Серуен
|
Картотека№7
Ауа-райын бақылау.
(қоршаған ортамен таныстыру)
|
Картотека№4
Желді бақылау.
(қоршаған ортамен таныстыру)
|
Картотека№6
Құстардың қысқы тіршілігін бақылау
(қоршаған ортамен таныстыру)
|
Картотека№9
Алтын күзді бақылау.
(қоршаған ортамен таныстыру)
|
Картотека№19
Күзгі көріністі бақылау.
(қоршаған ортамен таныстыру)
|
Серуеннен оралу
|
Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
|
Түскі ас
|
Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»
Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Ереже:
Нан ардақты асыл ас
Аттамас оны кәрі –жас
Ақ дастархан үстінде
Қол жумай оны ұстамас. (сөйлеуді дамыту)
|
Күндізгі ұйқы
|
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Түлкі мен қоян ертегісін оқып беру (көркем әрекет)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |