7 – сынып
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
1-тарау. Түрік дәуіріндегі мемлекеттер
Түрік қағанаты
Нұсқа
1. Ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі:
А. Түрік қағанаты
В. Түркеш қағанаты
С. Қарахан мемлекеті
Д. Қарлұқ қағанаты
Е. Шығыс Түрік қағанаты
2. «Түрік» этнонимі қай деректерде алғаш рет кездеседі:
А. Қытай
В. Парсы
С. Араб
Д. Грек
Е. Үнді
3. «Түрік» этнонимі бірінші рет қытай деректерде қашан кездесті:
А. 542
В. 545
С. 440
Д. 452
Е. 330
4. Түрік қағанаты қашан құрылды:
А. 552
В. 535
С. 603
Д. 656
Е. 751
5. Түрік қағанатының тарихи мерзімі:
А. 552 - 603
В. 535-581
С. 603-704
Д. 656-711
Е. 751-840
6. «Теле» сөзінің мағынасы:
А. Түркі
В. Қыпшақ
С. Татар
Д. Тат
Е. Тархан
7. Түрік қағанатының негізін қалаған қаған:
А. Бумын
В. Елтеріс
С. Күлтегін
Д. Тоныкөк
Е. Иштеми
8. Бумын кімдерді жеңген соң Түрік қағанатының билеушісі болды:
А. Жужандарды
В. Ұйғырларды
С. Басмырларды
Д. Қырғыздарды
Е. Тоғыз тайпасы
9. Түрік қағанатының басым бөлігін құрағандар:
А. Теле (тирек) тайпалары
В. Гуз-угор тайпалары
С. Хионит (ақ ғұн) тайпалары
Д. Тоғыз оғыз тайпалары
Е. Моңғол тайпалары
10. Телелердің құрамына кіретін негізгі тайпалар:
А. Дулу, нушеби
В. Қытай, қырғыз
С. қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін
Д. Татар, моңғол
Е. Қимақ, қыпшақ
11. Түрік қағанатының құрамына теленің неше тайпасы енді?
А. 10
В. 30
С. 40
Д. 20
Е. 6
12. Шығыс Еуропадан Солтүстік Монғоляға дейінгі жазық белдеуді мекендеген, ең үлкен түркі тілдес
тайпа:
А. Теле
В. Түргеш
С. Басмыл
Д. Ұйғыр
Е. Дулу
13. Бумын елді қай кезеңде басқарды:
А. Түрік.
В. Түргеш
С. Дулу
Д. Нушеби
Е. Қырғыз
14. Бумын қаған Қытаймен саяси байланысты нығайта түсу үшін не істеді?
А. Қытайға қоныс аударды
В. Қытай әмірінің қызына үйленді.
С. Елші жіберді
Д. Көмек берді
Е. Келісімге келді
15. Жужан қағаны Анағұйды женген соң Бумын иеленген атақ:
А. Гурхан
В. Бек
С. Жабғу
Д. Елхан
Е. Патша
16. 552-554 жылдары Қара-Ескенің інісі Мұқан кезінде жужандар:
А. Елшілер жіберді
В. Жеңді
С. Бас көтерілместей жеңілді
Д. Соғыспады
Е. Араласпады
17. 10 түмен қол бастаған Бумын қағанның інісі:
А. Күлтегін
В. Иштеми
С. Білге
Д. Тоныкөк
Е. Сұлу
18. Ерте түрік феодалдық мемелекетінің бөлінуі:
А.Ұлысқа
В. Қағандыққа
С. Хандыққа
Д. Патшалыққа
Е. Сұлтандыққа
19. VI ғ.70-жылдары Түрік қағанаты қай жерге дейін үстемдік етті:
А. Балтық жағалауына дейін
В. Солтүстік теңізге дейін
С. Рейнге дейін
Д. Сенаға дейін
Е. Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстігіне дейін жетті
20. 555 жылы түріктердің жеткен жері:
А. Азов теңізіне дейін
В. Дунайға дейін
С. Арал теңізіне дейін
Д. Каспийге дейін
Е. Еділге дейін
21. 568 жылы Түрік қағанатының Константинопольге барған елшілігін басқарған елші:
А. Земарх
В. Маниах
С. Менандр
Д. Иштеми
Е. Сұлу
22. Қағанаттың өз ішінде соғыстар қай жылы басталды:
А. 551 жылы
В. 603 жылы
С. 581 жылы
Д. 548 жылы
Е. 568 жылы
23.Түрік қағанаты мен Византия арасында келісім жасалған жыл:
А. 568 жыл
В. 950 жыл
С. 704 жыл
Д. 756 жыл
Е. 804 жыл
24. 561-563 жылдары түріктер эфталиттерге қарсы одақ құрған ел:
А. Қытаймен
В. Иранмен
С. Оғыз хазар қағанатымен
Д. Араб халифатымен
Е. Батыс елдерімен
25. Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке қай қағанның кезінде ие болды:
А. Бумын
В. Мұқан қаған
С. Елтеріс
Д. Білге
Е. Құтылық
Достарыңызбен бөлісу: |