Тәуелсіз Қазақстан
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.Осыган орай 2017 жылдың 15
желтоқсан күні Матай орта мектебінде Тəуелсіз Қазақстан атты мерекелік кешіміз аталып өтті .
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?Әрине жоқ. Осы сәтте
Тәуелсіздік құрбандарын еске алу 1 мин үнсіздік сақтау.
Мерекелік іс шара барысында «Желтоқсан желі» атты видеоролик және Қайрат Рыскулов туралы көрініс көрсетілді.
.
Достарыңызбен бөлісу: |