«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ АТҚАН КҮН»
10.12.2021ж күні информатика кафедрасының оқытушысы Зухра Максимқызы ИС-11, ВТиПО-11, Ис/у-13 топ студенттеріне «Тәуелсіздік таңы атқан күн» атты ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат студенттердің өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлттық сананы бойына сіңіріп оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып ел арасында сақталып келе жатқан халық мұрасы бойынша студенттерді имандылыққа, қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу, адамгершілік сезімін арттыруға, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, әділеттілікке, ел мен жердің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу мақсатын көздеді.
Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені баршамызға белгілі. Тәуелсіздік бізге желтоқсанның екпінімен келді. Осы орайда топ студенттері желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев және Сәбира Мұхамеджанова туралы мәліметтермен бөліссе, тәуелсіздікке арналған өлең жолдарын Рахым Рысгүл, Қайырболат Асыл-Ай, Қазеке Нұрболат мәнерлеп оқыды. Содан кейін студенттер топ кураторы тарапынан қойылған сұрақтарға мүлтіксіз жауап беріп тәуелсіздік тақырыбының мәнін аша түсті. Сонымен қатар «Тәуелсіздікке апарған жол», «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында бейнебаян ұсынылды. Аға куратор Бұлбұл Сағынғалиқызы өз сөзінде кураторлық сағаттың жоғары деңгейде өткізілгендігін айтвп өтті. Зухра Максимқызы да студенттерге алғысын айтып, елін, жерін сүйер азаматтарымыз көп болсын деген ниетпен сөзін аяқтады. Кураторлық сағат “Көк тудың желбірегені" әнімен аяқталды.
«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының
Ис/у-13 тобының студенті Рахым Рысгүл
Достарыңызбен бөлісу: |