Тәуелсіз Қазақстанның жаңа буын оқулықтарының негізін қалаушылар



бет3/3
Дата28.09.2023
өлшемі412,25 Kb.
#182845
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
№3

Р.Сәтімбеков (20.05.1940 ж.-22.02.2017ж)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Биология саласы бойынша сапалы кадр дайындауда, тиісті оқулықтар жазуда көп еңбек сіңірді. Орта білім беретін мектептердің 7-8-9 және 11 сыныптарына арнаған биология пәні оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері, мұғалімдер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Қызықты биология», «Адам анатомиясы», «Қазақстандағы табиғи қорықтар және биоалуантүрлілік», «Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік», «Экология және Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» және т.б. оқу құралдары бар. Бұл оқулықтардың болашақ биологтарға көп көмек беретіні сөзсіз.

Осы уақыт аралығында «ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин атындағы және ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры» деген атақтармен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуы бар


Қабдірашид Қайым


1932 жылы Семей облысы, Ақсаут ауданы, Көкжара ауылында туылған. 1970-92 жылдары «Мектеп»Рауан» баспасында еңбек етті. Осы жылдары мұғалімдерге арналған әртүрлі әдістемелік және дидактикалык оқу құралдарын жазып шығарды. Мысалы: 1. Қызықты зоология. 2. Аяулы хайуанаттар. 3. Биология және техника 4. Балықтар әлемі 5. Жануартанудан танымдық ойындар 6. Зоология сабақтары т.б Қазақ Республикасы энциклопедиясының 3 томынан 12 томына дейін ҚР түрлі арнадағы мақалалары жарық көрді. «Жануартану» пәнінің авторлар құрамына енді. Ұлтжанды, отансүйгіштік сезімі жоғары азамат. «Қазақстан мектебі» журналы редакциясында еңбек еткен. Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озаты, «Баспасөз озаты» белгілердің иесі. Педагог журналист, биолог маман, сазгер, журналистер одағының мүшесі. «Өркенде, жалқы химия!»өлеңі мен әнін жазған Қабдірашид Қайым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет