1. Сынып: 8г
Сабақтың тақырыбы: Ананы ардақта, әкені сыйла
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы дәстүрлерімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ата-аналарын сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Кезекші жауабы
б) Үй жұмысын тексеру.
в) Отбасы мүшелері туралы сұхбат.
II. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру;
III. Мәтінмен жұмыс
Жаңа сөздерді талдау: ерлі-зайыпты- супруги, сыйлау- уважать, тәрбиелі – воспитанный, өнегелі – образцовый, саналы – сознательный, ренжіту – обижать, қамқорлық – покровительство
Әке мен ана
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әке мен ана – өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті. Ананың өз балаларына «ақ сүтімді ақтады» деуі үлкен баға. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ата-ана өз балаларын тәрбиелі, өнегелі, өнерлі, саналы, білімді етіп өсіруге міндетті. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелеріне қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
III деңгей
1. Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.
2. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
3. Жазылым. Мәтіннен сөйлемдегі құрмалас сөйлемдерді табу
II деңгей
1. Айтылым. Мәтінбойынша диалог құрастырып, өзара жұпта сөйлесіңдер.
2. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, оның жасалу жолын түсіндеріңдер.
3. Айтылым. Өз анаң туралы не айта аласың?
I деңгей
Жазылым. «Әке мен ана» мәтінін әрі қарай өз ойларыңнан жалғастырып жазыңдар.
IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау
Бағалау
V. Үй жұмысы: сөздік жаттау, құрмалас сөйлем туралы білу.
2. Сынып: 8Г
Сабақтың тақырыбы: Дана ойдан шыққан сөз
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы ерекшеліктерімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы түсініктерін толықтыру
Дамытушылық: үйренген жаңа сөздерді қолдана отырып, тақырып бойынша қарым- қатынасқа түсуге баулу;
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Кезекші жауабы
б) Үй жұмысын тексеру.
II.Мәтінмен жұмыс
Менің атам мен әжем
Сөздік: Құрдас – ровесники, шымыр – крепкий, аққұба – светлокожий, аула – двор, азамат – гражданин, қарапайымдылық - скромность
Менің атам мен әжем алпыс жетіде. Олар – құрдас. Атам мен әжем ауылда тұрады. Атам аудандық емханада дәрiгер болып жұмыс iстедi. Әжем аудан әкімшілігінде қызмет атқарды. Олар – зейнеткерлер. Атам – ұзын бойлы, шымыр денелі, қалың қасты, түсі суық адам. Бірақ ол кісі өте мейірімді. Әжем – орта бойлы, толық денелі, аққұба адам.
Өткен аптада ауылға бардық. Ата-әжемізге көмектестік, көп жұмыс істестік. Жер қазыстық, ағаштардың былтырғы жапырақтарын жинастық, оларды сыртқа шығарыстық, алма ағаштарының қураған бұтақтарын кесістік. Үйдің алдындағы ауланы сыпырыстық. Шайға су әкелістік. Мен тамақ пісірістім. Содан кейін бәріміз отырып тамақ іштік, әңгімелестік.
Менің атам мен әжем бізге көп өсиет айтты. Мысалы:«Кешірім сұрағанға кешірім ете білу, кешірім беру – бұл да кісілік, қарапайымдылық белгісі. Кешірімшіл болсаң – кең боласың». Осы сөздердің астарында қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе?
Алыстан туысқанымыз келді. Біз хал-жағдайымызды сұрастық, сонан соң шай іштік. Біраз сөйлестік те, қайтадан жұмысқа кірістік.
Халық арасында ризашылық – алғыс, бата түрінде беріліп жатады. «Ата-анаңның ризашылығын алсаң азамат боласың», - дейді халқымыз.
III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
III деңгей
1. Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.
2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
3. Жазылым. Етістіктерді теріп жазып, жұрнақтарын белгілеңдер.
II деңгей
1. Сөйлесім. Мәтінбойынша диалог құраңдар.
2. Айтылым. Мәтінді негізге ала отырып, ата мен әже туралы әңгімелеңдер.
3. Жазылым. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
I деңгей
Жазылым. «Менің атам мен әжем» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.
IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау
Бағалау
V. Үй жұмысы: Өз ата-аналары туралы әңгімелеу
3. Сынып: 8Г
Сабақтың тақырыбы: Ұлың өсіп ержетер, қызың өсіп бойжетер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы дәстүрлерімен таныстыру
Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ата-аналарын, жанұя мүшелерін, дәстүрлерін сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Кезекші жауабы
б) Үй жұмысын тексеру.
в) Жанұядағы дәстүрлер туралы сұхбат.
II. Мәтінмен жұмыс
Жанұядағы дәстүрлер
Сөздік:асар – коллективная помощь в работе,ежелгі дәстүр - древняя традиция, талап етпейді - не требуют,киелі – святой, қарсы алу – встречать, шақыру - приглашать
Біздің жанұямыз өте тату. Жанұямызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, сәлем беру, асар, мерекелерді бірге қарсы алу.
Мысалы: Наурыз күні ежелгі дәстүр бойынша тал, ағаш, гүл егеміз. Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.
Аса киелі саналатын дәстүріміздің бірі – асар. Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы: үй көтергенде, егін салғанда, шөп шабуға тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырушылар еңбегі үшін ақша талап етпейді. Бұл тәрбиелік пен сыпайлықтың белгісі, әрі халық дәстүрі де солай үйретеді
ІІІ. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей
1. Оқылым. Мәтінді оқып, аударыңдар.
2. Жазылым. Төменде берілген сөздерді, сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар, сөйлемдер құрастырыңдар.
Семья, дружная, традиция, праздник, гости, помогать, встретить, весело проводить.
3. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
ІІ деңгей
1. Айтылым. «Жанұядағы дәстүрлер» мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
2. Жазылым. Мәтіндегі екі сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
І деңгей
Жазылым. «Жанұядағы дәстүрлер» тақырыбына өз жанұяңдағы дәстүрлер туралы әңгіме жазып беріңдер.
IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау
Бағалау
V. Үй жұмысы: сөздік жаттау, диалог құру
4. Сынып: 8Г
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Әдептілік.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру
Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сөйлей білуге үйрету, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Кезекші жауабы
б) Үй жұмысын тексеру.
в) Жанұядағы дәстүрлер туралы сұхбат.
II. Мәтінмен жұмыс
Әдепті бала
Сөздік: оқымысты – образованный, иілу – склонить, төменірек – низко, лайықсыз – неудобно, әдепсіз – не воспитанный
Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрады. Қасынан жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған оқымысты басын одан да төменірек иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай:
- Тақсыр, осыншама біліміңіз бар ғалымсыз, сөйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрапты.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым-білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді, - депті.
III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар
III деңгей
1. Оқылым. Мәтіннің мазмұнын орыс тілінде айтып беріңдер.
2. Айтылым. Мәтін бойынша бес сұрақтар дайындап, оларға қасыңда отырған оқушыдан жауап алыңдар.
3. Жазылым. Берілген сөздердің синонимдерін табыңдар. Кісі, жұрт, жарлы, сәлемдесу.
II деңгей
1.Мәтінді түсініп оқып, төл сөз бен автор сөзін төлеу сөзге айналдырып жазыңдар.
Байдың сөзін, ғалымның сөзін.
2. Айтылым. Мәтінді өз сөздеріңмен айтып беріңдер.
3. Жазылым. Мәтіннен етістіктерді теріп жаз, оның қай шақта тұрғанын анықта.
I деңгей
Айтылым. Әңгіменің негізгі ойын анықтаңдар.
IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау
Бағалау
V. Үй жұмысы: тақырып бойынша өз ойларын айту.
5. Сынып: 8Г
Сабақтың тақырыбы: Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының туыстық қарым-қатынас дәстүрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Кезекші жауабы
б) Үй жұмысын тексеру.
II. Мәтінмен жұмыс
Туыстық қарым-қатынас
Cөздік: сүюшілік – любовь, жалғастыру – продолжить, қуану – радоваться, бұрын – давно, көргенділік – воспитанность, аталы сөз – изречение, өнегелі істері - образцовые дела
Тәртіп көрген адам бала күнінде, өнерімен қуандырар түбінде (Жүсіп Баласағұн). Бұрын балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ата тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.
III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар
III деңгей
1. Оқылым. Мәтінді оқып, аударыңдар.
2. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
3. Жазылым. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңдар.
Нағашы, бауыр, бажа, іні, аға, сіңлі, қарындас.
II деңгей
1. Жазылым. Сызба бойынша тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құрастырыңдар.
Есімдік+зат есім
Зат есім+етістік
Сын есім+зат есім
Үстеу+етістік
2. Айтылым. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.
I деңгей
Жазылым. Қосымша әдебиеттерді пайданалып, «Туыстық қарым-қатынас» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.
IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау
Бағалау
V. Үй жұмысы: тақырып бойынша өз аға-інілері туралы қатынастары туралы айту, сөздік жаттау
6. Сынып: 8Г
Сабақтың тақырыбы: Сезімталдық
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.
Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту. Құрмалас сөйлемнің түрлерімен таныстыру
Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Кезекші жауабы
б) Үй жұмысын тексеру.
II. Құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік беру;
III. Мәтінмен жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |