3.2. Сақтар 11 нұсқа 1. Б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа:
А. Сақтар
В. Түріктер
С. Ғұндар
Д. Аландар
Е. Аварлар
2. Сақтар туралы мәліметтер кездесетін деректер:
А. Грек, парсы авторларының шығармалары
В. Орхон-Енисей жазбалары
С. Үнді ведалары
Д. Қытай жылнамалары
Е. Орыс жылнамалары
3. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы:
А. Марцеллин
В. Геродот
С. Цицерон
Д. Гомер
Е. Гиппократ
4. Қазақстан жеріндегі сақ тайпалары туралы жазған ел:
А. Қытайлар
В. Ұйғырлар
С. Немістер
Д. Парсылар
Е. Үнділер
5. Иран жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы:
А. Дарияның арғы жағындағылар
В. Досқа адал адамдар
С. Жүйрік атты турлар
Д. Тәңірге табынушылар
Е. Мұртты жігіттер
6. Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы:
А. Көшпелі тұрғындар
В. Абыз адамдар
С. Құдіретті еркектер
Д. Сусын даярлаушылар
Е. Шошақ бөріктілер
7. Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы:
А. Азиялық скифтер
В. Құдіретті еркектер
С. Жүйрік атты турлар
Д. Дұшпанға қатал жандар
Е. Көшпелілер
8. Грек деректеріндегі көшпелілердің тағы бір атауы:
А. Турлар
В. Тұрандықтар
С. Сақтар
Д. Дайлар.
Е. Көшпелілер
9. Ежелгі грек авторы Геродоттың сақтарды атауы:
А. Тиграхауда
В. Парадарайа
С. Тур
Д. Ғұн
Е. Массагет
10. Парсы жазбаларындағы Жетісуда және Сырдарияның орта ағысында тұрған сақтар:
А. Массагет
В. Дай
С. Сақ тиграхауда
Д. Дах
Е. Исседон
11. Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар:
А. Массагет
В. Дай
С. Сақ-парадарайа
Д. Дах
Е. Исседон
12. Сақ-парадарайаларының оңтүстігінде қоныстанған сақтардың атауы:
А. Исседондар
В. Хаумоваргалар
С. Ғұндар
Д. Дахтар
Е. Қаңлылар
13. Сақтар туралы «дұшпанға-қатал, досқа-адал» деп баяндағандар:
А. Парсы авторлары
В. Қытай жылнамашылары
С. Орыс жылнамашылары
Д. Үнді тарихшылары
Е. Грек авторлары
14. Сақ әйелдері туралы «ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі» деп
баяндайтын грек авторы:
А. Геродот
В. Ксеркс
С. Полиэн
Д. Ктесий
Е. Кир
15. «Шошақ бөріктілер» деп аталғандар:
А. Ғұндар
В. Дайлар
С. Дахтар
Д. Тиграхауда сақтары
Е. Сарматтар
16. Тиграхауда сақтарының қоныстанған аумағы:
А. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу
В. Солтүстік қазақстан мен Орал тауы
С. Батыс Қазақстан
Д. Шығыс Қазақстан мен Алтай тауы
Е. Маңғыстау мен Каспийдің оңтүстігі
17. Сақ қоғамындағы тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді шешкендер:
А. Тайпа көсемі
В. Тархан
С. Бек
Д. Жауынгер
Е. Абыз
18. Сақ қоғамындағы топтар:
А. Бектер, әскерлер, қара бұдын
В. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер
С. Байлар, шаруалар, жауынгерлер
Д. Батырлар, Тектілер, Таттар
Е. Дінбасылар, ақсүйектер, құлдар
19. Сақ жауынгерлерінің киім түсі:
А. Ақ
В. Қызыл және сары-қызыл
С. Жасыл
Д. Көгілдір
Е. Қара
20. Сақ қоғамындағы малшылар мен егіншілердің киім түсі:
А. Қара
В. Сары көк
С. Ақ
Д. Қоңыр
Е. Ала
21. Сақ жауынгерлерінің ежелгі үнді-иран тіліндегі атауы:
А. «Жүйрік ерлер»
В. «Сегізаяқтылар»
С. «Көшпелілер»
Д. «Арбада тұрғандар»
Е. «Балуандар»
22. Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі:
А. Көйлегі
В. Белбеуі мен қанжары
С. Қамшысы
Д. Асатаяғы мен тұмаршалары
Е. Тостаған мен ерекше бас киімі
23. Сақ қоғамындагы «сегізаяқтылыр» деп аталғандар:
А. Абыздар
В. Жауынгерлер
С. Патшалар
Д. Малшылар мен егіншілер
Е. Емшілер
24. Деректерден белгілі б.з.б. 570-520 ж. өмір сүрген сақ патшайымы:
А. Томирис
В. Бопай
С. Тамара
Д. Бөрте
Е. Сара
25. Томиристен басқа, сақтардың белгілі әйел патшасы:
А. Тұмар
В. Бөрте
С. Бопай
Д. Тамара
Е. Зарина