Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі


Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі



бет9/14
Дата06.02.2022
өлшемі36,46 Kb.
#81131
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
тауекел

Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады.
Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже aлy мүмкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады.
Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
.Сипатталатын объект бойынша қаржылық тәуекелдің келесі түрлері шығарылады:
Жеке қаржылық операцияның тәуекелі. Ол белгілі бір қаржылық операцияға тән, қаржылық тәуекел түрлерінің бүкіл кешенің сипаттайды(мысалы, белгілі бір акцияны сатып алуға тән тәуекел);
Әртүрлі қаржылық іс-әрекеттің түрлеріне тән тәуекел (мысалы, кәсіпорынның инвестициялық және несиелік іс-әрекетінің тәуекелі);
Кәсіпорынының бүкіл қаржылық іс-әрекетінің тәуекелі. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетіне тән әртүрлі тәуекелдер
3.Зерттелетін құралдардың жиынтығы:
Дербес қаржылық тәуекел. Жеке қаржылық құралдарға тән жиынтық тәуекелді сипаттайды.
Портфелдік қаржылық тәуекел. Портфельге жинақталған кешенді, біртекті қаржылық инструменттерге тән (несиелік портфель, инвестициялық портфель) жиынтық тәуекелді сипаттайды.
4.Зерттелу кешені бойынша:
Жай қаржылық тәуекел. Жеке топшаларға бөлінбейтін қаржылық тәуекелдің түрін сипаттайды. Мысалға, инфляциялық тәуекелді алуға болады.
Күрделі қаржылық тәуекел. Қарастырылатын топшалар кешенінен тұратын қаржылық тәуекел. Мысалы болып, инвестициялық тәуекел табылады.
5.Пайда болу көзіне байланысты қаржылық тәуекелдің келесі түрлері бар:
Сыртқы, жүйелік немесе нарықтық тәуекел (барлық терминдер оны кәсіпорынның іс-әрекетіне байланыссыз тәуекел ретінде көрсетеді). Бұл тәуекел түрі қаржылық іс-әрекеттің барлық қатысушыларына және барлық қаржылық операция түрлеріне тән. Ол кәсіпорын өз іс-әрекеті арқылы әсер ете алмайтын, жеке экономикалық цикл сатылары, қаржылық нарықтың конюктурасы өзгерген кездегі жағдайларға тән. Тәуекелдің бұл группасына инфляциялық тәуекел, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел, салықтық тәуекел және жартылай инвестициялық тәуекелді жатқызуға болады.
Ішкі, жүйессіз немесе арнайы тәуекел (барлық терминдер оны жеке кәсіпорын іс-әрекетіне байланысты екендігін көрсетіп тұр). Ол сапасыз қаржылық менеджментпен, капиталдың актив пен пассивінің тиімсіз құрылымымен, тәуекелдік қаржылық операциялармен аса көп айналысуымен байланысты, бұл факторлардың салдарын қаржылық тәуекелді тиімді басқарумен болдырмауға болады.
Қаржылық тәуекелдерді жүйелік және жүйесіз деп бөлу тәуекелді басқару теориясының алдын- ала жағдайы.
6.Қаржылық салдар бойынша тәуекелдер мынандай топтарға бөлінеді:
Тек экономикалық шығындар әкелетін, тәуекел. Бұл тәуекел түрінде қаржылық салдар тек кері ғана болуы мүмкін;
Пайдадан айырылып қалу қаупін тудыратын, тәуекел. Ол кәсіпорын белгілі бір қалыптасқан субъективті және объективті жағадайлардан, жоспарлаған қаржылық операцияны іске асыра алмау жағдайы;
Экономикалық шығындармен қоса, қосымша табыс әкелетін тәуекел. Әдебиетте оны жиі «спекулятивті тәуекел» деп атайды, себебі ол агрессивті, спекулятивті операцияларды жасаумен байланысты. Бірақ бұл термин онша дұрыс емес, бұл тәуекел инвестициялық жобаны іске асырғанда есептелген табысы төмен, не жоғары болуы мүмкін. /7, 115 б/
7.Мерзім бойынша көріну сипатына қарай қаржылық тәуекелдің екі тобы бар:
Тұрақты қаржылық тәуекел. Ол қаржылық операцияларды асырғандағы бүкіл мерзімге тән болып, тұрақты факторлар қозғалысымен байланысты. Мысалы болып, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекет табылады;
Уақытша қаржылық тәуекел. Ол уақытша, қаржылық операцияларды іске асырғандағы жеке этаптарында пайда тәуекел. Мысалы болып, тиімді жұмыс жасап жатқан кәсіпорынның төлемқабілетсіздік тәуекелін алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет