Термодинамиканың негізгі түсініктері. Термодинамиканың бірінші бастамасы
Алғаш физикалық химия пән ретінде 18 ғ. ортасында қалыптасқан, Физикалық химияның негізін қалаған М.В.Ломоносов болды. Ол Физикалық химия-бұл физиканың заңдары мен қағидалары арқылы күрделі денелердегі химиялық операциялардың жүру себебін анықтайтын ғылым деп анықтама берген.
Физикалық химияның дамуы мен жеке пән ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдарға: Лавуазе мен Лаплас, Гальвани мен Вольте, Бертолле, Дальтон, Гей-Люссак, Авогадро, Вант-Гофф, Фарадей, Карно, В.Гиббс, Гесс, Н.Н.Бекетов, Льюис т.б. көптеген ғалымдарды айтуға болады.