Тест база По классам этап(1)



бет16/128
Дата05.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#173788
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128
Байланысты:
TEST KAZ TAR (1)

Үйсіндер 16 нұсқа


1. Үйсіндер алғашында кімдерге тәуелді болды?
А. Ғүндарға
В. Сақтарға
С. Парсыларға
Д. Қаңлыларға
Е. Қытайларға
2 . Үйсіндердегі «Алтын тәті» бұл:
А. Сырнай
В. Алтын орақ
С. Жүйрік ат
Д. Тәж тәрізді әшекейлі бас киім
Е. Құмыра
3. Үйсін ерлерінің басты міндеті:
А. Соғысу
В. Жарысу
С. От басын және мал-мүліктерін қорғау
Д. Сауда жасау
Е. Отты өшірмеу
4. Үйсіндерде кімдер қайыңды ойып ыдыс-аяқ жасады?
А. Көсемдер
В. Малшылар
С. Ағаш ұсталары
Д. Жауынгерлер
Е. Бектер
5. Қарғалыдан табылған үйсін зергерлерінің тамаша туындысы:
А. Қобыз
В. Домбыра
С. Керней
Д. Сыбызғы
Е. Алтын тәті
6. Үйсіндерге тиесілі «Алтын тәті» табылған жер:
А. Қордай
В. Аңырақай
С. Қарғалы
Д. Алматы
Е. Тараз
7. Қарғалыдан табылған «Алтын тәті» қай уақытқа жатады?
А. Б.з.б. V ғ.
В. Х ғ.
С. І ғ.
Д. Б.з.б. ІІ – І ғғ.
Е. Б.з.б. ІІІ ғғ.
8. Үйсіндер үйлерінің еденін немен сылады?
А. Балшықпен
В. Арнайы қоспамен
С. Күл қосындысымен
Д. Қимен
Е. Қызыл минералмен
9. Үйсіндерде жайлау мен қыстау арасы неше шақырымды құрады?
А. 5-6
В. 7-8
С. 20-100
Д. 7-8
Е. 40-50
10. Үйсіндердегі құлдар қайдан шықты:
А. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды
В. Мүлік теңсіздігі нәтижесінде қалыптасты
С. Кедейленген шаруалардан шықты
Д. Малынан айырылған малшылардан шықты
Е. Кедейленеген қолөнершілерден тұрды
11. Үйсіндер өз жылқыларын тез ажырату үшін істеген әрекеті:
А. Таңба салды
В. Ен салды
С. Құйрықтарын безендірді
Д. Құлындарын үйде ұстады
Е. Жылқыларға ат қойды
12. Үйсіндердегі әртүрлі заттарға салынған таңбалар нені білдіреді?
А. Өнердің дамығанын
В. Қолөнершілердің шеберлігін
С. Жеке меншіктің болғанын
Д. Тауарлардың шеттен тасылғанын
Е. Халықтың рулық құрамын
13. Егіншілікпен айналысатын үйсіндердің өсірген дақылдары:
А. Қауын-қарбыз
В. Өрік, жүзім
С. Күріш, мақта
Д. Құмық, бидай
Е. Арпа, тары

14. Қазба жұмыстары кезінде үйсіндерге тиесілі тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің


табылуы нені дәлелдейді?
А. Үйсіндердің егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді
В. Тас кетпендер мен орақтарды және дәнүккіштерді сырттан көп сатып алғанын дәлелдейді
С. Тас кетпендер мен орақтарды және дәнүккіштерді көрші елдерге көптеп сатқанын дәлелдейді
Д. Үйсіндердің сауда-саттықпен айналысқанын білдіреді
Е. Үйсіндерде мүлік теңсіздігі орнағанын айғақтайды
15. Үйсіндерде бір ауылдағы үй саны:
А. 20-25 үй
В. 50-55 үй
С. 10-12 үй
Д. 4-5 үй
Е. 30-35 үй
16. Үйсін шеберлерінің сүйектен жасаған бұйымдары:
А. Үзеңгі, ат-әбзелдері
В. Найзаның ұштары
С. Түйме, түйреуіш пен ілгектер
Д. Пышақ, егіншілік құрал-саймандары
Е. Садақ, жебе ұштары
17. Үйсіндердің тастан жасаған заттары:
А. Пышақ
В. Найза
С. Күректің саптары
Д. Ұршықбас, қайрақ тас
Е. Қасық
18. Қарғалыдан табылған «алтын тәті» тор көздеріне салынған суреттері:
А. Аңдардың, жануарлар мен адам бейнелері
В. Геометриялық фигуралар
С. Ою-өрнектер
Д. Соғысу мен аң аулау сәттері
Е. Гүл мен өсімдіктер
19. Қарғалыдан табылған «алтын тәті» немен әшекейленген?
А. Алмаспен
В. Күміспен
С. Алтынмен
Д. Көгілдір, қызыл-қоңыр, қызыл тастармен
Е. Мыспен
20. Үйсіндер өлген адамды тіріледі деп есептегендіктен істеген әрекеттері:
А. Адамдарды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бәрін қоса көмген
В. Өлген адамға пирамидалар тұрғызған
С. Өлген адамға арнап ескерткіш қойған
Д. Өлген адамдардың мәйітін арнайы орындарда сақтаған
Е. Өлген адамдардың тірі кезінде қолданған заттарын сақтауға тырысқан
21. Үйсіндер дәуірі кезіндегі бейіттерді қазғанда табылған археологиялық олжалар:
А. Мумия
В. Шырақ жағатын табақ, құрбандық ыдыстар
С. Жануарлардың, адамдардың мүсіндері
Д. Бағалы тастармен безендірілген шыңы ыдыстар
Е. Жібек маталар мен піл сүйектерінен жасалған шахмат фигуралары
22. Үйсіндерде жіп иіру мен тоқымашылық өнері арқасында қол жеткен табыстары:
А. Киіз басу, жүннен киім тоқу, тігін тігу ісі өрістеді
В. Ішкі сауда өрістеді
С. Сыртқы сауда өрістеді
Д. Мал саны арта түсті
Е. Жібек шаруашылығы дамыды
23. Үйсіндер арасындағы ағаш ұсталарының айналысқан жұмысы:
А. Ағаштардан қайықтарды ойып жасады
В. Қайықтың ескектерін әзірледі
С. Өлгендерге арнап табыттар жасады
Д. Диірмендер тұрғызды
Е. Қайыңнан астау, табақ, тостағандар мен ожауларды ойып жасаған
24. Үйсіндер мыс пен қоланы балқыту арқылы қол жеткізген табыстары:
А. Орақ, пышақ, біз, шеге, қазандар, құрбандық ыдыстары, қару-жарақ жасаған
В. Билеушілерге арнап мүсіндер жасаған
С. Өлген адамдарға арнап кесене тұрғызуға материалдар жасаған
Д. Су диірмендерінің бөлшектерін жасаған
Е. Үйлердің шатырына темір жапқыштар жасаған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет