Байланысты: Қорытынды Бақылау ФКХ 12.01.22. каз. — копия (2)
Коллоидтық ертінділерді алу және тазарту әдістері. Диализ, электро-диализ, ультрафильтрация.
Коллоидтық жүйелердің кинетикалық және термодинамикалық тұрақтылығы. Дисперсті фаза бөлшектерінің бірігуі және седиментациясы.Тұрақтылық факторлары.
Коллоидтар термодинамикалық тұрақсыз жүйе болып табылады. Коллоидтардың тұрақтылығы қорғаушы иондармен молекулалық қабаттардың түзілуімен қамтамассыз етіледі.Коллоидтардың тұрақтылығын екіге бөлуге болады: кинетикалық және агрегаттық тұрақтылық. Кинетикалық тұрақтылық –дисперсті жүйе ерітіндісінің барлық көлемінде бөлшектердің бірдей таралуын қамтамасыз ету қабілетін .Жоғары дисперсиялық жүйелердің, шын ерітінділер сияқты кинетика лық тұрақтылығы жоғары болады, ал ірі диспер сиялық жүйелердің кинетикалық тұрақтылығы төмен, себебі бұлардың бөлшектері іс жүзінде жылу қозғалысын іске асыра алмайды.
Дисперсиялық жуйенің ерітіндінің барлық көлемінде бөлшектердің бірдей таралуын қамтамасыз ету қабілетін седиментациялық немесе кинетикалық тұрақтылық деп атайды.
Коллоидты бөлшектердің тұрақтылық факторлары: • фазаның дисперстілігі; • ортаның тұтқырлығы; • осы ортамен байланысты броун қозғалысы; • коллоидты бөлшектерді бірімен-бірінің қосылуынан сақтайтын бір аттас зарядтардың болуы (электрокинетикалық потенциал); • диффузиялық қабаттың қарсы иондармен еріткіштің молекулаларынан тұратын гидраттық не сольваттық қабаттардың болуы. Коллоидтардың тұрақтылығын, коллоидты бөлшектердің құрылыстық-механикалық қасиеттерін жоғарылатылған адсорбциялық қабат құру арқылы арттыруға болады. Осы әдіс арқылы коагуляцияға кедергі жасауға мүмкіндік туады. Зольдің электролиттер әсеріне тұрақтылығын жоғары молекулалы қосылыстардың (желатин, казеин, жұмыртқа альбумині т.б.) аздаған мөлшерін қосу арқылы арттыруды қорғау деп атайды. Қорғалған зольдер электролиттер әсеріне тұрақты келеді.