Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі 1 маусым әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз! Зор үміт күтеді сендерден ел



Дата27.05.2020
өлшемі24,98 Kb.
#71375
Байланысты:
565146d197555


Тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі 1 маусым әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз!
Зор үміт күтеді сендерден ел,

Табысталды өздеріңе кең-байтақ жер.

Ата-бабам қалдырған мол байлыққа

Боп қалатын болашақ мұрагерлер.




Тәрбиеші:

Жас бөбектер, сендерге арналады,

Бүгінгі мерекенің салтанаты.

Жас бөбектер, сендерге сыйланады,

Өмірдің ең керемет мархабаты.




Ән:

«Әрқашан күн сөнбесін!»


Ильяс:

Бала адамның бауыр еті,

Бауыр еті, жүрегі.

Бүгін сәби бөбектер –

Елдің ертең тірегі.




Аяулым:

Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,

Балаларды қорғау күнін тойлайық!

Алақай-ау, алақай,

Той тойлайық балақай!




Жәнібек:

Біз сүйеміз бейбіт күнді,

Бейбіт күнде туғанбыз.

Біздің өмір күндей нұрлы,

Бақыт құшақ ұланбыз.




Ұлбосын:

Гүлмен келсін келер күн,

Бала бағы бар елдің.

Балалардың күлкісі,-

Көркі, сәні әлемнің!




Азамат:

Біз бақытты баламыз,

Әсемдеп сурет саламыз.

Қорғайды бізді күллі әлем

Әлпештеп ата-анамыз.




Аяна:

Бүгінгі мейрам, шаттанатын ел шағы,

Әуелетіп бейбітшілік салшы әнін.

Бүкіл бала достық биін билейік

Қол ұстасып, қоршап алып жер шарын.




Айгерім:

Ар-нысан бір, үні бір,

Аға ардақты, іні гүл.

Бақыт туын көтерсін,

Балалардың күні бұл.




Б. Әсел:

Балабақша – базарлы үй,

Ауылдағы ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.





Азиза:

Біз бақытты баламыз,

Би билеп, ән саламыз.

Құс болып қанат қағамыз

Міне, былай, қараңыз...




Назым:

Біз бақытты баламыз,

Түрлі өнер табамыз.

От боп лаулап жанамыз,

Міне, былай, қараңыз...




Би:

«Балауса»


Жансая:

Парасат пен ізгіліктің бар әні,

Алаңдатпай сәби сүйген ананы.

Қатігездік, безбүйректік, өктемдік,

Жауыздықтан қорғау керек баланы.




Бекзат:

Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан,

Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан.

Балаларды қорғау керек, ажыратпай

Ойын-күлкі, ұйқысынан, шаттықтан.




Бірғаным:

Адамдарға адамдардың оғы ұшқан,

Қорғау керек балаларды соғыстан.

Болашақтың, барша ұлттың тағдыры

Балалардың тағдырымен тоғысқан.




Костя:

Біз бақытты баламыз,

Үлкеннің тілін аламыз.

Оларға көмектесеміз,

Келгенінше шамамыз.




А. Әсем:

Біз бақытты баламыз,

Өссін деп ой-санамыз.

Үлкендерден үйреніп,

Үлгі-өнеге аламыз.




Санжар:

Біз бақытты баламыз,

Балабақшаға барамыз.

Құрбылармен танысып,

Ойнап асыр саламыз.




Ақниет:

Біз бақытты баламыз,

Қағаз-қалам аламыз.

Тәрбиешіміз үйреткен

Әріптерді жазамыз.




Жүргізуші:

Балалар, бүгін біз «Балаларды қорғау күнімен» қатар Қонжық досымыздың туылған күнін тойлауға жиналып отырмыз. Сендер мерекеге әдемі киініп, ойыншықтарыңды ала келгендерің қандай жақсы болған.Ойыншықтарыңды жақсылап жайғастырыңдар, олар біздің көңілді ән-биімізді тамашаласын.

Би:

«Хлопайте в ладоши»


Жүргізуші:

Қандай көңілді! Бірақ туылған күн иесі Қонжық қайда?

(Сахнаға жүгіріп Қалайы Сарбазтай шығады.)


Қалайы Сарбазтай:

К. Нұрдаулет.

Сәлеметсіңдер ме, мен Қалайы Сарбазтаймын. Менде балаларға арналған жеделхат бар.


Жүргізуші:

Жеделхат? Кімнен болды екен? Оқысаңшы тезірек!


Қалайы Сарбазтай:

К. Нұрдаулет.

(Жеделхатты оқиды) Диас мен туралы мүлдем ұмытып, балабақшаға кетіп қалды. Ал, жауыз сиқыршы Қиратқыш мені өзінің сарайына алып кетіп, мені сындырып тастаймын деп қорқытып жатыр. Көмектесіңдер! Қонжық.


Жүргізуші:

Балалар, не істесек екен? Біз мерекеге жиналған едік, енді қызып жатқанда, мына жеделхаттың келгенін қараңдаршы. Не істейміз? Көңіл көтереміз бе, әлде Қонжықты құтқарамыз ба?


Балалар:__Қонжықты_құтқарамыз.___Қалайы_Сарбазтай:__К._Нұрдаулет.'>Балалар:

Қонжықты құтқарамыз.


Қалайы Сарбазтай:

К. Нұрдаулет.

Жарайсыңдар, балалар! Қонжық сендердің оны қиын сәтте тастамайтындарыңды білді.


Жүргізуші:

Енді, біз Қиратқыштың сарайына апаратын жолды қалай табамыз?


Қалайы Сарбазтай:

К. Нұрдаулет:

Мен сендерге көмектесемін.

(Кенет, Қиратқыш шыға келеді. Белінде сынған ойыншықтар және екі үрмелі шар байланған, ол білдірмей шарларды жарып тастайды.)


Қиратқыш:

А-А-А! Ұсталдыңдар ма! Фу, қандай ұсқынсыз ойыншықтар! Барлығы таза, күтіп ұсталынған. Қазір сындырып, қиратып тастаймын!!!


Жүргізуші:

Жоқ, Қиратқыш, балалар өз ойыншықтарын сындыруға бермейді.Қане, балалар, ойыншықтарыңды құшақтарыңа алыңдаршы. (Қиратқыш балалардың айналасында ойыншықтарға жетуге тырысып, жүгіріп жүреді.)

Балалар, қане сиқырлы сөздерімізді айтайықшы.




Балалар:

Қиратқыш, тез бұл жерден кет,

Барлық ойыншықтар керемет!




Қиратқыш:

Тұра тұрыңдар, менің сарайыма келген кездеріңде естеріңе салармын әлі. (Жұдырығын көрсетеді.)


Жүргізуші:

Бар, бар, кетсеңші енді. Балалар, бізге Қонжықты құтқаруға көмектесетін көп достар табылады деп ойлаймын. Міне, Қалайы Сарбазша бізге жолды көрсетеді. Ал, біз ол жаққа немен барамыз?


Паравоз:

Сұлтан.

Мен, ойыншық Паравозбын! Мен бір сәтте сендерді Қиратқыштың сарайына жеткізіп саламын. Қане, балалар, жеткенше ән айтып барайық. Әнді қаншалықты көңілді айтсақ, соншалықты тезірек жетеміз.


Ән:

«Паравоз»


Қалайы Сарбазтай:

К. Нұрдаулет.

Міне, Қиратқыштың сарайы. Бірақ, мен не естіп тұрмын? Мынау не?

(Балалардың алдынан ойыншықтар: Қуыршақ, Қоян, түлкі жылап шығады)


Қуыршақ:

Шапағат.

Бізді Қиратқыш ұстап алып, сындырып тастады. Бізге тек қана мейірімді Перизат пен дос-тату балалар ғана көмектесе алады.Бірақ, біз оларды қалай табуды білмейміз. (Жылайды.)



Жүргізуші:

Дос-тату балалар, ол, біздерміз. Ал мейірімді Перизатты табуға біз көмектесеміз. Біз көппіз, егер біз бар дауысымызбен оны шақырсақ, ол бізді есітіп келеді.


Балалар:

Мейірімді Перизат, қайдасың?

(Музыка естіліп, мейірімді Перизат келеді.)


Перизат:

Аида.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма? Не болып қалды?


Шұғыла:

Мейірімді Перизат, Қиратқыш мына ойыншықтарды сындырып және біздің досымыз Қонжықты өзінің сарайында ұстап отыр. Біздің достарымызды құтқаруға көмектесші.


Перизат:

Аида.

Жарайды, мен сендерге Қиратқыштың сарайына кіруге көмектесейін. Бірақ, мен сендердің дос-тату балалар екендеріңе және Қонжық пен басқа да ойыншықтарға көмектескілерің келетініне сенімді болуым керек. Тек қана дос-тату балалар ғана Қиратқышты жеңіп шыға алады.


Жүргізуші:

Құрметті Перизат! Біз, дос-тату балалар екендігімізді дәлелдеуге дайынбыз!


Перизат:

Аида.

Жарайды, егер дайын болсаңдар, «Тату доспыз, бәріміз!» атты эстафета өткізейік.

(Балаларды 2 командаға бөлу. Үрленген шарды белгіленген жерге дейін жүгіріп келіп, келесі ойыншыға тапсыру.)


Жүргізуші:

Жарысқа бәрің дайынсыңдар ма? Бастаңдар!


Перизат:

Аида.

Ой, жарайсыңдар! Келесі тапсырма қиынырақ: сынған ойыншықтарды жөндеуіміз керек. Бұл тапсырманы кім орындай алар екен?

(Жүргізуші жөнделген ойыншықтарды бәріне көрсетіп, балаларға рахметін айтады)


Жүргізуші:

Балалар, қараңдаршы, неткен түнерген көрініс. Бұл Қиратқыштың сарайы ғой.


Перизат:

Аида.

Міне, сарайға да жетіп келдік. Енді, Қиратқышты жеңіп, досымызды құтқаруымыз керек.

(Сарайының терезесінен Қиратқыш қарайды.)


Қиратқыш:

Кім ол мені жеңбекші болып жатқан? Ә-ә, сендер екенсіңдер ғой.

Сендерде не бар дейсің? Ал, менің үлкен, зәулім сарайым бар.




Жүргізуші:

Ал, біздің өзіміз өмір сүріп жатқан тамаша балабақшамыз бар. Біз сенен қорықпаймыз. Керек десең ән айтып, би билейміз.


Би:

«Полька»


Ән:

«Балабақша бағында!»


Қарға:

Диас.

Әндерің қандай тамаша! Неткен көңілді, тату балалар! Мен дана Қарғамын. Осы арада көп жыл отырсам да, әлі бір де бір жылы сөз естімеппін.



Жүргізуші:

Балалар, қане дана Қарғамен амандасайықшы.


Балалар:

Сәлеметсіз бе, дана Қарға!


Қарға:

Диас.

Қандай әдепті балалар. Мен сендерге көмектесемін. Қиратқыштың сарайын құлату үшін, біз оның үш сиқырлы тапсырмаларын орындауымыз керек. Ол тапсырмалар сиқырлы парақтарда жазылған. Мен оның екеуін тауып тығып қойғанмын, ал үшіншісін таба алмадым. Қиратқыш өте залым, ол өте қиын тапсырма ойлап табуы мүмкін, егер қорықсаңдар, оқымай-ақ қояйын.


Балалар:

Жоқ, біз қорықпаймыз, оқыңыз.


Қарға:

Диас.

Жарайды, онда тыңдаңдар.

1-тапсырма: «Достық туралы өлеңдер»




Мейірімжан:

Біз балдырған бағында,

Тұрамыз өте көңілді.

Көп болсақ та достықпен,

Өткіземіз өмірді.




Сымбат:

Я люблю свой детский сад,

В нем полным-полно ребят.

Может сто их, может двести?

Хорошо когда мы вместе!




Б. Айша:

Дос дегенің өмірдегі тірегің,

Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің.

Егер досың адал ниет жан болса

Орындалар армандаған тілегің.




Нұрбақыт:

Екі деген – екі дос,

Бірін-бірі қимайтын.

Артық кемді етпей сөз,

Бірін-бірі сыйлайтын.




Камила:

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қоңыр, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала, тауымыз.




Дәулетбек:

Ортақ жұпар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық - туған анамыз,

Жердің қызы-ұлымыз.




Ерасыл:

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.




Арай:

Біз бақытты баламыз,

Ақпыз, сары, қарамыз.

Тату-тәтті достармыз,

Қыл өтпестей арамыз.




Қарға:

Диас.

Жарайсыңдар, балалар! Енді екінші тапсырма: «Достық шеңбері»


Ән:

«Настоящий верный друг!»


Қарға:

Диас.

Алақай! Жарайсыңдар, балалар! Енді, тағы бір тапсырма қалды. Ал, үшінші парақ менде жоқ. Қиратқыш келмей тұрып тез іздейік.

(Барлық балалар парақты іздейді. Қиратқыш парақты тапқан баладан оны тартып алуға тырысады, бірақ балалар оған жол бермейді, парақты Қарғаға тапсырады.)


Қарға:

Диас.

Сарайдың ең биік мұнарасында шар ілулі тұр. Ол шар ұшуды өте жақсы көретін, ал сиқыршы оны мұнараға байлап қойды. Оны шешіп алып, 1 минут ауада үрлеп, ұстап тұруларың керек, сонда Қиратқыштың сиқыры күшін жояды.

(Балалар шарды үрлеп ауада ұстап тұрады. Қиратқыштың сарайы құлап, өзі қашып кетеді, балалар сарайдан Қонжықты алып шығады.)


Қонжық:

Абылай.

Балалар, мені Қиратқыштан құтқарғандарың үшін сендерге үлкен рахмет.


Шұғыла:

Қонжық, біз сенің туылған күніңе келдік, құр қол келген жоқпыз, ойыншықтарымызды да алып келдік. Сыйлыққа торт алып келдік.



Перизат:

Аида.

Балалар, менде бір ұсыныс бар. Қонжыққа өздеріңнің дайындаған ән-билеріңді сыйлаңдар.




Қонжық:

Абылай.

Балалар, мен сендердей достарымның болғанын мақтан тұтамын. Сендерге мені Қиратқыштан құтқаруға не көмектесті?


Балалар:

Достық.


Би:

«Қонжық және балалар!»


Ритмика:

«Веселый хоровод!»


Тәрбиеші:

Баршамызды бал тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата-ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе, бал бұлақтан жалғайтын.




Тәрбиеші:

Иә, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезді еске алып отырсақ

Сол емес пе, тіршіліктің мәні де!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет