11. Дұрыс тұжырымды таңда
а). Бір заттың молекулалары әртүрлі болады
б). Бір заттың молекулалары бірдей болады
в). Дене қызғанда молекулалардың өлшемі ұлғаяды
г). Дене қызғанда молекуланың массасы артады
д). Дене қызған кезде молекула массасы азаяды
12. Дуффузия ... жүреді
а). Тек газда
б). Тек сұйықта
в). Тек қатты денелерде
г). Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде
д). Тек плазмада
13. Төменде аталған құбылыстардың қайсысы зат бөлшектерінің арасында тартылыс күші бар екенін дәлелдейді?
а). Егер қорғасын цилиндрдің жаңа кесілген қималарын өзара түйістіріп, қатты сығып ұстаса, олар жабысып қалады
б). Гүлдің иісі ауада таралады.
в). Мұз жылы жерде ериді
г). Ток жүрген кезде электр шамы жарқырайды
д). Өзен суы қыста қатады
14. Дене өз пішіні мен көлемін сақтайды. Денені құрайтын зат қандай күйде болады?
а). Газ тәрізді
б). Сұйық
в). Қатты
г). Газ тәрізді немесе сұйық
д). Тура жауап беру мүмкін емес
15. Газдағы немесе сұйықтағы ұсақ бөлшектердің ретсіз қозғалысы қалай аталады?
а). Қысым
б). Атомдардың қозғалысы
в). Броундық қозғалыс
г). Уақытша қозғалыс
д). Булану.
16. Жердің денені өзіне тартатын күші қалай аталады?
а). Магниттік күш
б). Ауырлық күші
в). Дененің салмағы
г). Дененің массасы
д). Серпімділік күші
17. Күшті қандай аспаппен өлшейді?
а). Темометрмен
б). Динамометрмен
в). Барометрмен
г). Спидометрмен
д). Сызғышпен
18. ХБЖ – дегі күштің өлшем бірлігі қандай?
а). кг
б). Н
в). м/с
г). Па
д). м/с
19. Мырыштың тығыздығы 7100 кг/м3. мырыштың тығыздығын г/см3 – мен көрсетіңдер
а). 7,1 г/см3
б). 7 100 000 г/см3
в). 0,0071 г/см3
г). 0
д). 7100 г/см3
20. Көлемі 65 см3 металл кесегінің массасы 461,5 г. осы заттың тығыздығы қандай?
а). 461,5 г/м3
б). 65 г/м3
в). 7,1 г/см3
г). ≈ 0,1 г/м3
д). 0
Достарыңызбен бөлісу: |