Тест сұрақтары
7 сыныпқа арналған
1. Қазақ халқының ұлттық тағамына байланысты салтын атаңдар
а) сорпа дайындау
ә) палау дайындау
б) соғым сою
в) кәуап дайындау
2. Күздік дегеніміз не?
а) қыста сойылатын соғым
ә) күнде сойылатын мал еті
б) жазда тарататын мал
в) күзде сйылатын мал
3. Қазақ халқы сыйлы қонақтарға не тартады?
а) малдың басын
ә) малдың сирақтарын
б) малдың етін
в) малдың терісін
4. Соғым сойылғаннан кейін жасалатын тағам түрін табыңдар
а) қазақша сорпа
ә) палау
б) қуырдақ
в) кәуап
5. Төмендегілердің қайсысы нан тағамдарына жатады?
а) шұбат
ә) шұжық
б) тары
в) бауырсақ
6. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады?
а) бес
ә) екі
б) сегіз
в) жеті
7. Қазақ халқында биенің сүтін не деп атайды?
а) сүт
ә) шұбат
б) айран
в) қымыз
8. Жаңадан ашыған қымыз қалай аталады?
а) құнан қымыз
ә) түнемел қымыз
б) саумал қымыз
в) бесті қымыз
9. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойындар. Түйе маған... береді
а) сүт
ә) шұбат
б) айран
в) қымыз
10. Берілген сөйлемде септеулік шылаудың қай септікпен тіркесетіндігін табыңдар. Біз сыныпта ұлттық тағамдар туралы оқыдық.
а) атау септігі
ә) барыс септігі
б) шығыс септігі
в) көмектес септігі
11. Кофе қай ғасырларда пайда бола бастады?
а)ХVIIғ
ә) ХVIIIғ
б) ХIХғ
в) ХХғ
12. Шайдың Отанын табыңдар
а) Үндістан
ә) Қытай
б) Грузия
в) Жапония
13. Кешкі тамақ ішу ұйқыға дейін қанша уақыт бұрын болу керек?
а) 10 минут бұрын
ә) 1 сағат бұрын
б) 2 сағат бұрын
в) 5 сағат бұрын
14. Адамға қандай тағам жеген пайдалы деп ойлайсыңдар?
а) өте майлы тағамдар
ә) тым ащы тағамдар
б) көкөністер мен жемістер
в) салқын тағамдар
15. Тамақ ішер алдында не істеу керек?
а) ұйқыны қандыру керек
ә) кітап оқу керек
б) қолды сабындап жууы керек
в) далаға шығып таза ауа жұту керек
16. Берілген сөйлемге тиісті септеулік шылауды қойындар. Ол достарымен ..... шай ішті.
а) арқылы
ә) кейін
б) бірге
в) шейін
17. Бірінші тамаққа қандай тағамдарды жатқызамыз?
а) қою тағамдар
ә) сұйық
б) салқын
в) сусындар
18. Ыстық тағамдардың температурасы қанша градустан жоғары болмауы керек?
а) 10-20 градус
ә) 20-30 градус
б) 30-40 градус
в) 50-60 градус
19.Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар.Дұрыс тамақтану адамның .... .
а) көңілін түсіреді
ә) көңілін көтереді
б) ұйқысын келтіреді
в) қанын толықтырады
20. Дастарханға шанышқыны қалай орналастыру керек?
а) тәрелкенің үстіне қою керек
ә) тәрелкенің сол жағына қою керек
б) тәрелкенің оң жағына қою керек
в) шанышқының қажеті жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |