«Тәуелсіздік күні» ертеңгілік


-Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!



бет2/2
Дата29.06.2020
өлшемі22,03 Kb.
#74658
1   2
Байланысты:
16 желтоқсан

-Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 

«Жауқазын» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. 
Балалар ән ырғағымен залға кіреді. 
Әнұран айтылады. 
Сәлемдесу рәсімі 

Тәрбиеші сөзі: 


Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. 

-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін. 


Тәрбиеші сөзі: 
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 


16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 

- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. 


Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. 
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, 
Қайрат аға рухыңа мен иілем. 
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, 
Әділ жанның қазасына күйінем. 
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар. 

КӨРІНІС 


Тәрбиеші сөзі: 
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 
Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жуған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 


Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады) 
Тәрбиеші сөзі: 
-Енді бір ойын ойнап жіберейік. 
Ойын: «Күш сынасу» 
Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін. 
Би: «Қара жорға» 
Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру 
«Болса екен қазақ баласы» 
Ертеңі өсіп елімнің 
Сабырлысы болса екен 
Ар-ұятты айбатты 
Азулысы болса екен 
Батыл, берік орнықты 
Байсалдысы болса екен 
Алғыр, зерек, мейрімді 
Ақылдысы болса екен 
Тапқыр, шешен талапты 
Өнерлісі болса екен 
Ойшыл, өткір, дарынды 
Білімдісі болса екен 
Сергек, іскер, сезімтал 
Саналысы болса екен 
Парасатты намысты 
Отаншылы болса екен 
Болса екен қазақ баласы 
Ел ішінде өсетін 
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін 
Ізгіліккке леп едім 
Жақсылыққа сеп едім 
Тәуелсіз елдің ертеңін 
Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін. 
Олай болса балалар, «Отан» әнін бірге тамашалайық 
Ән: «Отан» 
Тақпақтар 
Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік 

Әр қазақтың есінде сақталады 


Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 

Он алтыншы желтоқсан 


Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

Көк аспанда тулардың 


Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 


Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

Дүбірлетсін өңірді 


Дүбірлесін дүлділі. 
Қазақ деген елімнің 
Құтты болсын бұл - күні!


Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.
Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!
Осымен «ЖАУҚАЗЫН» тобының дайындаған «Тәуелсіздік күні» атты ертеңгілігіміз аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет