Термодинамика заңдары. Изопроцестер, олардың медицинада қолданылуы



бет2/4
Дата11.03.2023
өлшемі2,87 Mb.
#171911
1   2   3   4
Байланысты:
Термо.doc

Ішкі энергия

  • U-ішкі энергия жүйесінің жалпы энергия қорын сипаттайды. Ішкі энергия заттың табиғатына, оның массасы мен жүйе күйінің параметрлеріне тәуелді. Жүйенің толық ішкі энергия қорын анықтау мүмкін емес, тек жүйенің бастапқы (U1) және соңғы күйдегі (U2) ішкі энергия айырымын, яғни энергия өзгерісін (U) ғана есептеуге болады:
  • U=U2-U1

Изопроцестер

  • Изопроцестер деп үш параметрдің (Р, V, Т) біреуі тұрақты болғандағы басқа екі параметр өзгеретін процесті айтады.
  • Газ күйін сипаттау және оның қасиеттерін қарастыру үшін үш шаманы пайдаланады. Р - қысым, V - көлем, Т – температура.
  • Изопроцестер үшеу: изотермалық, изобаралық, изохоралық.
  • 1. Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі изотермалық процес деп атайды.
  • 2. Тұрақты қысымда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі изобаралық процес деп аталады.
  • 3. Көлем тұрақты болғанда, температураның өзгеруінен туындайтын газ қысымының өзгеру процесін изохоралық процес деп атайды.

Газ температурасы мен қысым өзгерісінің массаға әсері

  • Егер газдың температурасы өзгермесе, онда оның берілген массасы үшін газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады.
  • T=const: РV= const: Р1/Р2=V1/V2 Р1/V1=Р2/V2:
  • Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1662 жылы ағылшын ғалымы Р. Бойль, одан біраз кейінірек 1676 жылы француз ғаламы Э. Мариотт ашты. Сондықтан ол Бойль - Мариотт заңы деп аталады.
  • Егер газ қысымы өзгермесе, берілген массалы газ үшін көлемнің температураға қатынасы тұрақты болады.
  • Р= const: V/T= const: V1/V2=T1/T2 V=V(1+at) V=V0аТ.
  • Бұл заңды 1802 жылы француз ғаламы Гей - Люссак тәжірибе жүзінде тағайындалған. Сондықтан ол Гей - Люссак заңы деп аталады.

Тұрақты температурада газ қысымының көлемге тәуелділігі график түрінде изотерма деп аталатын қисық сызық арқылы кескінделеді. V көлем мен Р қысым изотермалық процесс кезінде өзара кері пропорционал өзгеретіндіктен, мұндай изотерма гипербола деп аталады.

  • Тұрақты температурада газ қысымының көлемге тәуелділігі график түрінде изотерма деп аталатын қисық сызық арқылы кескінделеді. V көлем мен Р қысым изотермалық процесс кезінде өзара кері пропорционал өзгеретіндіктен, мұндай изотерма гипербола деп аталады.
  • Әр түрлі тұрақты температура әр түрлі изотермалар сәйкес келеді. Изотермалық процесс өтетін температура неғұрлым жоғары болса, ыдыс қабырғасына соғұрлым қысым көп түседі, сондықтан жоғары Т2 температураға сәйкес изотерма, төмен Т1 температураға сәйкес келетін изотермадан жоғары жатады.
  • Р, Т және V, Т координаталар жүйелерінде температура үнемі тұрақты болғандықтан, изотермалық процесс Р және V осьтеріне параллель түзулермен кескінделеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет