47
қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа
жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін
өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты
арттырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді.
Жаңа әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа
жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек.
Өзім
қолданып
жүрген
«Сын
тұрғысынан
ойлауды
дамыту»
бағдарламасына тоқталсам, бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы,
ойлануды қажет ететіндей беріледі. Оқушы сондай сұраққа өз ойын, өз пікірін
білдіре жауап беруге дағдыланады. Жаңа материалдарды талдауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз
бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан
тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу
қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлаудың нәтижелері:
1) әдістердің көптүрлілігі;
2) белсенді практикалық іс-әрекетте болу;
3) басқалармен қарым-қатынас жасай білу;
4) басқаларды тыңдай білу;
5) қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
6) топтық тұжырымдарға келе білу;
7) топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу, қорғау;
Осының бәрі өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлауіскерлігін,
кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыларға айналдыруын қалыптастырады.
Бағдарлама үш деңгейден тұрады:
1) қызығушылықты ояту;
2) мағынаны тану;
3) ой толғаныс.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін
мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Кез келген өтілетін тақырыптың атын,
затын түсінуінен бастаймын. Мысалы: сөздің синонимін табу, қимылмен
көрсету. Бұл процесс бойынша, бұл туралы оқушы не біледі, не айта
алатындығынан бастаймын. Осы кезеңде «Топтау», «Ойлану», «Болжау» т.б.
әдістер бар.
Достарыңызбен бөлісу: