Тест база По классам этап(1)


Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы



бет59/128
Дата05.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#173788
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   128
Байланысты:
TEST KAZ TAR (1)

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

1 Нұсқа.

1. Монғолияның Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға шабуыл жасауының басты себебі:


А. Хорезмшахпен келісім
В. Соғысқа дайын болуы
С. Отырар опаты
Д. Соғыс техникасын сынап көру
Е. Күштілігін көрсету
2. «Отырар опаты» дегеніміз:
А. Қаланың суға кетуі
В. Қаладағы індет
С. Қаладағы жұт
Д. 1218 жылы Шыңғысхан жіберген саудагерлердің Отырарда өлтірілуі
Е. Қаладағы өрт
3. 1219 жылы Шағатай мен Үдегей қоршауға алған қала:
А. Жент
В. Отырар
С. Шаш
Д. Сарай
Е. Самарқанд
4. 1218 жылы Шыңғысханға ұрыссыз берілген қала:
А. Үргеніш
В. Баласағұн
С. Жент
Д. Ашнас
Е. Сығанақ
5. Монғолдар Баласағұнды қарсыласпай берілгені үшін, қойған атауы:
А. Чимги-Тура
В. Шымқала
С. Гобалық
Д. Жаманқала
Е. Аққала
6. Отырар қаласы Монғолдарға неше уақыт берілмеген?
А. 1 ай,
В. 2 ай
С. 1 жыл
Д. 6 ай,
Е. 10 ай
7. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты:
А. 1220-1224 жж.
В. 1310-1340 жж.
С. 1219-1220 жж.
Д. 1250-1255 жж.
Е. 1360-1375 жж.
8. 1223 жылы Калка өзеніндегі шайқаста монғолдарға кімдердің біріккен күші қарсы тұрды:
А. Арабтар мен орыстар
В. Селжұқтар мен қарақытайлар
С. Орыстар мен қыпшақтар (половецтер)
Д. Орыстар мен оғыздар
Е. Орыстар мен бұлғарлар
9. Көп қалалар қаңырап бос қалған кезең:
А. XIII ғасырдың бірінші жартысы
В. XV ғ.
С. XVI ғасырдың бірінші жартысы
Д. ХІV ғасырдың бірінші жартысы
Е. XVII ғ.
10. 1219 жылы Шыңғысханның Ертістен Сырдарияға қарай аттанғандағы әскер саны:
А. 150 мың
В. 200 мың
С. 5 мың
Д. 40 мың
Е. 90 мың
11. Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлерінің атауы :
А. Аймақ
В. Иқта, Сойырғал
С. Інж (жасау)
Д. Вакф
Е. Кесек
12.Жошы ұлысы алып жатқан аймақ:
А. Әмудария, Қызыл теңіз аралығы
В. Жерорта теңізі жағалауы
С. Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы
Д. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Жетісу мен Орта Азия
Е. Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік - шығыс бөлігі
13. Шағатай ұлысы алып жатқан аймақ:
А. Алтай, Тарбағатай
В. Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік - шығыс бөлігі
С. Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы
Д. Сарыарқа
Е. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Жетісу мен Орта Азия

14.Үгедей ұлысы алып жатқан аймақ:


А. Мауараннахр
В. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Жетісу мен Орта Азия
С. Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік - шығыс бөлігі
Д. Жетісу, Үстірт, Маңғыстау
Е. Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы
15. Төле ұлысы алып жатқан аймақ:
А. Сарыарқа
В. Жетісу
С. Монғолия жері
Д. Маңғыстау
Е. Мауараннахр
16. Ұлы хан атағын алған Үгедей тұрған қала:
А. Өзкент
В. Қарақорым
С. Отырар
Д. Тараз
Е. Үрімші
17. Шыңғысхан тұсындағы Монғол империясының астанасы:
А. Қарақорым
В. Чэнду
С. Ляоян
Д. Балықты
Е. Сауран
18. Шыңғысхан қайтыс болған жыл:
А. 1227 ж.
В. 1206 ж.
С. 1237 ж.
Д. 1247 ж.
Е. 1260 ж.
19. Монғол басқыншылығы қазақ халқының халық болып қалаптасуын кешеуілдетті:
А. 1 ғасырға
В. 150-200 жылға
С. 10 жылға
Д. 5 ғасырға
Е. 25 жылға
20. Жер көлеміне байланысты салық түрі:
А. Үшір
В. Зекет
С. Қалан
Д. Баж
Е. Құшыр
21. Әскери азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, жиналатын салық түрі:
А. Зекет
В. Үшір
С. Тағар
Д. Қалан
Е. Баж
22. Қай ұлы хан өлгеннен кейін Шыңғыс ұрпақтары арасында талас шиеленісе бастады?
А. Мөңке
В. Үгедей
С. Жошы
Д. Шайбан
Е. Шағатай
23. Шағатай ұлысының орталығы:
А. Алмалық
В. Қарақорым
С. Сарайшық
Д. Сарай Берке
Е. Сауран
24. Жошы ұлысының орталығы:
А. Қарақорым
В. Алмалық
С. Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысы
Д. Жент
Е. Тура

25. Азаматтық, әскери істерді орындау және жазалау туралы ережелер «Жасақтың» қай бөлімінде айтылады?


А. Үшінші
В. Бесінші
С. Екінші
Д. Оныншы
Е. Айтылмаған
2Нұсқа.

1. Жошы ұлысының жерінде құрылған алғашқы мемлекет:


А. Ақ Орда
В. Алтын Орда
С. Әбілқайыр хандығы
Д. Хулагу мемлекеті
Е. Сібір хандығы
2. Алтын Орда кезеңі :
А. VI-XII ғғ.
В. X-XII ғғ.
С. XIII ғ. ортасы – XVI ғ. басы
Д. XV-XVIII ғғ.
Е. XVII-XIX ғғ.
3. Алтын Орданың негізін қалаған хан:
А. Батый
В. Жошы
С. Үгедей
Д. Төле
Е. Шағатай
4. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыға тиісті ұлыс:
А. Аравия түбегі
В. Мауараннахр
С. Сарытауқұм
Д. Ертіс өзенінен батыс Еуропаға дейінгі жер
Е. Қызылқұм, Қарақұм, Гоби шөлі
5. Алтын Орданың астанасы:
А. Қажы Тархан
В. Тура
С. Сарай - Бату кейін - Сарай-Берке
Д. Қарақорым
Е. Бейжін
6. Батый ханның Алтын Орданы билеген жырлары:
А. 1206-1227 жж.
В. 1227-1255 жж.
С. 1237-1240 жж.
Д. 1337-1370 жж.
Е. 1465-1731 жж.
7. Еуропаға жорықты бастаған монғол ханы:
А. Батый хан
В. Жошы
С. Шағатай
Д. Үгедей
Е. Мөңке
8. Мұсылман деректерінде әділ болған монғол ханы:
А. Жошы
В. Шағатай
С. Төле
Д. Батый хан
Е. Бейбарыс
9. Алтын Ордада ислам дінінің мемлекеттік дінге айналған кезі қай ханның тұсы?
А. Берке
В. Өзбек
С. Мөңке
Д. Үгедей
Е. Жошы
10.Алтын Орда қай ханның тұсында өз ақшасын шығара бастады?
А. Берке
В. Батуй
С. Мөңке
Д. Шыңғыс
Е. Төле
11.Батыйдың батысқа бастаған жорығы :
А. 1242-1252 жж.
В. 1236-1242 жж.
С. 1206-1227 жж.
Д. 1336-1436 жж.
Е. 1390-1395 жж.
12. Қай ханның тұсында Алтын Орда біртұтас монғол империясының тәуелсіз мемлекеті болды?
А. Мөңке В. Берке С. Жошы Д. Батый Е. Төле
13.Қазақ даласынан Египет мемлекетіне құлдыққа сатылған Мәмлүк елінің 4-ші сұлтаны:
А. Салах-ад-дин В. Захар-ад-дин С. Кейқауыс Д. Бейбарыс Е. Текеш

14.Берке хан өз елшісін Египетке сұлтан Бейбарысқа жіберген жыл:


А. 1240 ж.
В. 1262 ж
С. 1280 ж.
Д. 1290 ж.
Е. 1465 ж.
15.Берке хан Кавказ жерінде жорықта қайтыс болған жыл:
А. 1266 ж.
В. 1206 ж.
С. 1240 ж.
Д. 1280 ж.
Е. 1290 ж.
16.Алтын Орда ханы Меңгу-Темірдің билеген жылдары:
А. 1206-12227 жж.
В. 1236-1242 жж.
С. 1266-1280 жж.
Д. 1227-1255 жж.
Е. 1357-1380 жж.
17.Алтын Орда ханы Тохтының билеген жылдары:
А. 1206-1227 жж.
В. 1266-1280 жж.
С. 1290-1312 жж.
Д. 1227-1255 жж.
Е. 1357-1380 жж.
18.Алтын Орда ханы Өзбек билеген жылдары:
А. 1390-1312 жж.
В. 1206-1227 жж.
С. 1312-1342 жж.
Д. 1227-1255 жж.
Е. 1369 – 1456 жж.
19.Алтын Орда ханы Жәнібек ханның билеген жылдары:
А. 1290-1312 жж.
В. 1227-1255 жж.
С. 1342-1357 жж.
Д. 1357-1380 жж.
Е. 1312-1342 жж.
20.Алтын Ордадағы хандық билік үшін, талас (Ұлы Дүрбелең) болған жылдар:
А. 1206-1227 жж.
В. 1227-1255 жж.
С. 1260-1291 жж.
Д. 1357-1380 жж.
Е. 1390-1405 жж.
21. Мамай мен Дмитрий Донской әскері арасында 1380 жылы болған шайқас:
А. Қатуан
В. Куликово
С. Атлах
Д. Батбақ
Е. Мәскеу
22.Мамайдың Куликово даласындағы жеңілісін пайдаланып, Алтын Ордадағы билікті тартып алған:
А. Әмір Темір
В. Ұлықбек
С. Тоқтамыс хан
Д. Жанг-и Лой
Е. Орыс хан
23.Алтын Ордадағы билікті нығайту үшін, Тоқтамыс ханның Мәскеуді өртеген жылы:
А. 1382 ж.
В. 1357 ж.
С. 1400 ж.
Д. 1460 ж.
Е. 1500 ж.
24.Алтын Ордаға соғысы өте ауыр тиген мемлекет:
А. Русь
В. Византия
С. Хорезм
Д. Темір мемлекеті
Е. Қытай
25. XV ғасырдың ортасында Алтын Ордадан бөлінген хандықтар:
А. Қазан, Бұқар, Хиуа
В. Хулагу, Құбылай, Әмір Темір, Сібір, Бұхар, Қоқан, Хиуа
С. Ақ Орда және Боз Орда
Д. Қазақ, Жоңғар Е. Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан


3 Нұсқа
1. Алтын Ордада азаматтық істерге билік жүргізді:
А. Уәзір
В. Даруға
С. Беклербек
Д. Басқақ
Е. Тархан
2. Алтын Орданың соңғы ханы:
А. Берке
В. Шейх Ахмед
С. Тоқтамыс
Д. Мамаай
Е. Өзбек
3. Түрік әулетінен шыққан әкімдер арқылы асырылатын азаматтық басқару билігі:
А. Орда
В. Қанқаш
С. Диуан
Д. «Мәлік»
Е. Кеңес
4. Алтын Ордада салық жинаумен шұғылданғандар:
А. Басқақ
В. Беклербек
С. Уәзір
Д. Даруғалар
Е. Бек
5. Алтын Ордада әскери істерді басқарғандар:
А. Сарбаз
В. Сюбашы
С. Батыр
Д. Беклербек
Е. Бек
6. Басқару қызметімен қатар, әскери бақылау жүргізген, салық жинаумен де айналысқандар:
А. Даруға
В. Бек
С. Басқақтар
Д. Төре
Е. Уәзір
7. Ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер:
А. Иқта
В. Қос
С. Сойырғал
Д. Вакф
Е. Үлес
8. Алтын Орданың негізгі тілі:
А. Орыс
В. Моңғол
С. Араб
Д. Қыпшақ
Е. Қытай
9. Сарай-Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейткен кім?
А. Батый
В. Мамай
С. Өзбек
Д. Тоқтамыс
Е. Шейх Амет
10. Иран, Кавказ елдерімен, Египет мәмлүктерімен тығыз қарым-қатынаста болған хан:
А. Тохты
В. Тәуке
С. Абылай
Д.Есім
Е. Нұралы
11. 1271 ж. Византияға қарсы жорыққа шыққан Алтын Орда ханы:
А. Өзбек
В. Меңгу-Темір
С. Тохты
Д. Мамай
Е. Тоқтамыс
12. Шежіре бойынша, Шыңғысхан өзінің немерелері Батый, Ежен, Шайбанға тіккізген ордалардың
аталауы:
А. Қазақ қырғыз
В. Күнгей теріскей Орта Орда
С. Моңғол қосыны
Д. Оң сол, Орта қанат
Е. Ақ Орда, Көк Орда, Боз Орда
13. Орыс деректерінде Алтын Орда деген ұғым қай ғасырда пайда болған?
А. XV ғ.
В. XVI ғ. аяғында
С. X ғ.
Д. XIII ғ.
Е. XVIII ғ.
14. Мұсылмандардың қамқоршысы атанған хан:
А. Берке
В. Батый
С. Мөңке
Д. Үгедей
Е. Тохты
15. 1235 ж. бүкіл монғолдық құрылтайда қайда жорық жасауға шешім қабылданды?
А. Шығысқа
В. Батысқа
С. Солтүстікке
Д. Оңтүстікке
Е. Ешқайда
16. Египет сұлтанына жазған хатында Өзбек хан өз елінде кімдердің азайғанын хабарлады:
А. Зергерлердің
В. Малшылардың
С. Дінсіздердің
Д. Шетелдіктердің
Е. Аудармашылардың
17. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырған хан:
А. Өзбек
В. Мөңке
С. Батый
Д. Берке
Е. Тохты
18. Исламды қарапайым халық арасына таратуға емес, мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту мақсатында қолданған хан:
А. Өзбек
В. Меңгу Темір
С. Батый
Д. Берке
Е. Мамай
19. Берке 1266 ж. қай жорықта қаза тапты?
А. Шығыс Еуропаға
В. Кавказға
С. Еділ бойына
Д. Алтайға
Е. Жайық жағасына
20.Византия Алтын Орданың қай мемлекетпен байланысына кедергі жасауға тырысты?
А. Египетпен
В. Қытаймен
С. Осман империясымен
Д. Польшамен
Е.Ресеймен
21. Қай мемлекетпен келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда
қатынасын жақсартты?
А. Византиямен
В. Мысырмен
С. Қытаймен
Д. Польшамен
Е. Үндістанмен
22. 1357-1380 жж. Алтын Орданың қанша ханы тақ үшін бірін-бірі өлтірді:
А. 20 В. 15 С. 10 Д. 40 Е. 6
23. 1380 ж. Куликово даласындағы шайқаста орыс әскерін басқарған қолбасшы:
А. Суворов
В. Багратян
С. А. Невский
Д. Петр I
Е. Дмитрий Донской
24. Тоқтамыс кімнің көмегімен Алтын Ордағы билікке қол жеткізді?
А. Д.Донскийдың
В. Бейбарыстың
С. Әмір Темірдің
Д. Едігенің
Е. Ноғайдың




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет