*Психиатрия пәні, міндеттері. Жалпы психопатология (психикалық бұзылыстарсимптомдары мен синдромдары). Психикалық бұзылыстар жіктелуі. Психикалық аурулар терапиясы*3*32*1
#129
*!19 ЖАСАР НАУҚАСТА ҚИМЫЛДАРЫ МЕН СӨЗДЕРІНІҢ МӘНЕРЛІЛІГІМЕН, ОҒАШТЫҒЫМЕН, ӘУМЕСЕРЛІКПЕН ҚОЗУ ДАМЫДЫ. БЕТ-АУЗЫН ҚИСАЙТАДЫ, АУНАЙДЫ, БИЛЕЙДІТ, ЕРЕКШЕ СӨЗДЕР МЕН ФРАЗАЛАРДЫ АЙҚАЙЛАЙДЫ. ОНЫҢ КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙІ, ҚИСАҢДАУЛАРЫ МЕН ӘЗІЛДЕРІ АЙНАЛАДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ КӨҢІЛІН КӨТЕРМЕЙДІ.
ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАН СИНДРОМДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ БОЛУЫ МҮМКІН?
*маниакалды
*кататониялық
*психопатиялық
*+гебефрениялық
*психопаттәрізді
#130
*! 36 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР. АУҒАНСТАНДА БОЛҒАН. ӘДЕТТЕГІДЕЙ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖИНАЛЫП ЖАТЫП, ҚАРУЫН АЛЫП, КЕНЕТТЕН «ДУШМАНДАРДЫ СОҚ!» ДЕГЕН АЙҚАЙМЕН, КӨШЕГЕ ЖҮГІРІП ШЫҚТЫ, ОҚ АТЫЛҒАН ДАУЫСТАР ШЫҒЫП, КӨШЕДЕ ӨТІП БАРА ЖАТҚАН ЕКІ АДАМ ЖАРАЛАНДЫ. ҰСТАЛҒАН СӘТТЕ ҚОЗУ ЖАҒДАЙЫНДА, БОЗАРҒАН,«ДУШМАНДАРҒА» ҚАТЫСТЫ ҚАУІП ТӨНДІРУШІ СӨЗДЕРДІ АЙҚАЙЛАЙДЫ. ШАМАМЕН БІР САҒАТ ӨТКЕН СОҢ МИЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ОЯНЫП, ӨЗІНІҢ АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНЫН ЕСІНЕН ШЫҒАРҒАН. ҚЫЗМЕТІНЕ ЖИНАЛЫП ЖАТҚАН КЕЗІ ЕСІНДЕ, АЛ КЕЛЕСІ ОҚИҒАЛАР ЕСІНДЕ ҚАЛМАҒАН.
ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАН БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ БОЛУЫ МҮМКІН?
*кататониялық бұзылыс
*сананың аментивті бұзылысы
*сананың онейроидты бұзылысы
*+сананың қарауытқан бұзылысы
*сананың делириозды бұзылысы
#131
*!ЗЕРТТЕЛУШІ 40 ЖАСАР КАССИР. ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ АҚША ЖҰМСАҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ. ТЕРГЕУШІМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ КӨЗІН БАҚЫРАЙТЫП, ОРЫНСЫЗ КҮЛІП, БАЛАНЫҢ ДАУЫСЫМЕН СӨЙЛЕЙДІ, ТІЗЕГЕ ОТЫРҒЫСЫ КЕЛЕДІ, ЕДЕНДЕ СЫРҒАНАЙДЫ. ТЕРГЕУШІНІ «АҒАТАЙ» ДЕЙДІ, ТӘТТІ СҰРАЙДЫ.
ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАН БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ БОЛУЫ МҮМКІН?
*кататониялық ступор
*истериялық ступор
*реактивті ступор
*псевдодеменция
*+пуэрилизм
#132
*!35 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ СОЗЫЛМАЛЫ СОМАТИКАЛЫҚ АУРУМЕН ЗАРДАП ШЕГЕДІ. СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ӘЛСІРЕГЕН, ТІТІРКЕНГІШ, КҮДІКШІЛ, ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ҮРЕЙШІЛ БОЛЫП КЕТКЕН. ЖАНЖАЛДАСУ КЕЗІНДЕ 30 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛІ БАСҚА АДАМДЫ СҮЙЕТІНІН АЙТЫП, АЖЫРАСУДЫ ҰСЫНҒАН. НАУҚАС ОСЫ КЕЗДЕ БҮКІЛ ДЕНЕСІ ДІРІЛДЕП, АШУҒА БЕРІЛГЕН, ӘЙЕЛІН МҮСІНМЕН ҰРА БАСТАҒАН. «АРЫ ҚАРАЙ БАСЫМДА БАРЛЫҒЫ КҮҢГІРТТЕНІП, ЕШТЕҢЕ ЕСІМДЕ ҚАЛМАДЫ». ШАМАМЕН ТАҢҒЫ 6 ДА ДИВАНДА ЖАТҚАН ЖЕРІНЕН ОЯНҒАН. ЖАНЫНДА ҚАНҒА БОЯЛҒАН МҮСІНДІ КӨРГЕН.
ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАН БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ БОЛУЫ МҮМКІН?
*кататониялық қозу
*психомоторлы қозу
*аффективті бұзылыс
*аментивті бұзылыс
*+патологиялық аффект
#133
*!16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты емделуде. Соматикалық жағдайы әлсіреген, тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жақта жеке құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақтық пнемонияның қалдық белгілері. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, өз есімін дұрыс атайды. Үрейшіл көздерімен айналаға қарайды. “Көптеген тышқандарды, мысықтарды, жәндіктерді көретінін» айтады. Үнемі денесінен бірдемелерді қағып түсіруге тырысады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
*интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
*интоксикациялық психоз, параноидты синдром
*сананың аментивті жағдайы
*жедел реактивті қозу
*+сананың делириозды жағдайы
#134
*!70 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ ПНЕВМОНИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР. ЖАҒДАЙЫ АУЫР, ТӨСЕКТЕН ТҰРМАЙДЫ, БАСЫМЕН, АЯҚ-ҚОЛДАРЫМЕН ҮНЕМІ ҚИМЫЛДАР ЖАСАЙДЫ, ҚОЛЫМЕН ЖАЯЛЫҚТЫ ТАРТАДЫ. КЕЗЕҢМЕН ЖЫЛАЙДЫ, БІРЕСЕ КҮЛЕДІ, СӨЗІ БАЙЛАНЫССЫЗ, ӨЗІНІҢ ҚАЙДА ЖӘНЕ КІММЕН ӘҢГІМЕЛЕСІП ОТЫРҒАНЫН, ФАМИЛИЯСЫН АЙТА АЛМАЙДЫ. СПОНТАНДЫ ТҮРДЕ ЖЕКЕ СӨЗДЕР АЙТАДЫ, ҚАНДАЙ ДА БІР ФАМИЛИЯЛАРДЫ АТАЙДЫ. КЕШКІ УАҚЫТТА МАЗАСЫЗДЫҚ КҮШЕЙЕДІ, ҮЗІК-ҮЗІК «БАҚАЛАР, ЖЫЛАНДАР, ТЫШҚАНДАР» - ДЕГЕН СӨЗДЕР АЙТАДЫ.
ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАН БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ БОЛУЫ МҮМКІН?
*сананың делириозды қарауытуы
*сананың қарауытқан күңгірттенуі
*+сананың аментивті қарауытуы
*интоксикациялық психоз
*Корсаков психозы
#135
*! 17 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛАДА ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАМЕН ТҰМАУ ДАМЫДЫ. ҚАРАУ КЕЗІНДЕ МАЗАСЫЗ, ҮРЕЙШІЛ, ЗЕЙІНІ АУЫСПАЛЫ. ҚАЙДА ЕКЕНІН АЙТА АЛМАЙДЫ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА БАҒДАРЫ БҰЗЫЛҒАН. ЖИІ ТӨСЕГІНЕН ҰШЫП ТҰРЫП, ЖАСТЫҚ АСТЫНАН БІРДЕҢЕЛЕР ІЗДЕЙДІ, ТӨСЕК АСТЫНА ҮҢІЛЕДІ, ЕЛЕСТІ ЖӘНДІКТЕРДІ ҰСТАУҒА ТЫРЫСЫП, ҚАБЫРҒАНЫ СИПАЛАЙДЫ. КЕЗЕҢМЕН ҚОРҚЫНЫШ ТОЛҒАН КӨЗДЕРІМЕН АЙНАЛАҒА ҚАРАЙДЫ, ӨЗ ӨЗІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ.
ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАН СИНДРОМДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ БОЛУЫ МҮМКІН?
*сананың қарауытқан бұзылысы
*галлюцинаторлы
*параноидты
*+делириозды
*аментивті
#136
*!19 жасар бойжеткен күйеуімен жанжалдан кейін, көз алмалары айналып, туыстарының алдында диванға құлады, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, ол 5 минутқа созылып, бүкіл дененің клоникалық ірі сілтемелі, тілді тістеусіз тырысуларына ауысты. Ұстама кезінде ыңырсыған, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді дауыстап айқайлаған. Қарашықтарының жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама уакыты жарты сағаттан астам жалғасқан
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
*генерализацияланған тырысулық ұстама
*«самайлық эпилепсия ұстамасы»
*джексон ұстамасы
*+истериялық ұстама
*абсанс
#137
*!37 жасар ер адамда конфликтті ситуациядан кейін айқын қимылдық және вазовегетативті көріністермен эмоционалды реакция дамыды, санасы кенет тарылып, қарауытқан жағдайға түсті, іс-әрекеті мақсатсыз, автоматтандырылған әлеуметтік қауіпті сипат алды. Аталған реакция терең ұйқымен аяқталды, қозу күйі толық амнезияланды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
*аментивті сана бұзылысы
*делириозды сана бұзылысы
*истериялық сана бұзылысы
*+сана күңгірттенуі
*дисфория жағдайы
#138
*!27 жастағы науқас, бас- ми жарақатына байланысты емделуде. Үшінші күннің кешінде психикалық жағдайы өзгерді. Үрейшіл, мазасыз, ұйқысы бұзылды. Қоршаған ортаны қате қабылдады, персоналға, емдік шараларға күдікпен қарай бастады. Артынан орын мен уақыт бойынша бағдары бұзылды. Мазасыз, қозу күйінде, үнемі бірдене іздеу үстінде, ауаны қармайды.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*галлюцинаторлы қозу
*кататониялық қозу
*+делириозды қозу
*реактивті қозу
*аментивті қозу
#139
*! 42 жасар науқас төсекте жатып байланыссыз сөздерді күбірлейді, хаосты қимылдар жасайды, төсенішті қолдарымен тартқылайды. Қоршаған ортамен байланыссыз, сұрақтарға жауап бермейді. Осы жағдайдан шыққан соң ештеңе есінде қалмаған. Келесі бірнеше апта ішінде әлсіздік, адинамия, есте сақтау қабілетінің бұзылыстары бақыланды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
*амнестикалық
*кататониялық
*делириозды
*+аментивті
*қарауытқан сана бұзылысы
#140
*!23 жастағы студенттің жүріс тұрысында оғаштық бақылана бастады. Баяу қимылдайтын болған, созып сөйлейді. Күніне бірнеше рет бірнеше секундқа мелшиіп қалады, осындай жағдайда ешнәрсе естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде сақтамайды
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
*+кіші ұстама
*депрессивті ступор
*кататониялық ступор
*джексон ұстамасы
*сананың қарауытқан күйі
#141
*! КАТАТОНИЯЛЫҚ СИНДРОМ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАМАҚТАН БАС ТАРТУ НЕНІҢ САЛДАРЫ БОЛУЫ МҮМКІН:
*+негативизмнің
*галлюцинациялардың
*импульсивтіліктің
*балауыздық иілгіштіктің
*өзін-өзі кемсіту сандырақ идеяларының
#142
*!ТОЛЫҚ БҰЛШЫҚЕТТІК ҚИМЫЛСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫ - ОЛ
*сопор
*+ступор
*депрессия
*есеңгіреу
*конфабуляция
#143
*!КАТАТОНИЯЛЫҚ ҚОЗУҒА НЕ ТӘН?
*сандырақ
*дисфориялар
*галлюцинациялар
*абдырау
*+импульсивтілік
#144
*!АЙНАЛАДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ӘРЕКЕТТЕРІН ЕРІКСІЗ, КӨП РЕТТІК ҚАЙТАЛАУ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
*импульсивтілік
*вербигерация
*негативизм
*+эхопраксия
*эхолалия
#145
*!САНАНЫҢ ГАЛЛЮЦИНАТОРЛЫ КҮҢГІРТТЕНУІ ҚАЙСЫСЫНА ТӘН?
*сопорға
*+делирийге
*аменцияға
*онейроидқа
*обнубиляцияға
#146
*!САНАНЫҢ ТҮС ТӘРІЗДІ КҮҢГІРТТЕНУІ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
*+онейроид
*қарауытқан
*делирий
*есеңгіреу
*аменция
#147
*!НАУҚАСТЫҢ ОРЫН МЕН УАҚЫТ БОЙЫНША БАҒДАРЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСЫ ҚАЙСЫСЫНА ТӘН?
*деменцияға
*+делирийге
*аменцияға
*ступорға
*сопорға
#148
*!САНАНЫҢ ҚАРАУЫТҚАН КҮҢГІРТТЕНУІНЕ ЕС БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ КЕЛЕСІ ТҮРІ ТӘН:
*психоз алдындағы кезеңнің амнезиясы
*+сана бұзылысы кезеңінің амнезиялануы
*психоздан шыққаннан кейінгі кезеңнің амнезиялануы
*үдемелі амнезия
*фиксациялық амнезия
#149
*!САНА БҰЗЫЛЫСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ОҚИҒАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕСТЕЛІКТЕР ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА САҚТАЛАДЫ?
*+делирийде
*аменцияда
*қарауыту жағдайларында
*сопорда
*комада
#150
*!НАУҚАСТЫҢ ЭМБРИОНДЫҚҚАЛЫПТА СТУПОР ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ БҰЗЫЛЫСҚА ТӘН?
*галлюцинаторлық ступорға
*+кататониялық ступорға
*депрессивті ступорға
*истериялық ступорға
*реактивті ступорға
#151
*!ӨРТЕУГЕ ДЕГЕН ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН, КҮШТІ ӘУЕСТІК ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
*дипсомания
*+пиромания
*клептомания
*гомицидомания
*дисморфомания
#152
*!ПАЙДА КӨРУГЕ МАҚСАТТАЛМАҒАН ҰРЛАУҒА ДЕГЕН КҮШТІ ӘУЕСТІК ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
*дипсомания
*пиромания
*+клептомания
*гомицидомания
*дисморфомания
#153
*!КАТАТОНИЯЛЫҚ СТУПОРҒА НЕ КІРЕДІ?
*қозғалыс белсенділігінің жоғарылауы
*+мутизм және бұлшықеттік гипертонус
*төмен көңіл-күй
*+каталепсия
*депрессия
#154
*!ИМПУЛЬСИВТІ ҚОЗУ НЕМЕН СИПАТТАЛАДЫ?
*+іс-әрекеттің мотивсіздігімен
*төсек деңгейінде қозумен
*+агрессииямен, күшті ызамен
*саналы іс-әрекетпен
*театралдылықпен
#155
*!ИМПУЛЬСИВТІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР НЕМЕН СИПАТТАЛАДЫ?
*іс-әрекеттің бөтен күшке бағынушылығы сезімімен
*+мотивсіздікпен және мәнсіздікпен
*галлюцинаторлы бейнелер ағынымен
*+сана бақылауының болмауымен
*саналы іс-әрекетпен
#156
*! ИМПУЛЬСИВТІ ӘУЕСТІКТЕРГЕ НЕ ЖАТАДЫ?
*клаустрофобия
*+пиромания
*танатофобия
*+дромомания
*дисморфомания
#157
*!КАТАТОНИЯЛЫҚ ҚОЗУ ЖАҒДАЙЫНДА ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ НЕ ҚОЛДАНАДЫ?
*тимостабилизаторлар
*психостимуляторлар
*+седативті әсері бар нейролептиктер
* седативті әсері бар антидепрессанттар
*+ антипсихотикалық әсері бар нейролептиктер
#158
*! КАТАТОНИЯЛЫҚ СИНДРОМ СИМПТОМДАРЫНА ҚАЙСЫСЫ ЖАТАДЫ?
*автоматизмдер
*+стереотипилер
*+каталепсия
*обсессиялар
*амнезиялар
#159
*!САНА БҰЗЫЛЫСЫ БЕЛГІЛЕРІНЕ ҚАЙСЫСЫ ЖАТАДЫ?
*+қоршаған орта мен өзіндік тұлғасына деген бағдардың бұзылысы
*+қоршаған шынайы ортадан ажырау
*+толық немесе бөліктік амнезия
*ойлау үзілуі
*деперсонализация
#160
*!САНАНЫҢ ДЕЛИРИОЗДЫ КҮҢГІРТТЕНУІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚКӨРІНІСІНДЕ БАҚЫЛАНАДЫ:
*+шынайы көру галлюцинациялары
*қимылдық тежелу
*кататониялық бұзылыстар
*импульсивті әрекеттер
*+қорқыныш аффекті
Достарыңызбен бөлісу: |