер мыналарға кішкене жеңілдік жасап отырындар енді, олар кішентай ғой деп. Ал, сендер 5 сынып оларға берілмендер.
Сайыстың әділ-қазыларын сайлаймыз.
Екі топ өздеріне ат қояды.
Ойынның шартымен таныстыру:
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.
І кезең- Әр топ өздеріне берілген ұрандарын оқиды
Топтарының эмблемасын салады.
Әр әдемі әрі мағыналы эмблема үшін әділ-қазылар алқасы 5 ұпаймен бағалайды.
ІІ кезең- «Мақал –сөздің мәйегі» тақырыбына байланысты әр топқа 4 мақалдан беріледі. Сол мақалдарды құрастырады.
Әділ-қазылар өз бағаларын береді

  1. Өнер алды –қызыл тіл

  2. Отан отбасынан басталады

  3. Мектеп –кеме, Білім –теңіз

  4. Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.

  5. Ел іші – алтын бесік.

  6. Өз елім – өлең төсегім

ІІІ кезең- «Үштілділік –өмір талабы». Әр топ дорбадан бір сөзден алып орысша, қазақша, ағылшынша аударады. Әр дұрыс жауапқа әділ-қазылар 5 ұпаймен бағалайды (орысша айтып, ағылшанша айтпаса 2 ұпай деп бағалайды)
(адам, оқушы, қалам, парта, сынып, бала, мұғалім,мектеп, табиғат, қазақ тілі, орыс тілі, дәптер, үй, сабақ, алма, шие, сүт, қант, кәмпит, нан, жолбарыс, қасқыр, көйлек, шаш, бас, көз, қол, аяқ, асхана)
IV- кезең «Аяқталмаған сөйлем» Топтарға таратпаларға бір сөздері жоқ сөйлемдер таратылады. Оқушылар сол сөйлемдерді аяқтап, жауабын оқиды.
Бүгін бізде бес сабақ ... .
Мен таңертең жаттығу ... .
Астана – жас ... .
9 мамыр – жеңіс күні ... .
Жәнібек пен Керей - қазақ хандары ... .
Қазақстанда көп ұлт өкілдері ... .
Мәншүк Мәметова – қазақтың ... қызы.
Менің Отаным - ... .
V кезең - «Сыр сандық» Балалар сандықтар әр түрлі парақшаларды алады. Сол парақшаларда тапсырмалар болады. Әр оқушы өз парақшасындағы сұрағына жауап береді.
Ай аттарын ата
Апта күндерін ата
Жемістерді ата
Азық-түліктерді ата
Үй жануарларын ата
Аңдарды ата
Оқу құралдарын ата
Отбасы мүшелерін ата
Жыл мезгілдерін ата
Мемлекеттік мерекелерді ата
VI кезең- « Сөзден сөз туар» Тақтаға екі топқа бірдей сөз жазылады. Оқушылар сол сөзден не барынша көп сөз жасаулары керек. Сөздері қайталанбау керек.


«ҚАРЛЫҒАШТАРДЫҢ»

Сонымен балалар, әділ-қазылар өз ойларын түйіндесін. Шыққан ұпай сандарын санасын.


Қорытындылар шығарады. Жеңімпаз топты марапаттаймыз, жеңілген топқа кішігірім сыйлықтар беріледі.


Іс-шарамыз аяқталды. Назарларыңа көптеген рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет