testent.ru Page 25.08.2017
Тесты по казахскому языку с ответами
1. Қай етіс түрі іс - қимылдың өздігінен орындалған білдіреді.
A) Ортақ
B) Өздік
C) Өзгелік
D) Ырықсыз
E) Ешбірі
2. Өзгелік етістіктің жұрнағын табыңыз.
A) -Ын,-ін,-н.
B) -Ыл,-іл,-л.
C) -Ыс,-іс,-с.
D) -Дыр,-гіз,-т.
E) -Ған,-ген,-кен.
3. Іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайтын етіс түрі қайсы.
A) Ырықсыз етіс
B) Өзгелік етіс
C) Ешбірі
D) Ортақ етіс
E) Өздік етіс
4. Өзгелік етісті табыңыз
A) Айтып, қалған
B) Жинас, сөйлесті
C) Жаздыр, үйрет
D) Таран, мақтан
E) Оқыр, болар
5. Ортақ етісті табыныз
A) Жастар ойласты
B) Тас қаланды
C) Әкесінен қаймықты
D) Тектілігін танытты
E) Ойланбаған кісіде ақыл болмас
6. Өздік етісті табыңыз.
A) Еден жуылды
B) Досымен сырласты
C) Сурет ілінді
D) Тастан сарай салғызды
E) Асыл өзі киінді
7. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
A) -Ған,-ген,-қан,-кен
B) -А,-ып,-ғалы,-й
C) -Атын,-етін,-р
D) -Е,-іп,-ар,-ер
E) -С,-атын,-гелі,-п
8. Қай қосымша жіктелмейді
A) -Атын
B) -Ғалы
C) -Ған
D) -Ар
E) -Мақ
9. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Аяқта, ұқ
B) Бұзар, шабар
C) Егер, ендеше
D) Көргенің, айтарым
E) Жазым, басылым
10. Ырықсыз етісті табыңыз
A) Жуынды
B) Сөйленді
C) Қырынды
D) Жылынды
E) Киілді
11. Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.
A) -Ар, -ып,-ыр
B) -Т,-с,-л
C) -А,-е,-й
D) -Ғыз,-ған,ғалы
E) -Р,-с,-п
12. Ортақ етістен жасалған есім сөзді табыңыз.
A) Ол онымен қатты тартысты
B) Мен ол айтысты көрген жоқпын
C) Оның жағы қарысты
D) Мен оған көмектестім
E) Ол асығыс жетіп келді
13. Бұрынғы өткен шақта түрған сөзді көрсетіңіз.
A) Танысқан екен
B) Танысты
C) Танып тұрмын
D) Таниды
E) Танитынмын
14. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Сырласатын
B) Демалып жатыр
C) Пісірді
D) Ызаландырмақ
E) Оқыса игі еді
15. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.
A) Естіген
B) Бара жатыр
C) Келмекші
D) Ұғыпты
E) Қарарман
16. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Сөйледі
B) Сөйлеген
C) Сөйлер
D) Сөйлейді
E) Сөйлеп отыр
17. Етістіктің жедел өткен шағын көрсетіңіз.
A) Жеткізер
B) Жеткізкен
C) Жеткізетін
D) Жеткізеді
E) Жеткізді
18. Күрделі нақ осы шақ тұлғасындағы етістікті табыңыз.
A) Бір ақыл бар
B) Кетіп қалмақшы емес
C) Құс ұшады
D) Ол қайтып кетті
E) Біз оқып отырған жоқпыз
19. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Жүдеп қалыпты
B) Еңбек етсем
C) Айтқысы келген
D) Тынығыңыз
E) Амандасайын
20. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Айтқаным
B) Есіме алғым келді
C) Келіссе игі еді
D) Бара салайық
E) Тентіретті
21. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Толқыса
B) Алса игі еді
C) Оқығым келеді
D) Айтсаңшы
E) Көрген
22. Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз.
A) Табыңдар
B) Түсініңіздер
C) Үйренгісі келеді
D) Жетсін
E) Ұнатты
23. Шартты райлы етістікті табыңыз.
A) Белінді бекем буғайсың
B) Содан кейін мені бір сына
C) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз
D) Тенді шештірме, үйге де әбігер болма
E) Бір көрсем, арманым болмас еді
24. Етістіктің ашық рай түрінде түрған сөзді табыңыз.
A) Өнер шашпақ
B) Көрсет
C) Оқытсаңыздар
D) Қорықпасаң кел
E) Барсаңызшы
25. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
A) -атын
B) -п
C) -ғалы
D) -ған
E) -а
26. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.
A) Қадірледі
B) Қадірлейтін
C) Қадірлеген емес
D) Қадірлейді
E) Қадірлепті
27. Осы шақтағы етістікті табыңыз.
A) Онын мақаласы жарыққа шықты
B) Той болып жатқан еді
C) Ол оқуға кірісті
D) Рұқсат сұрауға дәті шыдамады
E) Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде
28. Қай сөйлемде етісітік бастауыш қызметін атқарып тұрғандығын анықтаңыз.
A) Балалы үй-базар
B) Сабыр түбі-сары алтын
C) Бүгін ауылда қалың думан бар
D) Абай аға, мынау – бізідң үйлер
E) Шапқан – озар, жатқан-тозар
29. Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
A) Күрең ат-Бөжейдің қыс мінетін аты
B) Олжабек ойланып қалды
C) Содан бері осындамын
D) Ашынғанның тілі ащы
E) Абайдың тілегі солай
30. Пысықта уыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
A) Кірпігін де сирек қағады
B) Алтын бидай дариядай шалқиды
C) Біз өзенге қарай жүрдік
D) Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер
E) Оны сол мінезі үшін катты кадірлейтін
31. Тұйық етістікті табыңыз.
A) Оқып
B) Көрген
C) Айтпақ
D) Білгелі
E) Жуу
32. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда , соңғы дыбысы өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетініз.
A) Ұқ
B) Жу
C) Айт
D) Сана
E) Сөйлес
33. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз.
A) Келер еді
B) Танысыпты
C) Тапсырманы орындамақпын
D) Барғым келеді
E) Адал еңбек ету
34. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.
A) Тасыу
B) Кел іу
C) Жуу
D) Жаю
E) Суыу
35. Тұйық етістікті табыңыз.
A) Қою тамақ
B) Мал сою
C) Жаяу жүр
D) Баяу айт.
E) Ояу жатыр.
36. Дұрыс жазылған етістікті табыңыз.
A) Жуыу
B) Байыу
C) Кею
D) Төку
E) Сыйу
37. Үстеу дегеніміз не?
A) Іс-әрекет, қимылды білдіреді
B) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді
C) Заттың сапасын, көлемін білдіреді
D) Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін мақсатын білдіреді
E) Сөз бен сөзді байланыстырады
38. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
A) Бүгін келдім
B) Кеше бардым
C) Әрең көтердім
D) Балаша сайрады
E) Шикілей әкелді
39. Туынды үстеуді көрсетіңіз
A) Әдейі бардым
B) Ертең келеді
C) Әрең жүрді
D) Жылдамырақ жүр
E) Талай жүрген жерім
40. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз.
A) Бүрсігүні аттанды
B) Ілгері жүрді
C) Қаннен – қаперсіз ұйқтады
D) Қыруар жұмыс істедік
E) Өте үлкен екен
41. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз
A) Қашаннан
B) Қаншама
C) Қайдан
D) Кімше
E) Қандай
42. Мекен үстеуді көрсетіңіз.
A) Алға қадам басты
B) Әрең-әрен бара жатты
C) Қасақана істеген
D) Амалсыздан үйіне жүрді
E) Қолма-қол тапсырды
43. Мақсат үстеуін табыңыз
A) Әлгіндғе, емін-еркін
B) Орасан, әжептәуір
C) Жорта, әдейі
D) Тысқары, мұнда
E) Амалсыздан, бекерге
44. «Қазақша» үстеуінің тұлғасына қарай түрін табыңыз
A) Мақсат
B) Мезгіл
C) Күрделі
D) Туынды
E) Себеп-салдар
45. Бөлек жазылатын үстеуді табыңыз
A) Сұңқардайын
B) Күнұзақта
C) Андасанда
D) Жаздытуні
E) Тында майынша
46. Мөлшер үстеуді табыңыз
A) Әжептәуір
B) Әрең
C) Ілгері
D) Кеше
E) Тым
47. «Қалай қарай» сұрағы қай үстеуге тән
A) Мақсат
B) Мезгіл
C) Мекен
D) Қимыл-сын
E) Мөлшер
48. Біріккен үстеуді табыңыз.
A) Алажаздай
B) Қанненқаперсіз
C) Бүрсігүні
D) Таңғысын
E) Қасақана
49. Туынды үстеуді табыңыз.
A) Шалқасынан
B) Ешқашан
C) Қалай қарай
D) Біршама
E) Әжептәуір
50. Туынды үстеудің жұрнағын табыңыз.
A) -дай
B) -даған
C) -ың
D) -ғыр
E) -дық
51. Шылау түрлерін ажыратыныз. Және, үшін, ғана.
A) Талғаулық, септеулік, демеулік
B) Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, жалғау
C) Жалғаулық, есептеулік, демеулік
D) Қарсылықты, демеулік, оқшау
E) Одағай, еліктеу, сөз,үстеу
52. «Сайын, қарай,соң, қабат» шылаулары қандай шылау тобына жататынын анықтаныз.
A) Қарсылықты
B) Демеулік
C) Талғаулықты
D) Шартты
E) Септеулік
53. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды табыңыз.
A) Бірақ, алайда,дегенмен
B) Мен, және, әрі
C) Егер,егер де
D) Өйткені, сондықтан
E) Біресе, бірде, кейде
54. Көмектес септігіне қатысты септеулікті табыңыз
A) Кейін
B) Шейін
C) Соң
D) Бірге
E) Үшін
55. Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетініз
A) Әрі, бері, гөрі
B) Не, я, да
C) -ды,-мыс,-ау
D) Мен, бен, пен
E) Қой, ғана,ше
56. Сұрау демеулігін табыңыз.
A) Сабақтан қал(ма)
B) Кітап оқы(ма)
C) Көшедегі аялда (ма)
D) Аздап қармай(ма)
E) Жар (ма)-талқан
57. Қате жазылған шылауды табыңыз.
A) Барған-ау
B) Бармайақ қой
C) Сондай -ақ
D) Сұмдық –ай
E) Барыпты-мыс
58. Қай сөйлемде үш түрлі шылау қатысқан.
A) Марат та, Сәкен де сабақта жоқ
B) Ертеңге дейін барып қалармын
C) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз
D) Қызым, сабаққа дейін тамағынды ішпедін Бе
E) Қыста қар жаумасаше
59. Шылауды табыңыз
A) Қар қалың жауыпты
B) Түнде күн қатты суық болды
C) Мейлі жаз, мейлі қыс болсын маған бәрібір
D) Содан әлі ауырып жатыр
E) Бар болғаны бес рет ойнады
60. Еліктеуіш сөзді табыңыз
A) Ағарандайды
B) Гүр-гүр
C) Шұбалаңқы
D) Бүлкектеп
E) Ирелеңдеп
61. Бейнелеуіш сөзді табыңыз
A) Тарс
B) Саңғыр
C) Жалт-жұлт
D) Арс-арс
E) Шаңқ
62. Шақыру одағайын табыңыз
A) Ойпырай
B) Түу
C) Шөре-шөре
D) Беу
E) Тәйит
63. Қөніл- күй одағайын табыңыз
A) Тек
B) Мәссаған
C) Құрау-құрау
D) Айт
E) Қош-қош
64. Бейнелік мағынаны білдіретін сөзді табыңыз
A) Күні-түні, әрі-бері
B) Үлкенді-кішілі, екі-үш
C) Тыпың-тыпың, жыбыр-жыбыр
D) Әкелі-балалы, бала-шаға
E) Өзді-өзді, сөйлей-сөйлей
65. Негізгі еліктеу сөзді табыныз
A) Қисаң-қисаң
B) Апыл-ғүпыл
C) Салдыр-гүлдір
D) Даңғыр
E) Жымың-жымың
66. Бейнелеуіш сөзді табыңыз
A) Тым-тырыс
B) Апыл-ғұпыл
C) Салдыр-гүлдір
D) Мырс-мырс
E) Тасыр-тұсыр
67. Одағай қандай сөздер қатарына жатады?
A) Еліктеу сөз
B) Шылау сөз
C) Мағыналы сөз
D) Омоним сөз
E) Оқшау сөз
68. Жекіру одағайын белгілеңіз
A) Көс
B) Шіркін –ай
C) Уһ
D) Пәлі
E) Жә
69. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы
A) Уау
B) Әйда
C) Моһ-моһ
D) Әттең
E) Қәне
70. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз
A) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді
B) Үй ішінде де майда самал ескендей
C) Көкжиекте аққудай тізілген ақша бұлттар шуақтап жатқан тәрізді
D) Япырау, қайда сол күндер
E) Көрсетпе тый көзінің жасын
71. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
Бұлақтың көзін ашу – игі іс.
A) Бұлақтың.
B) Көзін.
C) Ашу.
D) Игі.
E) Іс.
72. Одағайды табыңыз
A) Кел, бар
B) Алақай, уһ
C) Қызыл, көк
D) Бес, он, үш
E) Үй, тас
73. Еліктеуіш сөзі бар сөйлемді табыңыз
A) Асқар- инженер
B) Қол беті жарқырап жатыр
C) Найзағай жарқ-жұрқ етті
D) Жарқыра, жайна, туған ел
E) Алыстан жарық көрінді
74. Ұлттық байлыққа нелер жатады
A) Суретші, ақын, әнші
B) Тарихи ескерткіштер, табиғи байлық, мәдени мура
C) Тау, өзен
D) Жылқы, сиыр
E) Ас, отын
75. Теңге соңғы рет қай жылы шықты?
A) 1900ж
B) 1993ж
C) 2000ж
D) 2001ж
E) 2006ж
76. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
A) Сүт таңертең ұйып қалды.
B) Оң қолым ұйып қалды.
C) Әңгіме ұйып тыңдалды.
D) Олар сүттей ұйып отыр.
E) Сүттей ұйыған жанұя.
77. “Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.
A) Зерігу, құмар болу.
B) Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, іш пысу.
E) Ығыр болу, көңілі қалу.
78. Көсемшенің жұрнақтардын табыңыз
A) -са,-се,
B) -га,-ге,-ка,-ке
C) -ып,-іп,-п,-а,-е,-й
D) -мен,-бен,
E) -ба,-бе
79. Есімше жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз
A) Алақан
B) Маған
C) Көреген
D) Ылаған
E) Несие
80. Алтыннан да қымбат не?
A) Уақыт
B) Ақша
C) Байлық
D) Қаржы
E) Несие
81. Экономикалық термині бар сөйлемді табыңыз
A) Салық ставкалары пайызбен белгіленеді
B) Студенттер емтихан тапсырды
C) Қыс ызғары кетер емес
D) Күн сәулесі терезеден түсіп тұр
E) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
82. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тыным, тыныштық таппаған.
B) Бұраң бел, алма мойын.
C) Ара гүлге қонды.
D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
E) Сөз ағасы – құлақ.
83. Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Қара.
B) Ірі.
C) Сары.
D) Осал.
E) Қас.
84. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
A) Қала мен ауыл арасы.
B) Алты қанат ақ үй.
C) Ит терісін басына қаптады.
D) Көпке тараған күй.
E) Тез келді.
85. Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A) Қорытынды.
B) Тасаттық.
C) Қос бұрым.
D) Өркен.
E) Бағдарсыз.
86. Көп нүкте орындарына қажетті қосымшалар қойыңыз. Нарық...экономика...жетектей...күш-бәсекелес...
A) -тық,-ға,-тін,-тік
B) -та,-ны, -тін, -тік
C) -мен,-ған,-ар,-ар,-ер
D) -а,-шы,-пен
E) -ға,-мын,-ім
87. Экономикамен байланысты мақалды табыңыз
A) Білім -өмір шырағы
B) Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады
C) Өнер алды – қызыл тіл
D) Туған жер тұғырың
E) Отан оттан да ыстық
88. Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын анықтаңыз.
A) ХБЖ, қала.
B) Бақыт, нан.
C) Сақ, қалам.
D) БҰҰ, 50см.
E) Күн, қағаз.
89. Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.
A) Дала, бала.
B) Қала, нан.
C) Сарт-сұрт.
D) Қаңқ, қора.
E) Қақ, тарт.
90. Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.
A) Дауысты дыбыстар.
B) Үнді дауыссыз дыбыстар.
C) Дауыссыз дыбыстар.
D) Қатаң дауыссыз дыбыстар.
E) Ұяң дауыссыз дыбыстар.
91. Ашық буынды табыңыз.
A) Ал.
B) Қа.
C) Қас.
D) Ат.
E) Ет.
92. Ілік жалғаулы сөзді белгілеңіз
A) Ықыласпен орындалады
B) Балама айт
C) Айдың нұры
D) Кітап оқыған
E) Таудай талап
93. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз
A) Біздің балаларымыз
B) Ер азығы-білім
C) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез
D) Ендігі қараздар адам менмін
E) Бұл жайдан хабардар жан бар ма
94. Сөйлемдегі есімдікті көрсетіңіз. Біздің міндетіміз жан-жақты білім алу
A) Міндетіміз
B) Жан-жақты
C) Біздің
D) Алу
E) Білім
95. Тәуелдік мағына тудыратын жұрнақты табыңыз
A) -лар,-лер,-тар
B) -ның,нің,-дың
C) -нікі,-дікі,-тікі
D) -ым,-ім,-м
E) -мын,-сындар,-мыз
96. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз
A) Тақ(пен)жұп
B) Намыс(пен)ыза
C) Ай(мен)күн
D) Аңсадым(мен)сағындым
E) Үміт (пен)өмір сүру
97. Ашық жуан буынды белгілеңіз.
A) Аз, босат.
B) Ұқ, ұт.
C) Аға, бала.
D) Бел, бол.
E) Бөл, нан.
98. Тұйық буынды табыңыз.
A) Бақ, зор.
B) Ұқ, үн.
C) Аға, бала.
D) Бөс, жоқ.
E) Кел, бар.
99. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
A) Театр-рлар.
B) Баяндау-ыш.
C) Та-рақ.
D) Бір-ыңғай.
E) О-тан.
100. Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.
A) Дыбыс үндестігі.
B) Ілгерінді ықпал.
C) Кейінді ықпал.
D) Сингармонизм.
E) Тоғыспалы ықпал.
101. Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 1.
B) 2.
C) 3.
D) 4.
E) 5.
102. Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді табыңыз.
A) Ұшқышсың.
B) Тал ек.
C) Әлдеқашан.
D) Жанбады.
E) Ешқашан.
103. Ілгерінді ықпалды сөзді табыңыз.
A) Беру.
B) Жабу.
C) Секіру.
D) Ашса.
E) Ашу.
104. Түбір сөзді көрсетіңіз.
A) Кемпірқосақ.
B) Ағайын-жұрт.
C) Көк жүзі.
D) Тау.
E) Тау-тас.
105. Қосымшаның түрі нешеу екенін көрсетіңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
106. «Характеристика» сөзінің аудармасын көрсетіңіз
A) Мінездеме
B) Хаттама
C) Қаулы
D) Қарар
E) Жарғы
107. Туынды сөзді табыңыз.
A) Айбындылық, ұрыншақ.
B) Мектеп, мол.
C) Сау, көр.
D) Бала, шәкірт.
E) Мұғалім, емтихан.
108. «Резюме» сөзінің аудармасын көрсетіңіз
A) Түйіндеме
B) Өмірбаян
C) Мінездеме
D) Өтініш
E) Хабарландыру
109. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.
A) Көк(құтан), көк(жиек).
B) Көк(шөп), көк(базар).
C) Қол(қою), сары(май)..
D) Ат(қора), қол(сұғу).
E) Көк(көз), көз(жұму).
110. Жалқы зат есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Біркелкі заттардың жалпы атауы.
B) Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты.
C) Заттың сынын білдіреді.
D) Нақтылы тануға болатын зат атуы.
E) Адамның ойлауы нәтижесінде танысатын атау.
111. «Сарт-сұрт», «тарс-тұрс» сөздерін қай категорияға жатқызуға болады
A) Еліктеуіш
B) Одағай
C) Шылау
D) Үстеу
E) Есімдік
112. Жедел сөзі үстеудің қай түріне жатады
A) Қимыл-сын
B) Мекен
C) Мезгіл
D) Күшейткіш
E) Мақсат
113. 1845 жылы қазіргі Семей облысының территориясында дүниеге келген қазақ поэзиясының классигі кім?
A) Абай
B) Ыбырай
C) Шоқан
D) Мағжан
E) Шәкерім
114. Жалпы зат есімді белгілеңіз.
A) Байжан.
B) Теміртау.
C) Құлагер.
D) Адам.
E) “Ақжелкен” журналы.
115. Зат есімге лайық қатарды табыңыз.
A) Етістік.
B) Көмекші сөздер.
C) Бейтарап сөздер.
D) Еліктеу сөздер.
E) Есім сөздер.
116. Негізгі зат есімді белгілеңіз.
A) Балықшы.
B) Кітапхана.
C) Әке.
D) Бұрғы.
E) Егін.
117. Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.
A) Маңайда.
B) Клубтан.
C) Көркемөнер.
D) Мектептің.
E) Сөзге.
118. Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз.
A) Үйлерге.
B) Қонақтар.
C) Атыңыз.
D) Темірсің.
E) Таумен.
119. Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз.
A) Баласын.
B) Жиенсің.
C) Студентпіз.
D) Келгенбіз.
E) Адаммын.
120. Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.
A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
B) Кең болсаң, кем болмайсың.
C) Ол әрең келеді.
D) Абай қатты қуанды.
E) Мұның тамыры тереңде.
121. Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.
A) Ажарлы.
B) Шашыраңқы.
C) Күллі, тегіс.
D) Әкелді.
E) Келді.
122. Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.
A) Өнерлі өрге жүзер.
B) Айдар сымбатты болды.
C) Ала жаздай үй салумен болды.
D) Оқу үшін осында келдім.
E) Жігіттің ұйқысы шайдай ашылды.
123. Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын белгілеңіз.
A) Барғалы, аздыр.
B) Қалашық, айтқыш.
C) Өнерпаз, намысқой.
D) Пой-пой, пәлі.
E) Он жеті, елу мың.
124. Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім.
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім.
E) Заттың мезгіл-мекенге қатыстылығын білдіретін сын есім.
125. Қатыстық сын есімнің анықтамасын табыңыз.
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім.
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім.
E) Заттың сынын білдіретін сын есім.
126. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше.
B) Қуаң, бозаң.
C) Сұрша, бозғыл.
D) Аппақ, аса терең.
E) Сарғылт, күреңдеу.
127. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
A) Ұп-ұзын.
B) Сұп-суық.
C) Үлкенірек.
D) Аппақ.
E) Тым биік.
128. Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Ен бір артық көркемсің.
A) Сен.
B) Бір.
C) Артық.
D) Жоқ.
E) Көркемсің.
129. Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.
Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.
A) Өлеңмен.
B) Сөзді.
C) Желдей.
D) Құйындатқан.
E) Жоқ.
130. Есептік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
A) Нешінші?
B) Қанша?
C) Нешеу?
D) Қай шамасы?
E) Нешеден?
131. Топтау сан есімін көрсетіңіз.
A) Үштің бірі.
B) Жүзінші.
C) Жетеу.
D) Жүз-жүзден.
E) Мыңдап.
132. Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз.
A) Он төртінші.
B) Он төрт.
C) Төрт-төрттен.
D) Он-оннан.
E) Оннан екі.
133. Жинақтық сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бес жерде бес – жиырма бес.
B) Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
C) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
E) Елу – ердің жасы.
134. Дұрыс жазылған сан есімді табыңыз.
A) Жиырмабес.
B) 25 ке толды.
C) 5 сынып.
D) 8наурыз.
E) 7-қазан.
135. Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз.
A) 23 қатар.
B) 105-мектеп.
C) 10 мектеп.
D) X
E) XX-ғасыр.
136. Қате жазылған болжалдық сан есімді табыңыз.
A) 1000-дап.
B) 100-деген.
C) Сағат 5-терде.
D) 10 даған.
E) Қырық-елу.
137. Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.
A) Сіз келесіз.
B) Атаның баласы.
C) Қалаға бару.
D) Көзбен көру.
E) Болат келді.
138. Белгісіздік есімдікті табыңыз.
A) Бәріміз.
B) Баршамыз.
C) Біздің.
D) Қайсыбіреу.
E) Өзіміздің.
139. Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз.
A) Әркімдер.
B) Бұған.
C) Бәріне.
D) Маған.
E) Өздері.
140. Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Олар, менмін.
B) Кетір, оқыт.
C) Соныңыз, мынауыңыз.
D) Ақшыл, сенсің.
E) Оған, маған.
141. Жалпылау есімдігін анықтаңыз.
A) Ана, мына.
B) Ақылды, бәрі.
C) Күллі, барша.
D) Түгел, ақылды.
E) Ата, сол.
142. Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
A) Заттың қимылын білдіреді.
B) Заттың атын білдіреді.
C) Заттың түрін білдіреді.
D) Заттың санын білдіреді.
E) Заттың көлемін білдіреді.
143. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Біз тыңдап отырмыз.
B) Олар келе жатыр.
C) Ол оқып отыр.
D) Мен мектептен келдім.
E) Ерік әдебиет оқып отыр.
144. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Арман сабақ оқып отыр.
B) Балалар мектепте отыр.
C) Сен кешке кел.
D) Ол келмеді.
E) Сізді көрдім.
145. Етістіктердің ішінен туынды етістікті табыңыз.
A) Оқы, көр.
B) Жасар, бірік.
C) Кір, шық.
D) Жүрді, тұрады.
E) Тұрды, отыр.
146. Зат есімнен болған етістікті анықтаңыз.
A) Қарай.
B) Түне.
C) Ұшар.
D) Ұзама.
E) Көр.
147. Болымсыз етістікті белгілеңіз.
A) Көрме ашылды.
B) Көрме досыңнан.
C) Немереме беремін.
D) Бөлменің есігі.
E) Есіме оралды.
148. Ырықсыз етісті табыңыз.
A) Айтқыз.
B) Жуынды.
C) Орылды.
D) Жіберді.
E) Айттырды.
149. Ортақ етісті көрсетіңіз.
A) Алысты.
B) Жазылды.
C) Емізді.
D) Керілді.
E) Жаздырды.
150. Тұйық етістікті табыңыз.
A) Қуу.
B) Бау.
C) Сау.
D) Жау.
E) Қау.
151. «ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
152. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді атаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
153. Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Ол жығылып қалды.
B) Табиғат – біздің досымыз.
C) Марат күліп жіберді.
D) Еңбек етсең, есейерсің.
E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.
154. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.
A) Бұл – Еркебұлан сөзі.
B) Кешікпей Абайлар да аттанды.
C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.
D) Орамалың бар ма?
E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті.
155. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Атың әдемі екен.
B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.
C) Көп ұзамай жауын басылды.
D) Өңі алабұрта күрең тартқан.
E) Бүгін сабақта Әмір жоқ.
156. Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.
Eсті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
A) Есті.
B) Адамдарда.
C) Бар.
D) Қасиет.
E) Уайым жеу.
157. Тұрақты тіркестен болған нақ осы шақты табыңыз
A) Бізге күнде сабақ болып жатыр
B) Ол сабаққа мойынын бұрмай жүр
C) Ол шахматтан жеңіліп қалып жүр
D) Сенің демалғың келіп отыр ма?
E) Мен оған қол ұшын беріп тұрдым
158. Тұрлаулы мүшелері етістіктен болған сөйлемді табыңыз
A) Жалғыз жігіт-жалтақшыл
B) Өнер-өмір өрнегі
C) Ескерген ескісін сақтайды
D) Көшіп келе жатқан-Абай ауылы мен көрші ауылдар
E) Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды
159. Сөйлемнің баяндауышын анықтаңыз. Саналы жан көрмедім сөзді ұғардық.
A) Ұғарлық
B) Саналы
C) Жан
D) Сөзді
E) Көрмедім
160. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.
A) Үлкенге – құрмет, Кішіге – ізет
B) Арақты сатпау керек
C) Темекі шегу денсаулыққа зиян
D) Нанды жерге тастауға болмайды
E) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған
161. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз
A) Келер еді
B) Танысыпты
C) Тапсырманы орындамақпын
D) Барғым келеді
E) Адал еңбек ету
162. Күрделі етістіктен жасалған баяндауышты табыңыз
A) Ол інісіне қарай жүрді
B) Ол халыққа жар салды
C) Сағатым жоғалды
D) Оның арманы – демалу
E) Сабақ оқығаннан басқа тірлігі жоқ
163. Тәуелденіп және септеліп қолданылған сөз қайсы?
A) Шашу
B) Баруым
C) Бастауымның
D) Оюлар
E) Сөйлеуде
164. Етістіктен болған күрделі баяндауышты табыңыз
A) Торғай жерге жақындай ұшты.
B) Қазақстан пайдалы қазбаға өте бай.
C) Ол асықты.
D) Ол оған жауап бере алмады.
E) Дала жап – жарық.
165. Дара етістіктен жасалған анықтауышты табыңыз
A) Ұялған қарап тұрмайды.
B) Аузы күйген үріп ішер.
C) Сөз тапқанға қолқа жоқ
D) Тәртіпке бас иген құл болмайды
E) Ойлап сөйлеген адамның қатесі аз
166. Толықтауыш неден жасалған? Жолда қалғанға қол ұшын бер.
A) Көсемше
B) Есімше
C) Тұйық етістік
D) Бұйрық рай
E) Сабақты етістік
167. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз
A) Кешеден тосып жүр
B) Оңашада жылап та алғам
C) Мен жолшыбай соғармын
D) Ол балаша сақ-сақ күлді
E) Мен елімнің ертеңімін
168. Үстеу бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемді табыңыз
A) Бірі – қартаң, бірі – жас қонақ
B) Қасына қайда отырғызды
C) Тезірек қимылда
D) Ел ертеңі білімді жастар қолында
E) Ары таза болмаған адам бұрын қағады кірпігін
169. Бастауыш қызметіндегі үстеуді табыңыз
A) Ол бүгін келді
B) Ертеңіңді ойлап әрекет жаса
C) Жақсылықтың ерте – кеші жоқ
D) Ол кешелер ойын баласы еді
E) Ол кейінірек барады
170. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуішті табыңыз
A) Үйінді қарды борт-борт басысып, қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген
B) Сейіт күтпеген сөзге селк етті
C) Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр- сылдыр етеді
D) Алаң да алаң, алаң жұрт , ақала ордам қонған жұрт
E) Әлгі адам сәл бөгеліп, тау шыңына қарай көз жіберді
171. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөзді табыңыз. Далада үп еткен жел жоқ.
A) Далада
B) Үп еткен
C) Жел
D) Еткен
E) Жоқ
172. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз
A) Бұлардың жағдайлары
B) Балуанмен күресті
C) Ғалымды көрсеңіз
D) Ғалымнан басқа
E) Асығып сөйлейді
173. Толықтауыштық қатыстағы сөз тіркесін анықтаңыз
A) Пайда ойлама – ар ойла
B) Өзің үшін үйрен
C) Тағы да келді
D) Түс ауа қозғалды
E) Бәрі тыныш аяқталды
174. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз
A) Дарқан дала
B) Ғұмырнама
C) Мұзға отырғызып кету
D) Кедей – кепшік
E) Кешкі жел
175. Есім тіркесті табыңыз
A) Оңға жуық
B) Он шақты
C) Үйге дейін
D) Үлкен үй
E) Жүзге тарта
176. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз
A) Ел арасына сыйлы
B) Ұлттық ойын ойнайды
C) Ақылды сөз айтылды
D) Жыл сайын толықты
E) Өмірдің мәнін түсінді
177. Қазақ тілінде сөйлем айтылуы мақсатына қарай неше түрге бөлінді
A) 5
B) 4
C) 6
D) 7
E) 2
178. Атаулы сөйлемді табыңыз
A) Мен бүгін суреттен бес алдым
B) Қайдан?
C) Дала
D) Сәбит ұшақпен кетті
E) Жиналыс басталды
179. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз
A) Біз үшеуміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз
B) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты
C) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім
D) Ауылдың маңы – терең сай
E) Сұрап отырғаны – осы
180. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?
Ол...биік,... аласа,... қатал ,... жұмсақ мінезді ,... шешен ,... сараң сөзді еді.
A) Бірақ
B) Және
C) Немесе
D) Да
E) Бірде
181. Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз
A) Па, жігіт –ақ екен!
B) Әй, көзіңе қара!
C) А, мен кешіккен екенмін ғой
D) Япырай, - деп ойлады ол ақырында
E) Құр – құр... – десті қора ішінен екі дауыс.
182. Есімдіктен болып тұрған бастауышты көрсетіңіз
A) Маған сыйлық әкелді
B) Мен еңбекті бағалаймын
C) Ана сүтін ардақта
D) Оның төрттен бірін ал
E) Сыйлық бәріне жетті
183. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөзді табыңыз
A) Ат – мат
B) Әке – шеше
C) Жалт – жұлт
D) Қап – қара
E) Бала – шаға
184. Етістік сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз
A) Қаламсыз
B) Басшы
C) Тарақ
D) Еңбекші
E) Жерлес
185. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді табыңыз
A) Өсірген
B) Өсіріпті
C) Өсіреміз
D) Өсірмекпіз
E) Өспекші
186. Бұйрық райлы етістікті табыңыз
A) Барды
B) Бар
C) Барған
D) Барар
E) Бармақ
187. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз
A) Баяулау
B) Бұлбұлдайын
C) Сеніңше
D) Қазақша
E) Соншалық
188. Шақыру одағайын табыңыз
A) Пәлі
B) Ойпырым-ай
C) Шөре – шөре
D) Бәрекелді
E) Қап
189. Тұйық етістікті табыңыз
A) Көру, түсіну
B) Кел, бар
C) Барған, отырған
D) Алар, сатар
E) Отыр, жүр
190. Жіктеу есімдігін табыныз
A) Бұл, сол
B) Мен, сен
C) Бәрі түгел
D) Біреу, кейбіреу
E) Сол
191. Ортақ етіс болып тұрған сөзді табыңыз
A) Санат, отырғыз
B) Табыс, керіс
C) Салысты, берісті
D) Қосылды , түйілді
E) Ашылды , берілді
192. Есімшелі сөзді көрсетіңіз
A) Мойындау керек
B) Оқыған адам
C) Қайтқалы жатыр
D) Мен барамын
E) Мен келемін
193. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз
A) Өзім
B) Әрбір
C) Дәнеңе
D) Бүкіл
E) Ешкім
194. Шылау сөзді табыңыз
A) Бірақ
B) Маңы
C) Ол
D) Шылп
E) Сол
195. Ырықсыз етісті табыңыз
A) Айтқыз
B) Жуынды
C) Орылды
D) Жіберді
E) Айттырды
196. Жатыс септік қосымшасын табыңыз
A) -ға , -ге
B) -мен, -бен
C) -нан, -нен
D) -ды, - ді
E) --да, -де
197. Антоним қай сөз табынан жасалған? Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.
A) Сын есім
B) Есімдік
C) Етістік
D) Зат есім
E) Үстеу
198. Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді табыңыз
A) Қалам
B) Арманың
C) Балы
D) Балама
E) Балаңыз
199. Септеулік шылауды табыңыз
A) Қой
B) Ғой
C) Мыс
D) Ба
E) Соң
200. Мына сөздердің ішінен жай сөз тіркесін табыңыз
A) Ашу-ыза
B) Әдемі қыз
C) Ақ-қара
D) Тиын-тебен
E) Жолдас-жора
201. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз
A) Кеше қар жауды
B) Сен де келесің бе
C) Жайнай бер, туған жер
D) Шіркін, ауыл кеші ерекше-ау
E) Ең төменгі баға алды
202. Орал қаласы – бұл қандай сөйлем?
A) Толымды
B) Жақсыз
C) Жақты
D) Атаулы
E) Толымсыз
203. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз
A) 1942 жыл
B) Бұлтты аспан
C) Мынау қоян жепті ғой
D) Мәдени, демалыс паркі
E) Бәріміз жиналдық
204. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауды табыныз
A) Анаға сәлем
B) Кітапты беру
C) Колхоздың малы
D) Қалаға бару
E) Ауылдан келген
205. Мына сөздердің ішінен синонимдерді табыныз
A) Ғалым, ұстаз, алпауыт
B) Алуан, асқар, айшықты
C) Ақылды, ғұлама, кемеңгер
D) Арман, Әсем, зерлі
E) Ойшыл, аруана, асқақ
206. Антонимдік жұпты көрсетініз
A) Ұстау-табу
B) Түшкіру-сауығу
C) Көпшілік-азшылық
D) Ұту-жеңу
E) Көлеңке-ашықтан-ашық
207. Көмектес септегіндегі сөзді табыныз
A) Есік(пен)төр
B) Қаз(бен)үйрек
C) Тіл(мен)жақ
D) Бала(мен)қыз
E) Келін(мен)бірге
208. Тайға таңба басқандай деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз
A) Уақытында
B) Белгілі
C) Жылдам
D) Ашық
E) Анық
209. Синонимдік қатарды көрсетіңіз
A) Шыдам, төзім
B) Бақ, айла, жер
C) Көрік, сөз, әдемі
D) Ер, шырайлы, тез
E) Сұлу, керек, ақ
210. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз
A) Өмірдің мәні
B) Балалық дәурен
C) Жыл сайын толығу
D) Таудан түсу
E) Бір шөкім бұлт
211. Синоним сөздерді көрсетіңіз
A) Ет, май
B) Асыл, асық
C) Есті, ескі
D) Ақшалы, қалталы
E) Жарық, қараңғы
212. Антоним сөздерді табыңыз
A) Некен-саяқ
B) Құда-жекжат
C) Мақтау-жамандау
D) Нәтижелі-жемісті
E) Мешкей-ашқарақ
213. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз
A) Түнде, кеште
B) Жүз, оқы
C) Бір, алтау
D) Бұл, сонау
E) Егер, бірге, уақыт
214. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз
A) Ойсыз
B) Атадан
C) Ауылдас
D) Әкедей
E) Бұрғы
215. Шылауды табыңыз
A) Және, да
B) Жә-жә
C) Ха-ха
D) Қап
E) Ә дегенше
216. Көптік жалғауын көрсетіңіз
A) Асқар
B) Кептер
C) Дәптер
D) Күндер
E) Жүзер
217. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз.
A) Еңбек - өмір рахаты.
B) Олар бір-бірлеп келе бастады.
C) Үйде екі-ақ адам отыр.
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
E) Ол мәселені шешіп кетті.
218. Бір буынды сөз
A) Сақтан
B) Жазғы
C) Бақталас
D) Қант
E) Жүйрік
219. Етістіктің қалау рай түрінде гі сөзді табыңыз
A) Көмек беру
B) Отыруды қалады
C) Оқытқалы келді
D) Сабақ оқыды
E) Тезірек келгейсің
220. Септік жалғауы жалғанған сөздерді көрсетіңіз
A) Кітап
B) Ақылды
C) Күз
D) Көрікті
E) Қағазды
221. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз
A) Әкеміз
B) Әкеме
C) Әкемнің
D) Әкесін
E) Әкені
222. Омоним сөздерді табыңыз
A) Ел үмітін ер ақтар
B) Көңілі бұлақтай таза
C) Баусыз оймақ қолда тұрмас
D) Қара құс- жыртқыш құс
E) Алма, өзіңе керегі затты алма
223. Пысықтауышты табыңыз
A) Әрі-зат есім
B) Әріде болған оқиға
C) Сен әрнемені айтпа
D) Сабақта әрі жаздың, әрі оқыдың
E) Әріде - үш буын
224. Зиялы сөзінің антонимін табыңыз
A) Көреген
B) Маңғаз
C) Елгезек
D) Көзі ашық
E) Надан
225. Етістіктен жасалған зат есімді көрсетіңіз
A) Қуан, қайғыр, ойла
B) Тозық, жатақ, қуаныш
C) Бұрғы, келісім, бұрыл
D) Көрермен, тілек, зуылдақ
E) Тербеліс, тарсыл, күңкіл
226. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз
A) Мәселесі шешілді
B) Мен шебер бола алар ма екенмін?
C) Ауылға ақындар келді
D) Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын
E) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
227. Келер шақтағы етістікті табыңыз
A) Қанатты ұшады, аяқты жүгіреді
B) Балаңыз оқудан ертең келеді
C) Құс ұшады, адам сөйлейді
D) Жас өседі, жарлы байиды
E) Ол бізге жиі келіп тұрды
228. Екеуі де менен сырын жасырмайды. Бастауыш қай сөз табынан ?
A) Есім
B) Жинақтау сан есім
C) Есімше
D) Есімдік
E) Зат есім
229. Ол сыныпқа кіріп, хабарландыру айтты. Зат есім нешеу?
A) 2
B) 3
C) 1
D) 4
E) 5
230. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді не дейміз?
A) Толымды
B) Толымсыз
C) Жалаң
D) Жай
E) Жайылма
231. «Алыс», «шалғай» сөздерінің мағынасы
A) Заттың мекені
B) Құбылыс бейнесі
C) Заттың саны
D) Істің амалы
E) Істің мекені
232. Зат есімді тіркес
A) Күміс білезік
B) Оқыған менмін
C) Он жеті мың
D) Сағын сындырды
E) Ол жазып отыр
233. Синоним сөздердің тізбегін табыңыз
A) Оң, теріс, дұрыс
B) Ар, ұят, ождан
C) Қалқан, қапқан
D) Терезе, перде
E) Қал, қала, қалау
234. Антонимдік жұпты көрсетіңіз
A) Кемсіну-кемтар
B) Бақытсыз-бақытты
C) Бүгін-биыл
D) Дамылсыз-тоқтаусыз
E) Саяси-көпшілік
235. Тек орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын белгілер
A) А, ъ
B) Ъ, ь
C) Ъ,е
D) Е,а
E) Ь,о
236. Күрделі сөз тіркесін табыңыз
A) Көз тігеді
B) Құрт
C) Нұрлы жаз
D) Пештегі отын
E) Отын лаулап жанды
237. Мекен пысықтауышты табыңыз
A) Ол тектек сәби еді
B) Күлдіру үшін айтып отыр
C) Тауға бара жатыр
D) Пысықтығынан тез орындады
E) Кешкілік қайтып келді
238. Күрделі нақ осы шақ табыңыз
A) Айта бер
B) Айтып отыр
C) Айта ғой
D) Айтып қал
E) Айта сал
239. Синтаксис қай елдің сөзі?
A) Латын
B) Қазақ сөзі
C) Грек сөзі
D) Араб сөзі
E) Орыс сөзі
240. Мақсат үстеуді тіркесті көрсетіңіз
A) Ұшқары ойлау
B) Түн бойы көз ілмеу
C) Мүлдем ұмыту
D) Әдейілеп келу
E) Екіншігәрі келме
241. Қай сөздің жазылуында қате бар?
A) Мәжіліс
B) Бөдөне
C) Сарыарқа
D) Өнерпаз
E) Кітап
242. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысы өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз
A) Кел
B) Айт
C) Жүр
D) Бар
E) Тап
243. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен елдің жіберген емшісімін.
B) Ол еш уақытта қуанған емес.
C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
D) Ораз отыр.
E) Бақыт кеше келді.
244. Бір буынды сөзді табыңыз
A) Сақтан
B) Жазғы
C) Бақталас
D) Қант
E) Жүйрік
245. Септік жалғауы жалғанған сөздерді көрсетіңіз
A) Кітап
B) Ақылды
C) Күз
D) Көрікті
E) Қағазды
246. Етістікті тіркесті табыңыз. Жақсының ашуы шай орамал кепкенше, жаманның ашуы басы жерге жеткенше.
A) Жақсының
B) Басы жеткенше
C) Жаманның ашуы
D) Жаманның басы
E) Шай орамал
247. Бір сыңары болжалдық сан есімнен болған сөз тіркесін табыңыз
A) Қартайған сайын түсінбек
B) Отыздан астам кітабыңыз бар екен
C) Шамдарды сөндірдік
D) Сазгерлік өнер
E) Бала өсіп келеді
248. Сөз тіркесі болу үшін керекті объектіні белгілеңіз
A) Сөйлем
B) Сөз
C) Дыбыс
D) Буын
E) Сөйлем мүшесі
249. Тіркес түрін анықтаңыз. Су жүрек.
A) Есімді тіркес
B) Күрделі сөз
C) Етістікті тіркес
D) Мәтел
E) Тұрақты тіркес
250. Асты сызылған сөз қай табына жатады? Кәрімнің досы өткен жазда Алматыға барыпты.
A) Одағай
B) Үстеу
C) Сын есім
D) Зат есім
E) Етістік
251. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
A) Күшті, мықты.
B) Шелдену, қоңдану.
C) Бағалы, құнды.
D) Әлді, қарулы.
E) Қайратты, қажырлы.
252. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.
B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Оған қарағым келмейді.
D) Теңіз толқыны күшейді.
E) Айналайын, шырағым, сенбісің?
253. Термин сөздерді көрсетіңіз
A) Жақсы, жаман.
B) Бастауыш, баяндауыш
C) Сәлемдесу, амандасу.
D) Тез, жылдам.
E) Ажар, көрік.
254. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Қарағым, бүгін күн жұма ғой.
B) Қой, не де болса қалмайық енді.
C) Жүрегім, ойбай, соқпай енді.
D) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
E) Уа, халқым, құлаш жаздың кең өріске.
255. “Ұ” дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз.
A) С...мке.
B) ...стаған.
C) Жая...лап.
D) Т...сін.
E) Т...скен.
256. Ашық дауысты дыбысты табыңыз.
A) А, Ә.
B) Ы, І.
C) Ұ, У.
D) Ү, Й.
E) Ы, У.
257. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.
A) Бейсенәлі.
B) Әлдеқашан.
C) Кінәрат.
D) Ойыншық.
E) Күйзеліс.
258. “Н” дауыссыз дыбысы қай топқа жататынын белгілеңіз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс.
B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
C) Жуан сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.
D) Үнді дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.
259. Қай сөзде “П” дыбысы жазылатынын көрсетіңіз.
A) Та...у.
B) Ке...у.
C) Қағы...-соғу.
D) До...ы.
E) Тара...ы.
260. “Ң” дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.
A) Қатаң дауыссыз дыбыс.
B) Ұяң дауыссыз дыбыс.
C) Үнді дауыссыз дыбыс.
D) Жуан дауыссыз дыбыс.
E) Жіңішке сөзге ғана жазылатын дауыссыз.
261. Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.
A) Төзімді.
B) Саңырауқұлақ.
C) Шаруашылық.
D) Жақсылық.
E) Орта.
262. Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.
A) Дала, бала.
B) Қала, нан.
C) Сарт-сұрт.
D) Қаңқ, қора.
E) Қақ, тарт.
263. Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.
A) Дауысты дыбыстар.
B) Үнді дауыссыз дыбыстар.
C) Дауыссыз дыбыстар.
D) Қатаң дауыссыз дыбыстар.
E) Ұяң дауыссыз дыбыстар.
264. Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз..
A) Қал-алық.
B) Тәу-елді.
C) А.С.-Пушкин.
D) Арық-тау.
E) Таран-ыс.
265. Көп нүктенің қойылатын жерін көрсетіңіз.
A) Бірыңғай мүшелер арасына.
B) Бастауыш пен баяндауыш арасына.
C) Оқиға толық аяқталмай тоқталса.
D) Қысқартылған сөзден кейін.
E) Ой санамалап айтылса.
266. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
A) Жәйау.
B) Жайау.
C) Жаяу.
D) Жайяу.
E) Жәйәу.
267. Ресми стильге жататын қатарды белгілеңіз.
A) Көркем шығарма.
B) Ғылыми шығарма.
C) Өтініш, сенімхат.
D) Газет-журнал тілі.
E) Қоғамдық-саяси әдебиет.
268. Іс-қағаздар стилін көрсетіңіз.
A) Радио, теледидар арқылы шолу, сұхбат.
B) Суреттеу, ауыспалы мағыналы сөздер.
C) Қарапайым сөздер, кәсіби сөздер.
D) Құжаттар, бұйрықтар, анықтамалар.
E) Ғылыми мақалалар, лекциялар.
269. Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.
A) Жүзіктің.
B) Көзінен.
C) Өткендей.
D) Пысық.
E) Жігіт.
270. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыз.
A) Аяғымен кезек тебу.
B) Беті ашық шелек.
C) Еламан түршігіп кетті.
D) Қуаныш ұзағынан болсын.
E) Төргі бөлмеде.
271. Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
A) Еңбек - өмір ажары.
B) Жақсы ұл – елдің туы.
C) Айна - айна емес, халық- айна.
D) Көпке күл шашпа.
E) Мал сақтама, ар сақта.
272. Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
A) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.
B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.
D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.
273. Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) Жып-жылы, әке-шеше.
B) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.
C) Үгіт-насихат, жап-жаңа.
D) Бақытты-бақытсыз, некен-саяқ.
E) Мәдени-ағарту, ат-мат.
274. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.
A) Көкпеңбек, қолма-қол.
B) Шегара, құрбы-құрдас.
C) Қысы-жазы, оқта-текте.
D) Қып-қызыл, түйе-мүйе.
E) Көзбе-көз, жалт-жұлт.
275. Мақалды табыңыз.
A) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.
B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.
D) Ғылым таппай мақтанба.
E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
276. Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын анықтаңыз.
A) 5.
B) 6.
C) 7.
D) 8.
E) 9.
277. Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.
A) Маңайда.
B) Клубтан.
C) Көркемөнер.
D) Мектептің.
E) Сөзге.
278. Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.
Әсем сабақты жақсы оқиды.
A) Әсем.
B) Сабақты.
C) Жақсы.
D) Оқиды.
E) Жоқ.
279. Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.
A) Өнерлі өрге жүзер.
B) Айдар сымбатты болды.
C) Ала жаздай үй салумен болды.
D) Оқу үшін осында келдім.
E) Жігіттің ұйқысы шайдай ашылды.
280. Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.
A) 3.
B) 4.
C) 2.
D) 5.
E) 1.
281. «Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз.
A) 5 дыбыс, 4 әріп.
B) 5 дыбыс, 5 әріп.
C) 4 дыбыс, 4 әріп.
D) 4 дыбыс, 5 әріп.
E) 6 дыбыс, 4 әріп.
282. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Мұзды еріту.
B) Мұздай суық.
C) Мұзға отырғызып кету.
D) Мұз айдыны.
E) Мұзда сырғанау.
283. Дауыссыз дыбыстардың анықтамасын белгілеңіз.
A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар.
B) Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дыбыстар.
C) Үннен ғана тұратын дыбыстар.
D) Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дыбыстар.
E) Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дыбыстар.
284. Қатаң дауыссыздарға берілген анықтаманы белгілеңіз.
A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауынан жасалған дауыссыз.
B) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар.
C) Салдыр мен үннің қатысуы арқылы жасалған дауыссыздар.
D) Үннен салдыры басым дауыссыздар.
E) Салдырдан үн басым болатын дауыссыздар.
285. Ұяң дауыссыздарға берілген анықтаманы көрсетіңіз.
A) Өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады.
B) Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, үннен салдыр басым дауыссыз дыбыстар.
C) Үн мен салдырдың қатысынан жасалған дыбыстар.
D) Салдырдан үн басым болатын дауыссыздар.
E) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар.
286. Ілгерінді ықпалға жататын сөздерді белгілеңіз.
A) Ашса, кітабы.
B) Тастан, жазға.
C) Теуіп, жабады.
D) Сабағы, көнбеді.
E) Қолғабы, тарағы.
287. Кейінді ықпалға жататын мысалдарды белгілеңіз.
A) Қазақстан, адамнан.
B) Бұрымнан, сұранысқа.
C) Тарағы, жазса.
D) Анаға, табаққа.
E) Мектепке, қаптан.
288. Үндестік заңына бағынбайтын септік жалғауын көрсетіңіз.
A) Барыс септік жалғауы.
B) Шығыс септік жалғауы.
C) Көмектес септік жалғауы.
D) Табыс септік жалғауы
E) Жатыс септік жалғауы.
289. “Еш” сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.
A) Еш(кім).
B) Еш(нәрсе).
C) Еш(қайда).
D) Еш(қандай).
E) Еш(бір).
290. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды анықтаңыз.
A) Ашық буын.
B) Тұйық буын.
C) Бітеу буын.
D) Жалаң буын.
E) Ашық буын мен тұйық буын.
291. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
A) Таңдамалы шығарма.
B) Білгіш жан.
C) Қызыл тал.
D) Қайыңды өлке.
E) Көшпелі халық.
292. “Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз.
A) Еш(нәрсе).
B) Еш(уақыта).
C) Еш(болу).
D) Еш(қашан).
E) Еш(адам).
293. Қатыстық сын есім қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Қызыл тал мен ақ қайыңның бұтақтары жылтырап күнмен шағылысады.
B) Көл ортасында қалың жасыл қамыс.
C) Жаз бойы жасыл шалғыны жапырылмайды.
D) Содан соң қысқы қора маңының лайсаңынан да құтылады.
E) Күздеудің отын әбден тауыспай , мал тұяғын тигізбейді.
294. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
A) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...
B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.
C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.
D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.
E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.
295. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Құлақ салды.
B) Құлақ етін жеді.
C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.
D) Құлағым ауырып жүр.
E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.
296. Лепті сөйлемді анықтаңыз.
A) Па! Шіркіннің сөзі
B) Мынау қоян жепті ғой.
C) Не күдігіңіз бар еді
D) Қандай айғақ таптыңыз
E) Ертең қызық болады.
297. Тағысын тағылар, тағы басқалары деген сөздер қысқартылып жазылғанда қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
A) Сызықша.
B) Көп нүкте.
C) Үтір.
D) Нүкте.
E) Нүктелі үтір.
298. Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.
B) Бастауышы жоқ сөйлем.
C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.
E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
299. Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді белгілеңіз.
A) Жақты сөйлем.
B) Жақсыз сөйлем.
C) Толымды сөйлем.
D) Жайылма сөйлем
E) Жалаң сөйлем
300. Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрін белгілеңіз.
A) Қалау рай.
B) Бұйрық рай.
C) Ашық рай.
D) Шартты рай.
E) Қалау рай мен бұйрық рай.
Достарыңызбен бөлісу: |