Еңбек нарығын жаңғыртудың келесі бағыты жұмыс күшінің бір саладан екіншісіне ауысуын басқару болса, үшіншісі – үйлесімді көші-қон саясатын ұйымдастыру.
Министрлік әлеуметтік қызмет көрсетуді жаңғырту аясында әсіресе, өмірдің қиындығына тап болған, тағдырлы азаматтарға ерекше көңіл бөліп отыр. Айталық, мұндай топқа жататын азаматтар қызмет көрсету ұйымын таңдау мүмкіндігіне ие болды, ал әлеуметтік қызметтердің тегін көлемін алуға құқы жоқ тұлғалар үшін қоса қаржыландыру тәсілдері пайда болды. Мысалы, бұрын өзін-өзі күте алмайтын жандар, адам саудасы мен зорлық-зомбылық құрбандары, белгілі бір тұрағы жоқ адамдар, арнаулы интернат-үйлерге жіберілетін еді. Енді олардың күтімімен үкіметтік емес ұйымдар айналысады. Бүгінде 106 үкіметтік емес ұйым 6 мыңнан астам адамды қамқорлығына алды. Егер мұндай әлеуметтік көмек түрі болмаса, мемлекет қолданыстағыдан бөлек, тағы 60 интернат үйін салуға мәжбүр болар еді.
Ендігі бір мәселе, азаматтық қоғам ұйымдары көбіне қалаларда жұмыс істейді. Олардың қызметін кеңейте түсу мақсатында жеке секторды осы салаға тартып, қызметтер тарифі мен стандарттар қайта қарастырылмақ. Осылайша, нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп, жұртшылыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруды көздеп отырмыз.
– Рухани жаңғыру аясында Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асырып, тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, ерен еңбегімен көзге түскен тұлғалардың өмірбаяндарын өзгелерге үлгі ету жөнінде тапсырма берді. Осыған байланысты сіздердің де қолға алған тың бастамаларыңыз бар деп естідік...
– Әлбетте, бұған дейін қалтарыста қалып келген 100 жаңа есімді анықтау – барлығымызға ортақ жоба. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірге құштар, ерекше ерік-жігерімен елдің сүйіспеншілігіне бөленген 5 үміткерді таңдап, арнайы құрылған комиссияның қарауына жіберді. Мысалы, сондай кейіпкеріміздің бірі – министрлік ұйымдастырған үздік әлеуметтік жобалар байқауының жүлдегері Елдос Баялышбаев. Оның тағдыры өзгеге өнеге боларлық. Елдос жол апатына түсіп, мойын омыртқасын зақымдап, арбаға таңылып қалған еді. Бірақ аяқ астынан болған ауыр апат Елдостың дене бітіміне зиян келтірсе де өр рухы мен жігерін жасыта алған жоқ. Ол қиындыққа қасқая қарсы тұрып, күндіз-түні еңбектенгеннің арқасында аяғынан тік тұрды
Достарыңызбен бөлісу: |