«терминтану» пӘннiң оқу-Әдiстемелiк кешенi



бет7/11
Дата21.07.2017
өлшемі2,19 Mb.
#21566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қысқаша мазмұны:

Термин шығармашылығының бұл кезеңі 1930-1990 жылдар аралығын қамтиды. Отызыншы жылдары А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының термин жасауда ұстанған бағыттары әкімшіл-әміршіл жүйе тарапынан күшпен өзгертілді. 1929 жылдың жазында А.Байтұрсынұлымен бірге көптеген қазақтың білікті ұлттық кадрлары қамауға алынды. Ендігі жерде ұлттық республикалардағы термин жасау ісінің бағытын жергілікті ұлт кадрлары емес орталық белгілейтін болды.

1930 жылы Мәскеуде Бүкілодақтық партия мәжілісінде ұлт тілдеріндегі терминологияны дамыту мәселесі арнайы қаралды. Сол мәжілісте негізгі ғылыми принциптері белгіленді.

Міне, осы уақыттан бастап КСРО халықтарының тілдерінде термин жасау барысын жаңа әліпби комитеті арнайы қадағалап отырды. Сөйтіп, ғылымды, ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастырудың маңызын терең түсіне отырып жасаған қазақ зиялыларының тұжырымдары ешбір дәлелсіз буржуазиялық теориялар қатарына кіргізіліп, оларға қарсы И.В.Сталиннің «буржуазияшыл теориялармен аяусыз күреспей тап жауларын түпкілікті жеңу мүмкін емес» деген сөзін ұран ғып ұстаған белсенді күрес жүргізіліп кетті. Сөйтіп 30-жылдардан бастап солақай саясат үстемдік құрып, жергілікті кадрлар арасынан оны қолдаушылар қатары көбейе түсті. Алайда А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының терминжасам принциптерінің дұрыстығын түсініп, оны қолдаушылар да болды. Мәселен, 1935 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған «Термин жайындағы кейбір қата пікірлер туралы» деген мақаланың авторлары Т.Жүргенұлының пікірімен келісе алмайтындығын білдіреді. Олар: «Құн» деген терминге Жүргенұлы жолдас сөзінің түбірін, баяғыдағы ұғымын қуалап қарсы болады. Жүргенұлының ойынша, біз ешбір сөзге ұғым бере алмайтын сорлы секілдіміз. Тұрмыс қаншалықты өзгерсе, тіл де қатып қалған ағаш емес. Әр сөзге әр заман жаңа сөз туғызумен қатар жаңа ұғым да береді» - деп өте дұрыс жазды.

1933 жылы КСРО ҒА-ның техникалық терминология комиссиясы құрылып, ол кейінірек ғылыми-техникалық терминология комитеті болып қайта өзгертілді.

1935 жылы майда өткен Бүкілқазақстандық мәдениет қызметкерлерінің съезінде профессор Қ.Жұбанов ұсынғанқазақ терминологиясының жаңа принциптері бекітілді. Ендігі жерде термин жасау, шет тілдерінен қабылдау мен оларды қазақ тілінде жазу мәселелері осы принциптерге сәйкес жүзеге асырылып отырды.

Сондықтан да бұл кезеңді – «ғылым тіліндегі ұлттық тіректің шайқалу кезеңі»,- деп танылды.

30-40 жылдар аралығында термин қалыптастырудың жаңа бағытын қалыптастырудың жаңа бағытын орнықтырып, отызыншы жылдарға дейінгі термин жасау бағытының дұрыс еместігін дәлелдеу жолында белсенді жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 30-жылдарға дейін термин мәселесімен айналысқан, ұлттық ғылыми терминологияның даму бағытын белгілеген А.Байтұрсынұлы бастаған кадрлар 1937-38 жылдары әкімшіл-әміршіл жүйе тарапынан жойылды.

1940-50 жылдары қоғамның назары екінші дүниежүзілік соғысқа және одан кейінгі бесжылдықта соғыс зардаптарын жоюға аударылды да, термин қалыптастырудың 40-жылдарға дейінгі қарқыны біршама бәсеңдеп қалды. Ал 50-жылдардың соңы мен 60 жылдардың алғашқы жартысында терминология мәселесіне едәуір мән берілді. Осы тұста ғылым мен техниканың әр түрлі салалры бойынша көптеген терминологиялық сөздіктер жарық көрді.

М.О.Әуезов 1951жылы жазған «Қазақ әдеби тілі туралы» деген мақаласында орфография, терминология жөнінде бүгінгі күнге дейін құнын еш жоймаған көптеген құнды пікірлер айтты. Ғалым осы еңбегінде қазақтан шыққан инженерлер, дәрігерлер, биологтар, математиктер еңбектерін өз тілінде жазбауын ақтауға болмайтыны айта отырып былай дейді: «Біздің бүгінгі әдебиет тіліміз байығанда сол ғылым-техниканың бар саласындағы ұғым түсініктер, атаулар молынан кіретіндіктен байыды дейміз. Ендеше сол сөздерді, сол ғылымдарға байланысты тіл, орам шеберліктерді осы ғылымдардың өз мамандарынан артық қазақ тілінде айтып бере алатын шеберлерді, қайраткерлерді бір жақтан қарызға сұрап аламыз ба?».

Бұл кезеңде жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі термин шығармашылығының өнімді тәсілі ретінде көріне алмаса да, қолданыстан мүлде шығып қалмаған. Мәселен, 1962 жылы жарық көрген «Құрылыс және құрылыс материалдары» сөздігінде қамтылған тақта, сүймен (лом), құрсау (бандаж), қалта (навес), ою (резьба), ошақ (жаровня) сияқты терминдер осы тәсілмен жасалған.

Қорыта айтқанда, термин шығармашылығының бұл кезеңі ғылыми терминологияның ұлттық сипатын арттырудан гөрі совет халқына ортақ терминологиялық қор құрудың мақсат еткендігімен ерекшеленді.


15-тақырып: Қазақ терминологиясының зерттелуі

Дәріс жоспары:

  1. Қазақ терминологиясының зерттелуі

  2. Термин шығармашылығын зерттеуші ғалымдар еңбектері

Мақсаты: Қазақ терминологиясының зерттелуіне кезеңдік тұрғыдан қарау, зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасату.

Қысқаша мазмұны:

Соңғы жылдары терминология мәселесіне тілші ғалымдармен қатар салалық мамандар да айрықша назар аудара бастады. Бұл- қоғамдық өмірдің өзі туғызып отырған заңды құбылыс. Оның лингвистикалықта, экстралингвистикалық та себептері жеткілікті. Біздіңше, сол себептердің ең бастылары-экстралингвистикалық факторлар болып табылады.

Термин шығармашылығында 90-жылдарға дейін басшылыққа алынып келген принциптердің орталықтың тікелей әсерімен орыс тілінің үстемдігін арттыру мақсатында жасалып, қазақ тілінің өз заңдылықтарын ескермегендіктен, қазір тілшілердің алдында ол принциптерді қайта жасау міндеті тұр. Ондай принциптер жасалды да. Академик Ә.Қайдаров ұсынған 11 принциптің біразы алдағы уақытта ғылыми негізделіп бекітілуге тиісті жаңа принциптер қатарынан орын алуы керек деп білеміз.

Кеңестік дәуірде жасалған кейбір терминдердің қазірде өзгертілуінің ең басты себебі, олардың қазақ тілінің өз ерекшеліктері ескерілмеген терминжасам принциптері бойынша жасалғандығынан.

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап термин шығармашылығының жаңа бір кезеңі басталды деп айтуға толық негіз бар. Ғылым мен техниканың көптеген салаларында қазақ тілінің ішкі мүмкіндігін пайдалану арқылы жаңа терминдер жасалып, кезінде тілімізге орыс тіліндегі қалпын сақтап қабылданған кейбір терминдердің орнына қазақша баламалар ұсынылуда. Жаңа терминдердің арасында терминге қойылатын таларптарға жауап беретін сәтті шыққандары да, жауапсыздық пен тәжірибесіздік салдарынан сәтсіз жасалғандары да бар.

Тілші ғалымдар мен салааралық мамандардың термин шығармашылығындағы бұл үрдіске түрлі баға беруде. Айтылып жүрген пікірлерді негізінен екі топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі-ана тілінің өз мүмкіндігін пайдаланып термин жасау, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда шет тілдердің терминдерінің қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау қажет деген пікір. Екіншісі - термин шығармашылығында пуризм етек алып отыр, сондақтан оған жол бермей осыған дейін қалыптасқан терминдерді бұрынғысынша қалдырып, шет тілдерінен термин қабылдауға шек қоймау керек деген пікір.

Дегенмен, жалпы және жеке тіл біліміндегі терминология мәселелрін қарастыруға арналған еңбектерге сүйеніп, соңғы жылдары өзіміздее жарық көрген еңбектерді саралай қарайтын болсақ, бірінші пікірдің ғылыми негізінің берік екендігін ағаруға болады.

Жалпы қазір лексика – семантикалық тәсіл арқылды жасалған терминдерді ғылым мен техниканың, өзге де арнаулы салаларының кез келгенін кездестіруге болады. Олардың ішінде жаңадан жасалып жатқандары да, бұрынғы қазақша баламалары жоқ терминдердің орнына ұсынылып жатқандары да бар.

Мысалы, экономика саласындағы шабуыл (атака), дүрбелең (бум), кеден (таможня), қардар ( задаток) сияқты терминдер жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі арқылы жасалған.

Сөздердің терминденуіне ұғым белгілерінің қандай да бір ұқсастығы себеп болатынын айттық. Сондай ұқсастықтар негізінде метафора, метанимия, синекдоха сияқты әдеби–стилистикалық троптар арқылы сөз мағыналары алмасады. Терминологияда мұндай мағына ауысулары көркемдік-стилистикалық емес, номинативтік қызмет атқарады.

Келтірілген мысалдардағы қардар сөзі метонимиялық алмасу жолымен терминденген. Ардар сөзі жалпы қолданыста «кепілдік беріп сатып алушы адам» деген ұғымды білдірсе, экономикалық терминологияда «ақшалай сома» деген ұғымды білдіреді. Ұғымдардың бір-бірімен байланыстылығы, іргелестігі негізінде жалпы қолданыстағы сөз метанимиялық алмасу жолымен терминденіп, арнаулы саладағы ұғым атауы жасалған.

30-90 жылдар арасындағы кезеңде термин шығармашылығының терминдену тәсілі дәл қазіргідей өнімділік таныта алған жоқ. Қазақ тілінің ғылым салысындағы қызмет ету мүмкіндігіне жол берілмей отырған уақытта ол солай болуға тиіс те еді. Қазір қазақ тілі қоғам өмірінің барлық саласында қолданыла бастауына орай, термин жасаудың ішкі көздері ретінде жалпы қолданыстағы сөздер, диалектизмдер, көнерген сөздер, кәсіби сөздер термин шығармашылығында кеңінен пайдаланыла бастағандығы аңғарылып отыр. Бұл құбылысты сөз болып отырған соңғы кезеңнің экстарлингвистикалық факторлар әсерінен туындап отырған өзіндік ерекшелігі деп білген жөн.

Бақылау сұрақтары:

  1. Халықаралық терминдерді ұлттық тілдік қолданыста қолдау

  2. Термин жасауға қойылатын басты талаптар (критерий)

  3. Дәлме-дәл аударманың кемшін тұстары

  4. Қазақ терминологиясын зерттеуге үлес қосқан ғалым-ғұламалар

  5. Cөздің калькалануы (семантикалық конверсия) және сөз мағынасының нақтылануы

  6. Салаарлық омонимдердің жасалуы

  7. В.Даниленко тұжырымдамасы

  8. Қазақ тіл біліміндегі сөзтаптарының терминденуі

  9. Терминжасам

  10. Қазақ ғалымдарының терминология ғылымына қосқан үлестері

  11. Терминология және ұғымдар жүйесі.

  12. Бейтерминденудің терминдік өрістен айырмашылығы

  13. Дыбыс жағынан сәйкес келген терминдер және салалар арасындағы бір термин атауының әртүрлі мағынада қолданылуы

  14. Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі (мысалдар келтір).

  15. Жергілікті қолданыстағы сөздердің терминденуі жолдары.

  16. Кәсіби сөздердің қолданылу аясы.

  17. Термин мен кәсіби сөздің ортақ тұстары

  18. Терминдер жүйесінің қалыптасуы.

  19. Тарихи тұрғыдан жеке ғылым ретінде терминтану саласының даму эволюциясы

  20. А.Байтұрсынұлының терминтану саласында алар орны.

  21. М.Әуезовтің терминология саласы жөніндегі құнды пікірлері

  22. Терминком бекітетін терминдердің жалпы ұлттық сипатта қолданылуы.

  23. 90-шы жылдардан кейінгі терминдену саласының дамуы


ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


«Терминтану» пәнінен тәжірибелік сабақтардың әдістемелік нұсқаулығы

Семей, 2013

Әдістемелік нұсқаулық 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 3 курс студенттерінің тәжірибелік сабақтарын жүргізу мақсатында құрастырылған.

Құрастырушы: ф.ғ.к., Әбікенова Г.Т., оқытушы Илгишева М.Д.

1- тақырып: Терминология туралы жалпы мәлімет

Сабақтың мақсаты: Терминтану пәнінің қалыптасуы мен зерттеу нысаны жөнінде мағлұмат беру

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Терминология пәні.

2. Зерттеу нысаны

Тапсырма:

Термин атауының шығу төркіні

Жалпыхалыққа ортақ терминдердің қолданысы

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
2- тақырып: Терминдену – термин шығармашылығының бір тәсілі

Сабақтың мақсаты: Термин жасауға қойылатын талаптар, терминнің мағынасы мен түсініктілігі туралы мағлұмат беру

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Терминдену – термин шығармашылығының бір тәсілі

2. Аударма саласы мен терминдену саласы

Тапсырма: Термин шығармашылығының тәсілдеріне тоқталыңыз; терминдену процесі.

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
3 - тақырып: Сөз таптарының терминдену ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Термин жасауда сөз таптарының қолданысы туралы мәлімет беру

Қаралатын негізгі сұрақтар:


  1. Сөз таптары және терминдер

  2. Сөз таптарының термин жасау қабілеті

Тапсырма: Субстантивтенген зат есімдерден жасалған терминдер

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
4 - тақырып: Терминдену және термин шығармашылығындағы шарттылық

Сабақтың мақсаты: Терминдену және термин шығармашылығындағы шарттылықпен таныстыру

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Терминденудің зерттелуі

2. Термин шығармашылығындағы шарттылық

Тапсырма:

Терминге қойылатын талаптарды ата?

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
5 - тақырып: Терминологиялық өріс

Сабақтың мақсаты: Термин сөздің термин ретінде өмір сүру аймағының шекарасын анықтау қажеттілігі туындайды. Терминологияда ондай аумақ-терминологиялық өріс деп танылатындығын түсіндіру.

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Терминологиялық принциптер

2. Терминнің белгілі бір ғылым шеңберінде ғана қолданылуы



3. Терминнің қолданылу аясын кеңейту мәселесі

Тапсырма:

«Терминологиялық өріс» терминінің қалыптасуы мен қолданысы жөнінде дерек жинаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
6 - тақырып: Жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер

Сабақтың мақсаты: Жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктеріне даралап тоқталу

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы ұқсастықтар

2.Жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен терминдердің семалық құрылысындағы өзгешеліктер

Тапсырма:

Жалпыхалықтық терминдердің мағыналық жағы, беретін ұғымы



Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
7 - тақырып: Терминнің терминологиялық өрістен тыс қолданылуы

Сабақтың мақсаты: Терминнің терминологиялық өрістен тыс қолданылуы туралы мәлімет беру

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Терминді мақсатына қарай дұрыс қолдана білу

2. Терминологиялық өрістен тыс терминнің қолданысы

Тапсырма:

Бейтерминдену туралы мәліметтер ұсыныңыз

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект

8 - тақырып: Терминдену – салааралық және жүйеаралық омоним тудырушы жұрнақтар

Сабақтың мақсаты: Терминдену – салааралық және жүйеаралық омоним тудырушы жұрнақтар туралы мәлімет беру.

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Салааралық омоним тудырушы жұрнақтар

2. Жүйеаралық омоним тудырушы жұрнақтар

Тапсырма:

Омонимдердің термин жасаудағы ролі қандай екендігін анықтаңыз



Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
9 - тақырып: Терминдер мен омонимдердің арасындағы ұқсастық белгілер

Сабақтың мақсаты: Терминдер мен омонимдердің арасындағы ұқсастық белгілерге тоқталу.

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Терминдердің өзіне тән ерекшеліктері

2. Омонимдердің өздеріне тән даралықтары

Тапсырма:

Терминдер мен омонимдердің ұқсастығы мен айырмашылығын кесте түрінде салыстыра отырып беріңіз.



Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
10 - тақырып: Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі

Сабақтың мақсаты: Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуіне тоқталу

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Ауызекі лексика мен терминдік лексиканың аражігі

2. Жалпы лексикадағы сөздердің терминдену дәрежесі

Тапсырма:

Жалпы қолданыстағы сөздердің терминдену құбылысына тоқталыңыз

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
11 - тақырып: Жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі жайлы қазақ ғалымдарының пікірлері

Сабақтың мақсаты: Кәсіби сөздердің терминденуі туралы мәлімет беру

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Кәсіби сөздердің терминденуі

2. Кәсіби сөздер мен терминдер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар.

Тапсырма:

Кәсіби сөздердің өз ішінде жіктелісіне тоқталыңыз

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
12 - тақырып: Кәсіби сөздердің терминденуі

Сабақтың мақсаты: Қазақ терминологиясында кәсіби сөздердің терминдену жолдарына тоқталу

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Кәсіби сөздердің терминденуі жөнінде пікір білдірген қазақ ғалымдарының тұжырымдарына тоқталу



Тапсырма:

Қазақ тіліндегі терминдену жолдарына тоқталу



Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
13 - тақырып: Қазақ терминологиясында кәсіби сөздердің терминдену жолдары

Сабақтың мақсаты: Аймақтық лексиканың терминденуі жолдарын түсіндіру

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Аймақтық лексиканың терминденуі жолдары

Тапсырма:

Қазақстан Республикасындағы аймақтық тіл ерекшеліктерінің терминденуіне мысалдар келтіріңіздер



Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
14 - тақырып: Аймақтық лексиканың терминденуі

Сабақтың мақсаты:

Аймақтық лексикаға тән белгілерге тоқталу

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Диалектілер мен ерекше тілдік қолданыстардың терминденуі



Тапсырма:

Аймақтық лексиканың терминдену мүмкіндігін дәлелдеңіз



Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект
15 - тақырып: Қазақ терминологиясының зерттелуі

Сабақтың мақсаты: Қазақ терминологиясының зерттелуіне шолу жасау

Қаралатын негізгі сұрақтар:

1. Қазақ терминологиясы қайнар бастаулары

2. 30-90 жылдардағы терминология саласының дамуы

3. Бүгінгі таңдағы терминтану мәселелері



Тапсырма:

Қазақ терминологиясы тарихын дәуірлеу үшін хронологиялық кесте жасаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Есеп беру түрі: конспект

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

«Терминтану» пәнінен оқытушы басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмыстарының әдістемелік нұсқаулығы

Семей, 2013

Оқытушы басшылығымен орындалатын студенттің өздік жұмыстарының әдістемелік нұсқаулық 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 4 курс студенттерінің өздік жұмыстарын орындауға бағыт беру мақсатында құрастырылған.

Құрастырушы: ф.ғ.к., Әбікенов М.Т.

1-тақырып: Терминология туралы жалпы мәлімет

Сабақтың мақсаты: Әлемнің бірқатар елдерінде терминтанудың пән ретінде дамуының өзіндік тарихы жайлы жалпы мәлімет беру. Термин және оның негізгі белгілері жайлы түсінік қалыптастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.О.Вюстер австриялық терминтанушылар мектебі


2 КСРО терминтану мектебі.

3.Прага терминтану мектебі.



Тапсырма:

Терминологиядағы қазіргі жағдайдың қалыптасуының негізгі себептеріне тоқталу.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет