Тест тапсырмаларының саны 130. Балл саны 150



Дата05.09.2020
өлшемі13,2 Kb.
#77117
Байланысты:
кт


Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу шет тілдері бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша (2 пән) тесттен тұрады.

  1. Тест тапсырмаларының саны – 130. Балл саны – 150.

  2. Шет тілі бойынша тестке:

    • тыңдалым: 2 аудиомәтін тыңдалады. Мәтіндерді тыңдағаннан кейін мәтінге сәйкес 8 тапсырманы орындауға уақыт беріледі;

    • лексика-грамматика: грамматикалық және лексикалық құрылымдарды игеру дағдысын тексеруге арналған 18 тапсырма ұсынылады;

    • оқылым 2 мәтіннен тұрады, әр мәтінге мәтін мазмұнын түсіну дағдысын тексеруге арналған 8 тапсырма беріледі.

  3. Оқуға дайындығын анықтауға арналған тестке: сыни ойлаудан (элементарлық математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру) 15 тапсырма, аналитикалық ойлаудан (академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру) 15 тапсырма беріледі.

  4. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестке: 1-пәнге 30 тапсырма (ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау) беріледі, 2-пәнге 20 тапсырма (ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін немесе бірнешеуін таңдау) беріледі.

  5. Білім беру бағдарламаларының шығармашылық тобына тест тапсырса, уақыт тек «Шет тілі» және «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» бөліктеріне бөлінеді.

  6. Тестілеуді аяқтау үшін «Тестілеуді аяқтау» түймесін басу керек «Тестілеуді аяқтау» батырмасы тестілеудің соңғы бөлігіне ауысқан кезде қол жетімді болады.

  7. Тест нәтижелері тест аяқталғаннан кейін бірден қол жетімді болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет