-Ж, әрпі (фланелеграфқа « Ж»әрпін қоямыз)
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Алдымызда әлі көптеген тапсырмалар бар, әр тапсырманы орындаған сайын сиқыршылар бір әріптен тарту етеді, саяхаттың сонында көреміз қандай сөз шыққаның.
Саяхатқа шықпас бұрын тіл ұстарту жаттығуын қайталау:
Ән-ән-ән —
Қамба толы дән.
Ән-ән-ән –
Әжем айткан ән.
Ән -ән-ән –
Құрып жүрген сән.
Экранға назар аударайық, 2-ші тапсырма.
«Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемі»
Дискты қосу.( «Б» дыбысына қатысты сөздер қайталанады)
Енді балалар қима кассадан «Б» әрпін табайық, кім көрсетеді?
-«Б» әрпі дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз ба?
дыбыс – звук- sound, Ендеше барлығымыз алдымыздағы айнаны алып Б дыбысын айтып көрейік.
-Неге дауыссыз?
-Өйткені Б дыбысын айтқанда ауызымыз ашылмайды, дыбыс еркін шықпайды.
-Жақсы балалар сендер екінші тапсырманы да орындадындар, көрейікші сиқыршылар елінде сендерге қандай әріпті дайындап қойыпты, мынау қандай әріп?
-А әрпі(фланелеграфқа «А»әрпін қоямыз)
Саяхатымызды жалғастырайық.
3 саны бар тапсырманы қарайық.
Тірек сызбалалар арқылы сөйлем құрастыру.
Мысалы: -Мен автобусқа отырдым.
-Сөйлем неше сөзден тұрады?
-Үш сөзден тұрады.
Балалар тірек сызбалар арқылы бірнеше сөзден тұратын сөйлемдер құрастырады(Жұптық жұмыс)
-Неше сөзден тұратын сөйлем құрастырдың?
-Келесі сөйлемді құраймыз.
-Мұнда қандай әріп жасырынып тұр екен?
-Мынау қандай әріп?
-Р әрпі(фланелеграфқа «Р»әрпін қоямыз)
Сергіту жаттығуы: Қане, қанат жазайық,
Ұшақ боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Келесі бізде 4 тапсырма
Дидактикалық ойын: «Ғажайып текше».
Мақсаты: Дыбыстық талдау жасау
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенін 6 жағында дыбысқа байланысты суреттер жабыстырылады. Текшені айналдырып, ортаға лақтырады. Қандай сурет түссе, сол суретке дыбыстық талдау жасау
Мысалы: әтеш, әже, әке т.б.
Мысалы: Әтеш деген сөзді жеке жұмыс кассасынан жазып көрсету.