Тест тапсырмалар банкі 2 Тақырып. Пайдаланушы функциялары мен процедуралар


Тақырып 1.8 Машиналық оқытудың принциптері. Нейрондық желілер, нейрондық желілердің жіктелуі



бет10/11
Дата20.09.2023
өлшемі462 Kb.
#181727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тест 10-11сынып

Тақырып 1.8 Машиналық оқытудың принциптері. Нейрондық желілер, нейрондық желілердің жіктелуі.
1.8.1 Машиналық оқыту: ұғымы, пайдалану мақсаты, компоненттері (деректері, белгілері, алгоритм), принциптері
1 Тапсырма.
Жүйе көптеген мысалдарды өңдейтін, заңдылықтарды айқындайтын және оларды жаңа деректердің сипаттамаларын болжау үшін қолданатын алгоритм – бұл:
A) машиналық оқыту;
B) жасанды интеллект;
C) нейрондық желілер;
D) терең оқыту;
E) мұғаліммен оқыту.
Дұрыс жауап



машиналық оқыту

2 Тапсырма.
Машиналық оқытудың мақсаты:
А) нәтижені барлық логиканы нақты бағдарламалаусыз енгізу деректер арқылы болжау;
B) объектілер (деректер) арасындағы заңдылықты (тәуелділікті) табу;
C) кіріс деректерінің жиынтығы негізінде белгілі бір сандық шаманы алу;
D) талданатын деректердің барлық жиынында тәуелсіз топтар мен олардың сипаттамаларын іздеу;
E) деректердің ақпараттылығын маңызды жоғалтпай кіріс деректерінің көлемін азайту.
Дұрыс жауап



нәтижені барлық логиканы нақты бағдарламалаусыз енгізу деректер арқылы болжау

3 Тапсырма.
Машиналық оқытудың негізінде үш маңызды компонент тұрады:
A) деректер, белгілер, алгоритм;
B) бастапқы мәндер, алгоритм, белгілер;
C) деректер, белгілер, құралдар;
D) бастапқы мәндер, алгоритм, құралдар;
E) деректер, алгоритм, құралдар.
Дұрыс жауап

деректер, белгілер, алгоритм

4 Тапсырма.
ұқсас есептерді шешу процесінде оқыту арқылы есептерді шешу әдістерін іздеу мәні болып табылатын жасанды интеллект теориясының бөлімі:
A) машиналық оқыту;
B) мұғалімсіз оқыту;
C) нейрондық желілер;
D) терең оқыту;
E) мұғаліммен оқыту.
Дұрыс жауап



машиналық оқыту

5 Тапсырма.
Машиналық оқытудың жұмыс принципі келесі командаларды дәйекті орындауға негізделген:
A) бастапқы деректер, алгоритмді таңдау, белгілерді алу, нәтиже;
B) бастапқы деректер, алгоритмді таңдау, белгілерді жобалау, нәтиже;
C) бастапқы деректер, алгоритмді таңдау, белгілерді түрлендіру, нәтиже;
D) бастапқы деректер, оқыту әдісін таңдау, белгілерді алу, нәтиже;
E) бастапқы деректер, оқыту әдісін таңдау, белгілерді түрлендіру, нәтиже.
Дұрыс жауап



бастапқы деректер, алгоритмді таңдау, белгілерді алу, нәтиже



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет