Тест тапсырмалары
Түрлі санаттағы ауруларға кіріктірілген медициналық көмек көрсету, МСАК және әлеуметтік қорғау қызметімен тығыз өзара байланыс негізінде ұзақ уақыт әлеуметтік медициналық, паллиативті көмек пен үйдегі күтім.
1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметі
1. Денсаулық сақтаудағы ең маңызды мәселелер бойынша білім алу
2. ірі инфекциялық ауруларға қарсы иммундау
3. жалпы ауруларды және жарақаттарды емдеу
4. ана мен баланың денсаулығын қорғау
5. стационарлық емдеу
А. 1, 2, 3, 4
Б. 2, 3, 4, 5
В. 1, 3, 4, 5
Г. 1, 2, 3, 5
Д. 1, 2, 4, 5
2. Келесі медициналық көмек түрлерінің қайсысы алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жатады
А. аталғандардың бәрі дұрыс
Б. алғашқы көмек
В. алғашқы медициналық көмек
Г. мамандандырылған көмек
Д. Бірінші көмек
3.Қант диабетімен ауыратын науқастарға МСАК қалай көрсетіледі?
А. Міндетті диспансерлік қадағалауға алынады, тегін емделеді және дәрілік заттарды жеңілдікпен алуғу қамтамасыз етіледі.
Б. Мемлекеттік қордан тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
В. Шипажайда тегін емделеді және басқа да жеңілдіктер қарастырылған.
Г Тегін емдеу және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
Д.Барлық мәлімдемелер дұрыс.
4. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке жатады:
А. аталғандардың бәрі
Б.алғашқы көмек
В. алғашқы медициналық көмек
Г. мамандандырылған көмек
Д. Бірінші көмек
5. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде басты мәселесі:
А. аурулардың алдын
Б. ауруды емдеу
В. алу аурудың диагностикасы
Г. әлеуметтік серіктестік
Д.Барлық аталғандар
6. Емхананың міндеттеріне жатады
А. алғашқы медициналық-санитарлық көмек
Б. стационарлық емдеу
В. Санаторлы курорттық емдеу
Г. мүгедектік тобын құру
Д.Барлық аталғандар дұрыс
7. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек
А. қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек
Б. Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің бірыңғай медициналық көмектің көлемі
В. Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін санаторлы курорттық емдеу
Г стационарлық емдеу
Д. емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек
8. Аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек түрі
А. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Б МСАК
В.ТМККК
Г.Мамандандырылған медициналық көмек
Д.Паллиативті көмек
9. Мамандандырылған медициналық көмек
А. диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек
Б. Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер
В. аурулардың профилактикасы мақсатында орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек
Г тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
Д.Барлық аталғандар дұрыс
10. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ( ТМККК)
А. диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек
Б. Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі
В. аурулардың профилактикасы мақсатында орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек
Г тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
Д.Барлық аталғандар дұрыс
11. Мейiргерлiк күтiм шаралары бойынша ең нәтижелi қанағаттандырылатын науқастың медико - санитарлық қажеттiлiгiн анықтаудың негiзгi мiндетi
А. Мейiргерлiк iс
Б.Aкушерлiк iс
В.Cанитарлық iс
Г. Eмдеу iсi
Д.Дәрiгерлiк iс
Достарыңызбен бөлісу: |