Тәрбие сағатының тақырыбы:Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан.
Мақсаты:1986 жылдың желтоқсанындағы адал да,аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы,бейбіт шеруге шыққан,тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін,жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату.Оқушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту.Оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,сыйластыққа,ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:слайдтар,видеоролик,желтоқсанға шыққан жастардың суреттері салынған буклеттер.
Жүру барысы:
Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айрылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен жігітпін,айқасқа,сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жанартаудай жойқынмен жұлқынғанда,
Шарықтасам,қыран боп қырға шықтым
Мен-қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге,қайта келдім,
Мен мың да бір тірілдім,міңгі өлмеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін,жер кіндікті
Аңсаймын мен сенемін туады ертең
«Қазақ болу»зор бақыт күндер тіпті.
1-жүргізуші.Құрметті ұстаздар,оқушылар!Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген,тіуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші.16-желтоқсан.Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын,әрі қаралы күн еді.Бұл қасіретті күн Қайрат,Қайыркелді,Түгелбай,Сабира,Ербол,Ләзат сынды жүздеген,мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні,өктемдік үні еді.
Раиодан төтенше хабар беріледі.
1986 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылады.Оның орнына Ресейден Г.В.Колбин сайланды.Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.
Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды.Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
Хор. «Желтоқсан желі.»
Иә,Қайраттың балаң үнімен,Махамбеттің арынын,Шәкәрімнің қайғысын,Мағжанның махабатын,Мұқағалидың арман-сағынышын,өкініш-күрсінгенін сезгендей боласың.Орталықтың қара түнегіндей найзағай боп жарқылдап,жыр нөсермен күн шұғыласындай жалпақ әлемге танылған бүкіл адамзатқа жүрек шашқан «Ұлы Қайрат,ақын Қайрат,батыр алты алаштың арасы болған Қайрат кім еді?»
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген.Әкесі Ноғайбай бақташы,шешесі Дәметкен сауыншы болатын.Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотащик селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интерната оқыды.Қайрат мектепте комсомол ұйымының хатшысы болды.Қабырға газетінің редакторы болып,мақала жазумен әуестенетін.
Ортаға басын дәкемен ораған Қайрат шығады.
Күнәдан таза арым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты-құрбандық,
Атам десең атыңдар!
Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп,күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін,не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.Оған бағытталған оқ кәдімгі қылмыскерге емес,тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге,яғни саяси «теріс көзқарастағыларға»арналған оқ еді.Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірлі жігіттің «ұлтшыл»атанып,осы кейіпті киюі ғажап емес-тін.
Иә,ізгілік атаулыдан күдер үзген,ең соңғы үміті,бар сенімі күйреген,рухани езілген балаң жігіт:
Жел кірді көңіліме жиырма бірде,
Айдады ерікке сол несібе.
Желпілдеп,желдім екен несіне,
Түседі адасқаным енді есіме,-деп қатты торыққан,қайсар рухты Қазақ жігіті орысша қазақша судай жігерлі,отты жігіт еді.Өкінішке орай,1988 жылы 13мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірден өтті.Қанаты қайырылып жарық күнмен міңгі қоштасты.Есіл ер көзі тірісінде шыныдққа жете алмай қапыда жер жастанды.
Кінәлі ма ақын Қайрат,ер Қайрат,
Ауа жетпей атып шыққан алаңға
Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол
Тапталғысы келмеді оның табанға.
Әсте естен шығармайды жыр мұңы
Айтады ылғи домбыраның күмбірі
Аты аталса күрсіндірер жылатып
Желтоқсанның азамат пен құрбаны
Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында
Қара өлеңнңғ ерте солған бір гүлі
Айналайын,ағайындар ақ жүрек,
Жолың түссе,басына бар,тағзым ет.
Ол тірі болғанда ақын болар ма еді...Ерте солған жыр әлеміндегі гүл едің ғой,Қайрат...Ал мына өлең жолдарына құлақ түріп қарайықшы.
Әкетай-ақ пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді қаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын қарындасым қарағым
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным.
Міне,осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі,бостандық жолына бас тіккен азаматтар,туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен Желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков,Ләзат Асанова,Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп,еске алу-ұлттық парызымыз.
Өмір өзен тоқындары бізді әйгілі1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар.Ол-дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына,ерлігіне деген тағзым құрмет.Бұл аға-апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті,тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.Бір ғана өкініш бар,ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.
Қазақстан!Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым.
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О,халайық құтты болсын қуаныш.
М.Шаханов «Мұзға жаққан алау»
Қ.Әбілдақызы «Желтоқсан оқиға емес»өлеңдерін оқиды.
Мұғалім:Міне,оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды.Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді.Олармен аралас-құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін,әдебиетін толығырақайтқанда,рухани дүниесін өне бойына сіңіруге,жақсы жақтарын қабылдауға жан-жақты мүмкіндік туды.Сонымен қатар «Біз Қазақстандықтармыз»деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр.Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен сый емес.Ол ғасырларға созылған ата-баба қанды жорығының, дабылды-дуылды күресінің заңды жалғасы.Жатса түсінен,тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді.Тереңнен ойлап,тебірене толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін,елдік үшін,халықтың бас бостандығы үшін күрес еді.Желтоқсан оқиғалары-Қазақстан тарихында естен кетпес,аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.Екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып,отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы,қаны бекерге төгілмепті.Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Ләзаттың,Ерболдың,Сабираның,Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.Желтоқсан оқиғасы-бұл ерліктің тарихы.
-республикадағы халқымыздың рухани жеңісі.
-демократияға жол ашу.
-тәуелсіздіктің алғашқы беті.
Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелзіздігі жөніндегі Н.Ә.Назарбаевтың «1986 жылы 17,18желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде»1991 жылы жарлығы шықты.Осыдан кейін еліміздің басшысы 17-желтоқсанды «демократиялық жаңару»күні деп жариялады.
Осымен 8 сынып оқушыларының дайындаған шағын тәрбие сағаты аяқталды.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.Қош сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |