Балаларды көтеріңкі көңілді муызкамен қарсы алу. Балалар үшін жайлы ойын жағдайын жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Сәлеметсіз бе! сөзін сөздік қорына қосу. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру(сөйлеуді дамыту).
Балалардың ауа райына байланысты жылы киіну жағдайларын талқылау. Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
Топта балалармен шағын ойын орталықтарында өзі таңдаған ойыншықтармен еркін ойындарды ұйымдастыру, Дидактикалық ойындарға «Қалай дыбыстайды?», саусақ ойыны «Қуырмаш» және үстел үсті ойындарын ойнауға жұмылдыру,белсенділігін арттыру. Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, сурет албомдарын қарауына ықпал жасау.Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге бақылау. (Балармен жеке жұмыс).