Тест база По классам этап(1)



бет72/128
Дата05.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#173788
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   128
Байланысты:
TEST KAZ TAR (1)

43 Нұсқа.
1. Қазақ хандығының құрылу алғышартының бірі қай мемлекеттердегі оқиғаларға байланысты?
А. Қимақ, қыпшақ
В. Ұйғыр, оғыз
С. Алтын Орда, Сібір хандығы
Д. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы
Е. Ноғай ордасы, Қырым хандығы
2. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидың жазуынша:
А. Қозыбасы мен Шу аймағы В. Сарыарқа С. Үстірт Д. Алтай Е. Алатау
3. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар:
А. Керей мен Жәнібек В. Жошы, Шағатай С. Батый, Орда Ежен Д. Берке, Жәнібек Е. Өзбек, Мұхаммед
4. Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы:
А. Есен-бұға В. Жүніс С. Тоғылық Темір Д. Рашид Е. Уәйс
5. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» деген мәлімет келтірген тарихи шығарма – Мұхаммед Хайдар Дулатидың кітабы:
А. «Тарих» В. «Тарих – и – Рашиди» С. «Тарихи жазбалар» Д. «Түрік шежіресі» Е. «Шыңғыснама»
6. Қазақ хандығының алғашқы территориясы:
А. Іле, Қаратал бойы В. Лепсі, Бүйен маңы С. Шу мен Талас өзендерінің маңы Д. Балқаш көлі жағасы
Е. Қалғұты, Ырғайты өзендері бойы
7. Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы:
А. Өтеміс қажы В. Ибн Рузбихан С. Мұхаммед Хайдар Дулати Д. Йолығ тегін Е. Қ.Жалайыри
8. XV ғ. 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері:
А. Іле-Әмудария аралығы В. Памир, Гималай С. Ферғана, Кашмир Д. Сырдария мен Қаратау өңірі Е. Алакөл, Жайсаң аралығы
9. 1470 ж. Керей бастаған қол шабуыл жасаған қала:
А. Жентке В. Түркістанға С. Үргенішке Д. Шашқа Е. Балхашқа
10. Қазақ хандығы үшін саяси-экономикалық және әскери стратегиялық жағынан маңызы зор болған
қай өзеннің бойындағы қалалар?
А. Әмудария В. Іле С. Сырдария Д. Орал Е. Ертіс
11. XV ғ. 50-70 жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адамдар саны:
А. 50 000 В. 200 000 С. 100 000 Д. 300 000 Е. 400 000
12. XV ғ. аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы:
А. Шайбани хан В. Рашид хан С. Есен-бұға хан Д. Тоғылық Темір Е. Әмір Темір
13. XV ғ. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы наймандардың мекені:
А. Алтай, Тарбағатай В. Әмудария, Сырдария бойы С. Ферғана, Кашмирді Д. Ұлытаудан Есілге дейін Е. Маңғыстау
14. XV ғ. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоңыраттардың мекені:
А. Тибетті, Тарбағатайды В. Памирді, Ферғана С. Гималайды Д. Түркістан мен Қаратау аралығында
Е. Ұлы Қытай жазығында
15. XV ғ. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы арғындардың мекені:
А. Батыс Қазақстанда В. Тұрфан ойпаты С. Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда Д. Қытайды Е. Жетісуды
16. XV ғ. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы дулаттардың мекені:
А. Сарыарқаны В. Үстіртті С. Сырдария-Әмудария арасын Д. Алатау, Памир, Тибетті
Е. Іле, Шу, Талас өзендері, Ыстықкөл маңы, Оңтүстік Қазақстан
17. XV ғ. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қаңлылардың мекені:
А. Каспий маңы ойпатын В. Торғай ойпатын С. Қарақұм Д. Қаратау бауыры, Сырдария мен Жетісу өзендері
Е. Тарбағатай жоталарын
18. XV ғ. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы үйсіндердің мекені:
А. Маңғыстауда В. Жетісуда С. Каспий маңында Д. Сарыарқа Е. Алтайда
19. XV ғ. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы жалайырлардың мекені:
А. Қытай В. Моңғолия С. Қаратау, Сырдария бойы мен Жетісу Д. Мысыр Е. Көкшетау, Торғай
20. XV ғ. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы керейлер мекені:
А. Арал, Каспий маңы В. Әмудария, Сырдария бойы С. Іле, Шу бойы
Д. Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңы мен Объ және Тобыл өзендері бойы Е. Үндістан, Қытай, Моңғолия
21. Қай хандықтың құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен тартыстарды тоқтатты?
А Әбілқайыр В. Қазан С. Батыс Сібір Д. Қырым Е. Қазақ
22. Этникалық жақын топтардың, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне қай хандықтың құрылуы әсер етті?
А. Әбілқайыр В. Қазан С. Батыс Сібір Д. Қазақ Е. Қырым
23. XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар:
А. Бұқара, Самарқан В. Үргеніш, Өзкент С. Шаш, Отырар Д. Созақ, Сығанақ, Сауран Е. Хорезм, Сарай
24. Қазақ хандығының шаңырағы Қазақстанның қай жерінде көтерілді?
А. Сарыарқада В. Батыс Жетісуда С. Маңғыстауда Д. Батыс Алтайда Е. Үстіртте
25. Қазақ хандығының негізін қалаған алғашқы хандардың бірі Жәнібектің шын есімі:
А. Әбілмансұр В. Әбдікерім С. Сұлтансаид Д. Абд-ар Рашид Е. Әбусаид
24. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында қоңыраттар мекендеген өңір:
А. Түркістан мен Қаратау жоталары В. Жетісу аймағы С. Тараз аймағы Д. Шу алқабы Е. Дұрыс жауабы жоқ
25. Әбілхайыр хандығынан бөлініп кеткен Керей мен Жәнібекке Есенбұғаның берген жері:
А. Қозыбасы
В. Түркістан
С. Сығанақ
Д. Сыр бойы
Е. Арал бойы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет