Тесты для итоговой аттестации, скачивайте их тут и читайте про экзамены 2017


Оқу сауаттылығы (грамотность чтения, для казахский школ)



бет2/6
Дата11.12.2021
өлшемі0,83 Mb.
#99175
түріТесты
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
test 2019

Оқу сауаттылығы (грамотность чтения, для казахский школ)

(1) Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. (2) Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.

(3) Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. (4) Деректерге сүйен­сек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. (5) Кі­лең жуан дыбыстардан тұра­тын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. (6) Жел­тоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаң­тар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. (7) «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсық­ты­ғының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. (8) Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. (9) Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев. 

(10) Көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсер­шіл. (11) Олардың көбі тумысынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. (12) Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көш­бас­шы болуына кедергі. (13) Сон­дықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн. 

(14) Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тә­каппарлық, батылдық тән. (15) Күзде туған балалар өте әм­бебап, алғыр және сабырлы. (16) Не істесе де, көп ойла­нып-толғанады. (17)  Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың таби­ға­тына ештеңе әсер етпейді. 

(18) Жалпы, балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескермеуге болмайды. (19) Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. (20) Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. (21) Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. (22) Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қа­жырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаны­ңыз абзал. (23) Ең бастысы, өз балаңыз­дың қандай болғанын қалай­сыз? (24) Есімін де соған қарай таңдаңыз. (25) Ат қою – өте жауапты іс. (26) Сонымен қатар әрбір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйле­сімді өмір сүруіне ықпал ете алады.

1. Қандай  жауап мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?

А) Әдемі естілетін есім таңдаған жөн.

В) Есімді экстрасенске қойдырған жөн.

С) Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.

D) Есімнің мағынасына назар аударған жөн.

Е) Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.

 2. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы? 

А) Жаз-күз

В) Көктем-күз 

С) Күз-қыс

D) Қыс-жаз

Е) Қыс-көктем

 3. 15-16-жолға сәйкес қандай есімдер қоюға болады?

А) Абай, Батырхан

В) Дана, Сабыржан

С) Жамал, Ақылгүл

D) Жібек, Меруерт

Е) Қымбат, Әсем

 4. Қазақта белгілі бір оқиғаға, мезгілге т.б. сәттерге орай қойылған есімдер жиі кездеседі (Мысалы айт күні туса Айтбай). Көктемнің бірінші және үшінші айларына байланысты есімдер таңдаңыз.

___________________________

___________________________
Жауап:

Наурыз, Наурызгүл, Наурызбай, Наурызбек т.б.

Жеңіс, Жеңісгүл, Жеңісхан, Жеңісбек т.б.

 5. Өмірде балалардың көшбасшы болуына кедергі жасайтын мінездері

А) Еркелік, әсершілдік

В) Қарапайымдылық, табандылық

С) Тік мінезділік, алғырлық

D) Кішіпейілділік, тәкаппарлық

Е) Жігерсіздік, жасқаншақтық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет