Әлеуметтік жұмыс принциптері. Әлеуметтік жұмыс принциптері әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмектің тиімдңлңгңн қамтамасыз етеді. Принцип – бұл қандай да іс-әрекеттің жетекшілік ережесі, басты талап, негізгі идея. Әлеуметтік жұмыстың принциптері жалпы гуманитарлық құндылықтармен және метадеңгейдегі құндылықтармен анықталады Мысалы, адамның өмір сүруге құқысы, бостандық, теңдік, шындық, әлеуметтік жауапкершілік, бейбітшілікті қамтамасыз ету. Осылардың негізінде қиын жағдайдағы адамдармен жұмыс жасауға талаптар қойылады. Осы негізде принциптердің бірінші тобы:клиентоцентризм, әлеуметтік қызметкердің клиенттің өзіндік күшіне арқа сүйеуі, конфиденциалдық, универсалдық, толеранттылық.Әлеуметтік жұмыс клиентті өзінің құндылықтар жүйеісінің орталығына қояды. Сондықтан, клиентоцентризм, яғни, әлеуметтік қызметтің клиентінің қажеттелектері, қызықғушылықтарын қорғау және сыйлау басты орында.