Терең сезімталдық жолдары:
1-нейрон: спинальді ганглий
2-нейрон: nucleus tuberculi gracili and cuneatus
3-нейрон: nucleus dorsolateralis thalamicus
Терең сезімталдықтың жолын Голль және Бурдах жолы деп атаймыз. Голль импульстарды аяқтардан және дененің төменгі бөліктерінен алып келеді, Бурдах қолдан және дененің жоғарғы бөліктерінен алып келеді.
Шеткі мүшелердегі рецепторлардан дендриттер келіп, спинальды ганглий(1-нейрон)ге келеді, одан аксон болып шығады, ары қарай жұлынға кіріп, артқы баған арқылы fasciculus gracilus and cuneatus- тан өтіп, сопақша миға барады. Сопақша мида 2-ші нейроннан өтеді(nucleus tuberculi gracili and cuneatus). Олар алдыңғы және артқы доғатәрізді талшықтар арқылы қарама қарсы жаққа өтеді, сол жерде медиальді петляны түзеді. Ары қарай көпірге, ортаңғы миға, таламусқа барады. Таламуста 3-ші ядросы орналасқан: nucleus dorsolateralis thalamicus. Ары қарай ішкі капсуланың артқы жағымен постцентральды извилинаға барады.