Теріс эмоциялар және денсаулық



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#121409
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХIT-21-07 Еслам Оразбай
Емтихан сұрақтары Басқару жобалау, Алгебра 7 класс КСП
Психикалық денсаулық


А.М. Прихожан зерттеулерi көрсеткендей, соңғы жылдары баланың мазасыздығы мен
интенсивтi қорқыныштары ата-ананың мектеп психологынан көмек сұрауының себебi
болып табылады. 1980-1993 жылдары жҥргiзiлген арнайы зерттеулер мазасыз
балалардың санының 12-16%-дан 72-75% дейiн өскендiгiн көрсетедi. Балалардың
мазасыздық деңгейi жас кезеңi нормасына сәйкес емес, одан анағұрлым жоғары болып
шыққан. Мазасыз балалар санының бастауыш сыныптарда өсуiмен қатар, мазасыздық
формаларының да өзгергендiгi байқалған. Ол әдетте ересектерге тән терең, тұлғалық
проблемалармен байланысты болған.
Н.Н. Толстых адамның психикалық денсаулығының маңызды белгiсi деп оның өз
бетiмен өмiрiнiң мақсаттарын анықтай алуды, болашағының уақытша перспективасын
болжай алуын негізге салған. Баланың жалпы физикалық және психикалық денсаулығы
көптеген факторларға тәуелдi: дұрыс тамақтану, күн тәртiбi, таза ауада болу, қимыл-
қозғалыс белсендiлiгi, шынықтырушы шаралар, психологиялық комфорт-жайлылық. Н.И.
Гуткина психологиялық жайлылықты психосоматикалық науқастардың алдын алу шарты
ретiнде қарастырады. Баланың қажеттiлiктерi фрустрацияға ұшыраған кезде өте жиi
психологиялық дискомфорт - жайсыздық пайда болады. Бiрiншi ретте мұнда белгiлi
депривация феноменi жатады, ол сәбидiң анасының зейiнi мен қамқорлығы жетiспеген
жағдайда нәтижесiнде психикалық және физикалық дамуында артта қалуынан көрiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет