Тест спецификациясы



бет2/2
Дата29.01.2022
өлшемі58,5 Kb.
#115738
1   2
Байланысты:
1178 aza 1179 stan tarikhy TEST SPETsIFIKATsIYaSY

Қиындық деңгейі

Тапсыр

малар саны

1

Ежелгі замандағы Қазақстан.

А

3

2

Орта ғасырдағы Қазақстан.

В

3

3

Қазақстан моңғол үстемдігі дәуірінде.

С

3

4

Қазақ хандығы дәуірі.

А

3

5

Қазақ жерін Ресей империясының отарлауы.

В

3

6

ХҮІІІ ғасырдың аяғы -ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.

С

3

7

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан.

А

3

8

ХХ ғасыр басындағы Қазақстан.

В

3

9

Кеңес дәуіріндегі Қазақстан.

С

3

10

Тәуелсіз Қазақстан.

В

3

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы.

Тест тапсырмаларының мазмұнында: Қазақстан пәнінің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан тарихының деректік негізі, тарихнамалық сипаты туралы түсінік. Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірлері. Еңбек құралындағы өзгерістер, қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері. Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер және тайпалық одақтардың құрылуы. Сақ тайпалық одағы. Үйсін және қаңлы мемлекеттік құрылымдары. Ерте түркі мемлекеттерінің құрылуы. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, мемлекеттік құрылымдары, мәдениеті. Моңғол билігі тұсындағы Қазақстан. Қазақ хандығының және халқының қалыптасуы: кезеңдері, ерекшеліктері, проблемалар. Қазақ мемлекеттілігі туралы қазіргі пікір таластар. Тәуке хан тұсындағы қазақ қоғамы. «Жеті жарғы».

XVIІ-XVIII ғғ. бірінші ширегіндегі жонғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресі. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасының тарихнамасы. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Аңырақай шайқасы. Абылай хан - саясаткер және дипломат. Қазақстанның Қытай және Ресеймен қарым-қатынастары. Қазақ мемлекеттілігінің жойылуы (1822, 1824 жылғы заңдық актілер). Исатай Тайманұлы, Жоламан Тіленішұлы, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт–азаттық қозғалыстары. Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі: процестің мәні, мәселеге жаңаша көзқарас. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихнамасы. Ресей империясының бейбіт және әскери отарлау әдістері. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар. Патшалық биліктің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы және Қазақстандағы «жерден ығыстыру» саясатының жүзеге асырылуы. Ұлттық – демократиялық интеллигенцияның патшалықтың отаршылдық саясатына қарсы күресі (1905-1910ж.ж). Қарқаралы петициясы. Ұлт-азаттық идеологиясының қалыптасуы. 1916 ж. Қазақстандағы ұлт- азаттық көтеріліс. Қазақстанның тарихнамасындағы 1916 ж. көтеріліске баға берудегі жаңа көзқарастар. Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің құрылуы. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында. «Ақ» және «қызыл» террор. Қазақ әскери революциялық комитетінің құрылуы және оның қызметі. 1920-1930 жж. Казақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс. Советтік Қазақстанда тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Советтік реформалар. 1931-1933 жылдардығы аштық. 1920-1930 жылдардағы қуғын-сүргін. Отан соғысы жылдарында Қазақстан, қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: әлеуметтік- экономикалық салдары. Қайта құрудың басталуы, оның сипаты. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы декларацияның қабылдануы. Жаңа тұрпаттағы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы. Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут.


Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

қиын (C) – 9 тапсырма (30%).



7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.



8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл беріледі, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.



9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.

2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы.-4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап /Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.- Алматы, Қазақ университеті, 2016. - 264 с.

3. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. / Ред. басқ. т.ғ.д., проф. Қ.С.Қаражан. – Алматы: Нұрпресс, 2011. – 376 б.

4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

5. Қазіргі Қазақстан тарихы: Хрестоматия /Б.Ғ.Аяғанның ред. – Алматы, 2010.

6. Қазақстан тарихы: Оқу құралы. / Ред. басқ. проф. Б.С. Сайлан. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. – 452-б.

7. Алаш қозғалысы: Құжаттар мен материалдар жинағы: сәуір 1920- 1928 жж. /Бас ред.: Қойгелдиев М.Қ.; Жауапты құраст.: Грибанова Е. М., Жағыпаров Н. Р. – Алматы: Ел-шежіре, 2017. – 407 б.

8. Кәрібаев Б.Б. Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2016. – 272 бет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

9. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.Т- І Алматы: Мектеп, 2008. – 472 б



10. Қазіргі Қазақстан тарихы: Хрестоматия /Б.Ғ.Аяғанның ред. – Алматы, 2010.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет