14. Сәйкестікті табыңыз:
Процедуралар; қажетті құрал-жабдықтар
1. оңқа қою а/ 60-700 ыстық су
2. қыша қағазын қолдану б/ вазелин майы
3. жылы компресс қою в/ мундштук
4. оттегі жастықшасын колдану г/ жылы су40-450
5. орталықтан оттегі беру д/ мұрын катетері
Ситуациялық есептерді шешу.
Есеп №1
Науқас жөтелген кезде алқызыл түсті қақырық түкірді. Бұл нені білдіреді және мейірбике ол кезде не істеуі керек?
Есеп №2
Науқаста тұншығу ұстамасы басталды, тыныс алуы қиындаған, әсіресе тыныс шығаруы; алыстан сырылдар есітіледі; жөтел; қиын бөлінетін қақырық. Бұл не және бұл жағдайда қандай шұғыл жәрдем қажет?
Есеп №3
Оттегі қажет болған науқасқа мейірбике оттегін оттегі жастықшасы арқылы берді. Бір аздан соң науқас қолайсыз сезімдер сезіп, ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабығының ашуына шағымдады.
Бұл жағдайда мейірбике қандай қәтелік жіберді.
Қандай іс шаралар қолдануға болады?
Есеп №4
Пульмонологиялық бөлімшеде оң өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы диагнозымен 35 жастағы С. есімді пациент жатыр. Дене қызуының күрт жоғарылауына, әлсіздікке, терең тыныс алу кезінде кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, жөтелге, ентігуге шағымданады. Үйде ыстықты түсіретін препараттар қабылдаған, бірақ жағдайы тез нашарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |