Тестирование 1 (Раздел «Экология»)


ҚОӘБ принциптері мен процедуралары



бет19/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

ҚОӘБ принциптері мен процедуралары.

2006 жылға дейін қоршаған ортаға әсерін бағалауға (ҚОӘБ), Қоғамдық экологиялық сараптама (ҚЭС) және Мемлекеттік экологиялық сараптама (МЭС)/(Экологиялық шолу) қатысты қағидалар Экологиялық сараптама заңында қарастырылған болатын. Сәйкес қағида енді Экологиялық кодекске енгізілді. ҚОӘБ нормативті негізі ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылдың 28 маусымындағы № 207-p Бұйрығымен бекітілген «Жоспардан бұрынғы, жоспарлы, алдын-ала жобалық және жоба құжатын дайындау кезінде жоспарланған шаруашылық әрекетінің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу ретіне қатысты нұсқау» болып табылады. Ережелерде бес кезең анықталған: 1) Қоршаған орта жағдайына шолу жасау; 2) Алдын‑ала жасалған ҚОӘБ; 3) ҚОӘБ; 4) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі; және 5) Жобадан кейінгі сараптама.

ҚОӘБ алғашқы кезеңі «Қоршаған орта жағдайына шолу жасау» жоспарлан әрекет аумағындағы табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаның жалпы сипаттамасын, аумақты пайдаланудағы негізгі тенденциялар сараптамасын және ҚОӘБ басты ұстанымын анықтауды қамтиды. ҚОӘБ осы кезеңіндегі жұмыс негізінде техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭО), қолда бар материал, өзге арнайы әдебиет, жобаның сипаттамасы және т.б. кіреді. ҚОӘБ екінші кезеңі «Алдын-ала жасалған ҚОӘБ» (пред ОВОС) табиғи және әлеуметтік‑экономикалық ортаның құрамдас бөліктеріндегі ықтимал өзгерістер және олардың салдары анықталады. Үшінші кезең жобаны жүзеге асырудың немесе одан кейінгі шаруашылық және өзге әрекетті орындаудың ықтимал салдарының толық және кешенді сараптамасын қамтамасыз ету, баламалы нұсқалардың негіздемесін жасау және қоршаған ортаны басқару жоспарын (бағдарламасын) дайындау мақсатында әсерін бағалауды қамтиды. Төртінше кезеңде қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмауға қатысты техникалық шешімдерді қамтитын жұмыс нобайының құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі жасалады. Ең соңында, шаруашылық және өзге әрекетті орындаудың басталуынан бір жылдан кейін нысанның қоршаған орта үшін қауіпсіздігін растау және табиғатты қорғау шараларын түзету мақсатында жобадан кейінгі сараптама жүргізіледі. ҚОӘБ үдерісі барысында қарастырылуы тиіс ережелер мен процедуралар, сондай-ақ, барлық қажетті аспектілер Кодекстің 35-44 Баптарында сипатталған.

Экологиялық кодекстің 36-шы Бабына сай «қоршаған ортаға әсерін бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер ете алатын шаруашылық және өзге әрекеттің кез-келген түрі үшін міндетті болып табылады». Қоршаған ортаға әсерінің бағалауы орындалып жатқан шаруашылық және өзге әрекет бағасының маңыздылығы және толықтығы бойынша 4 санатқа бөлінеді - I, II, III, IV. Алғашқы екі санатқа өндірістік нысандардың санитарлық классификациясына сай 1 және 2 қауіптілік класстарына жататын әрекет түрлері, сонымен қатар, кеңінен таралған басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жатады. 3 және 4 санатқа қоршаған ортаға ықтимал әсері аз жобалар жатады. Жоба аясында ұсынылған шаралар, көп жағдайда, жоғарыда аталған санаттардың біреуіне де жатпайды және қандай да бір ЭБ процедураларының орындалуын талап етпейді. Оларды қауіпті қалдықтармен байланысты жағдайларда ғана IV санатқа жатқызуға болады.

Нормативтік талаптарға (ҚОӘБ зерттеруі және қорытындысы, қоғамдық тыңдаулар протоколы, рұқсаттар және өзге де қажетті құжаттар алуға өтініштер) қатысты шешім қабылдау кезінде қолданылатын барлық материалдар қоршаған орта саласындағы білікті органдар тарапынан «экологиялық сараптама» (ЭС) деп аталатын процедура аясында қарастырылуы тиіс. Ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлерді білікті органдар құжаттың сапасын тексереді, өз бағасын береді және екеуін де дайындаушыға қайтарады. Бағалау үдеріске қатысқан мемлекеттік органдар мен өзге тараптардың пікірі мен көзқарасын ескереді. ҚОӘБ процедурасы рұқсат алу процедурасына дейін жүреді, және дайындаушы рұқсат алу өтінішімен бірге ҚОӘБ есебін және білікті органның қорытындысын табыс етуі тиіс. ҚОӘБ процедурасы шамамен екі айға, МЭС – үш айға дейін созылады. Мемлекеттік органдар жүргізетін жобадан кейінгі сараптама міндетті болып табылады және бір жыл өткеннен кейін жүргізіледі. ЭС жүргізу, оның ішінде мекемелердің міндеттемелері, жоба және ЭБ зерттеулері бойынша жасалған құжаттарға қойылатын талаптар, туралы толық мәлімет 45-67 Баптарда қамтылған. Кодекс, сондай-ақ, барлық ҚОӘБ зерттеулерінің мемлекеттік сараптамадан өтуін де қарастырған. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алмастан шаруашылық және өзге байланысты жобаларды жүзеге асыруға немесе оларды банк немесе өзге қаржы мекемелерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жоба құжатына қатысты оң қорытындысы берілген күннен бастап, бес жыл аралығында жарамды болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет