Тест сұрақтары. Жаратылыстану 5-класс



Дата11.12.2021
өлшемі15,04 Kb.
#99215
Байланысты:
5 сынып тест тапсырмалары


Тест сұрақтары.

Жаратылыстану 5-класс.
1. Адамдардың айнала қоршаған дүние туралы жаңа деректерді анықтауына және оған дейінгі жинақталған білімді ары қарай тереңдете зерттеуіне бағытталған жұмысы:

А) ғалым В) зерттеу жұмысы С) ғылым

2. "Жаратылыстану" сөзінің ағылшын тіліндегі аудармасы:

А) science B) natural C) nature

3. Табиғи құбылыстарды жасанды жолмен туындату:

А) әдіс В) тәжірибе С) бақылау

4. Саусақтың көлденең ені:

А) қарыс В) сүйем С) елі

5. Ғарыштық денелердің дамуын және құрылысын зерттейтін ғылым саласы:

А) астрономия В) физика С) жаратылыстану

6. Бірнеше мың градус температураға дейін қызып, балқып тұрған, Жерден өте алыста орналасқан газды шар:

А) жұлдыз В) газ С) планета

7. Протерозой эрасында Жер бетінде жүрген құбылыстар:

А) Жанартауы гүрілдеп, буы бұрқыраған және сұрапыл дауыл соғып тұрды

В) Жер біртіндеп сабасына түсіп, шөгінді жыныстар түзілді

С) Құрлық біршама көтеріліп, алып динозаврлар мен өсімдіктер жойылып кетті

8. Жердің 2900 шақырым тереңдікке дейін баратын қабаты:

А) мантия В) ядро С) жер қыртысы

9. Оттегімен тыныс алмайтын анаэробты жәндіктер:

А) эукариоттар В) жасушалар С) прокариоттар

10. Жер бетінің жазықтыққа кішірейтіліп түсірілген бейнесі:

А) глобус В) географиялық карта С) план

11. Жер бетінің ірі масштабты бөлігін шартты белгілермен бейнелеу:

А) глобус В) географиялық карта С) план

12. Пландағы нысандар неше есе кішірейтілгенін көрсететін бөлшек сан:

А) масштаб В) азимут С) көлем

13. Бақылаушы тұрған нүкте меридианының солтүстіктен белгіленген бағыт арасындағы бұрыштың көрсеткіші:

А) масштаб В) азимут С) көлем

14. Ауданы немесе өлшемі үлкен топографиялық нысандар шартты белгілердің қай түріне жатады?

А) масштабты В) масштабсыз С) сызықтық

15. Картада масштабын көрсету міндетті емес нысандарға қолданылатын шартты белгі түрі:

А) масштаб В) азимут С) көлем

16. Жергілікті жер картасындағы нысандарға қосымша сипаттама ретінде қолданылатын шартты белгі түрі:

А) түсіндірме В) сызықтық С) масштабты

17. Айналасы ашық жерлер үшін қолданылатын түсірілім түрі:

А) көзмөлшермен түсіру В) полярлық түсірілім С) маршруттық түсірілім\

18. Біздің галактикамыз:

А) Құс жолы В) галактика С) Күн жүйесі

19. Жер дамуының алғашқы кезеңі:

А) протерозой В) кайнозой С) архей



20. Жердің ең жұқа қабығы:

А) жер қыртысы В) мантия С) ядро

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет