Тесты Редакция: 1 Страница из Аралық бақылаудың тесттік сұрақтары


Ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың тарылуы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі64,85 Kb.
#82121
түріТесты
1   2   3   4
Байланысты:
1-нұсқа

4. Ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың тарылуы
5. Өкпеде кіші көлемді қуыстың пайда болуы

11. Металл реңді тыныс түрі төмендегілердің қайсысында кездесуі ЕҢ ЫҚТИМАЛ?


1. Ашық пневмоторакс
2. Бронхтардың кеңеюі
3. Өкпенің кеңеюі
4. Бронхтардың тарылуы
5. Өкпе тінінің тығыздануы

12. Төмендегілердің қайсысы дауыс дірілінің күшеюіне себеп болуы мүмкін?


1. гидроторакс
2. пневмоторакс
3. Компрессиялық ателектаз
4. өкпе тіндерінің тығыздануы
5. Фиброторакс

13. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КЕУДЕ ПІШІНДЕРІНЕ ЖАТАДЫ (2 жауап)


1. астеникалық
2. паралитикалық
3. конустық
4. гиперстеникалық
5. нормостеникалық
6. кифосколиотикалық

14. ЫЛҒАЛДЫ СЫРЫЛДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӘКЕЛЕТІН СЕБЕПТЕР (2 жауап)


1. бронхиолалардың спазмы
2. өкпенің бүрісуі
3. плевра жапырақшаларына фибриннің жиналуы
4. бронх саңылауында сұйық қақырықтың жиналуы
5. үлкен бронхпен байланысатын қуыстың болуы
6. шырышты қабаттың ісінуіне байланысты бронх саңылауының тарылуы

15. Төмендегілердің қайсысы плевраның үйкеліс шуылына ЕҢ ұқсас?


1. қардың сықырлауы, терінің және қағаздың сықыры
2. ұсақ ауа көпіршіктерінің жарылуы
3. ұзақ, жоғары, ысқырықты дыбыстар
4. төмен, гуілдеген дыбыстар
5. ызылдаған дыбыстар

16. Өкпенің төменгі жиектерінің жылжымалылығын анықтау үшін келесі әдіс қолданылуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ


1. беткей пальпация
2. терең пальпация
3. салыстырмалы перкуссия
4. топографиялық перкуссия
5. аускультация

17. 35 жастағы ер адам жедел жәрдем дәрігеріне хабарласты, анамнезінде ұзақ уақыт темекі шеккен. Зерттеу барысында өкпеде бронхпен байланысатын қуыстың бар екендігі анықталды.


Бұл жағдайда ЕҢ ЫҚТИМАЛ аускультативті белгі қандай?
1. Везикулярлы тыныстың әлсіреуі
2. Күшейген везикулярлы тыныс
3. Метал реңді тыныс түрі
4. Амфоралық тыныс түрі
5. Қатаң тыныс түрі

18. 52 жастағы ер адам қабылдау бөлімінің дәрігеріне келді, тыныштық кезіндегі ентігуге, қиын бөлінетін тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданады. Физикалық зерттеу әдістерін жүргізгеннен кейін дәрігер ерін цианозын, «бөшке тәрізді» кеуде пішінін, өкпенің үстінен қорап тәрізді дыбыс және везикулярлы тыныстың әлсіреуімен бірге құрғақ сырылдар анықтады.


Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына осы өзгерістер ЕҢ ТӘН?
1. Бронхтардың обструкциясы
2. Өкпе тінінің тығыздануы
3. Өкпе серпімділігінің төмендеуі
4. Плевра қуысында ауаның жиналуы
5. Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы

19. ӨКПЕ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫНДА ҚОСЫМША «ЖӨТЕЛДІРУ» ТӘСІЛІ КЕЛЕСІ БЕЛГІЛЕРДІ АЖЫРАТУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ (2 жауап)


1. плеврокардиалды шудан плевраның үйкеліс шуылын
2. плеврокардиалды шудан сықырды
3. ылғалды сырылдардан плевраның үйкеліс шуылын
4. құрғақ сырылдардан плевраның үйкеліс шуылын
5. сықырдан плевраның үйкеліс шуылын
6. ылғалды сырылдардан құрғақ сырылдарды

20. ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ ПАТОЛОГИЯСЫМЕН НАУҚАСТАРДА КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГЕ ШАҒЫМДАР (2 жауап)


1. кеудедегі ауырсыну сезімі
2. тәбеттің төмендеуі
3. жалпы әлсіздік
4. бас ауруы
5. температура
6. ентігу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет