Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетіне студент қатарына қабылдауды сұрап ректордың атына Мұстафа Шоқайдың жазған өтініші. Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ре
Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетіне студент қатарына қабылдауды сұрап ректордың атына Мұстафа Шоқайдың жазған өтініші. Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей. Қыркүйек, 2009 жыл.

Мұстафа Шоқайға «1913-1914 оқу жылдары Санкт-Петербургтің Императорлық университетіне кіру үшін» берілген студенттік билет. Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат, Санкт-Петербург, Ресей. Қыркүйек, 2009 жыл.

Меңгерген тілдері:
Қазақ
Орыс
Түрік
Ағылшын
Француз
Неміс
Поляк
Өзбек
Еңбектері:
«Түркістан Советтердің үстемдігі астында», 2 томдық «таңдамалылары»,
«Түркістандағы төңкеріс. Ақпан дәуірі»
«Орта Азиядағы ұлттық қозғалыс» ,т.б.
Кавказ елдерінің, Түркияның және Батыс Еуропаның газеттерінде түрік, француз, ағылшын, неміс тілдерінде жарияланған Шоқайдың толып жатқан мақаласы әлі күнге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылған жоқ.
Өлім.Өмір
Мұстафаның өлімі туралы түрлі-түрлі пікір бар. Әркім әрқалай айтады. Біреулер Сталин өлтірді дейді, біреулер Гитлер өлтірді дейді. Қайраткер 1941 жылы
27 желтоқсанда Берлиндегі «Виктория» ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмады. Оған біреу у беріп, улап өлтірді деген де болжам бар. Кейбір тарихшылардың айтуынша, Мұстафа Шоқай сүзек дертінен көз жұмған. Мәйіті қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді.
Мұстафаның аз ғана тірлігі, бар ғұмыры болашаққа арналған. Сондықтан Мұстафа ауруханада өлген күні Мұстафаның үлкен болашағы басталды.