Тәуелсіздік
Тәуелсіздік,
Қынабынан суырылған қылышым.
Сен Қайраттың үнісің,
Сен Мұхтардың жырысың,
Сен қазақтың абыройы, туысың.
Тәуелсіздік,
Томағасы сыпырылған қыраным.
Сенсің кәусәр бұлағым,
Қасиетті тұмарым,
Тіліп өткен желтоқсанның тұманын.
Тәуелсіздік,
Теңіздерден сүзіп алған асылым.
Естілмесін тасыр үн,
Шыңнан биік асуың,
Желтоқсанда толқындатқан ашуың.
Тәуелсіздік,
Қасиетті құндағым, еркіндігім.
Түрді де шер түндігін,
Бастардан серпілді мұң,
Әуелетіп шаттық боп шертілді үнім,
Таптай алар әдемі көркінді кім?
Уа, менің еркіндігім!
Достарыңызбен бөлісу: |